МұхаММед (с а л л а л л а һ у а л ә й һ и у ә с әл л ә м ) 3 Аударған: Ғалымбек Тобашев



Pdf көрінісі
бет16/155
Дата16.11.2022
өлшемі1,98 Mb.
#50491
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   155
Үкімнің орындалуы
Үкім беріліп, орындалатын уақыт та келіп 
жетті. Үкім орындалатын күн Зулхиджа айының 
бейсенбісіне дөп келді. Тұтқынның бәрі Мәдинаға 
әкелінді. Қару ұстауға жарайтын еркек кіндіктінің 
бәрін Усама ибн Зайд алып келсе, әйелдер мен бала-
шағаларды Рамлә бинти Харис жеткізді. Қару-жарақ 
және өзге де мүліктерді Бинти Харистің үйіне жинап, 
малдарын сол маңайдағы ағашқа байлады.
Бұл арада ел-жұрт Аллаһ елшісінің 
(саллаллаһу аләйһи 
уә сәлләм) 
әділдігі мен қайырымдылығына тағы бір рет 
куә болды. Алдымен тұтқындардың бәрін жақсылап 
жайғастырған соң бәріне дорба-дорба құрма үлестірді. 
Көп ұзамай-ақ күн қатты ыси бастады. Аллаһ 
елшісі 
(саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) 
әдеттегідей сахабаларына 
тұтқындарға жақсы қарауды, ешкімді ұрып-соқпауды 
тапсырды.
Мәселені бір өзі ғана шешетін болғанда, бәрін де 
кешіріп, босатып жіберер еді. Бірақ, мәселе көпшіліктің 
алдында шешілген соң амал не?! Өйткені, көпшіліктің 
қалауында Аллаһтың да үлесі бар. Бұл мәселеге жеке 
көзқараспен килігу бұрыс болар еді. Көпшілікке 
зиянын тигізіп, жазықсыз жандардың қанын мойнына 
жүктегендерді бір мезгіл осылай жазалаудың да пай-
дасы мол болмақ. Өйткені, мұндай жағдай өзгелерге 
сабақ болары анық. Бұл өз кезегінде жазықсыз жапа 
шеккендердің есесін қайтару немесе әділеттілік 
салтанатының бір көрінісі деуге келеді.
Осыдан кейін Бәни Құрайза қауымының жазаға 
кесілген мүшелері біртіндеп ортаға шақырылып, 
жендеттің алдына келтірілді. Бәни Құрайзалықтар 
қатарларының азая бастағанын көріп басшылары Кағб 
ибн Әсәдқа:


37
Хандәк соғысы 
– Уа, Кағб! Мұхаммед бізге не істейді? – деп 
сұрады.
Кағб терең күрсініп оларға шарасыздықпен жауап 
қатты:
– Әрине, ол сендерге қатал жаза қолданады! Бұл 
сендерге лайықты жаза деп ойлаймын! Не деген ақымақ 
едіңдер! Айтылған сөз, жасалған іс-әрекетті енді жоққа 
шығара алмайсыңдар! Бізге қолданатын жаза тек – 
өлім! Мен сендерді бас иіп мойынсұнуға шақырдым. 
Бірақ сендер ат-тондарыңды ала қаштыңдар! Енді 
қолмен істегенді мойынмен көтеретін кез келді!
– Енді бақырып-шақыру мен өкініштен өртенудің 
еш пайдасы жоқ! Басында сенің айтқаныңмен 
жүргенімізде Мұхамметпен жасалған келісімшартты 
да бұзбайтын едік! 
Бұлардың әңгімесіне куә болған Хубәй ибн Ахтаб 
былай деді:
– Бір-біріңді айыптап, өзара сөз таластыруды 
доғарыңдар! Болар іс болды, енді уақытты кері қайтара 
алмайсыңдар. Өткенге өкінгеннің пайдасы жоқ! Ең 
бастысы, өлімді қасқая қарсы алуға тырысыңдар!
Түс мезгілінде Аллаһ елшісінің 
(саллаллаһу аләйһи 
уә сәлләм) 
мейірімділігі тағы бір мәрте көрініс тапты. 
Ол тұтқындардың демалуына жағдай жасатты. 
Пайғамбарымыз 
(саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) 
тағы да саха-
баларына өлім жазасына бұйырылғандардан бөлек 
тұтқындарға тізе батырмаңдар деп ескертті. Ол:
– Тұтқындарды күннің ыстығында қалдырып, 
қинамаңдар. Оларды онсыз да қылыштың жазасы 
күтіп тұр, – деді. 
Пайғамбарымыздың 
(саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) 
айтқанын 
екі етпейтін сахабалар тұтқындарды күн астынан 


38
Жүрек төрінен орын алған теңдессіз тұлға Мұхаммед (с.а.с.)
көлеңкеге алып, дәрет қысқандарын түзге шығарып, 
ашыққандарына нәр таттырды. 
Аллаһ елшісі 
(саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) 
тұтқындарды 
аралап келіп, Кағб ибн Әсәдтың қасына келді. Оған 
қарап:
– Кағб! – деді. Бұл сөз шын көңілден шыққан жүрек 
тебірентерлік сөз болатын. Аллаһ пен елшісіне қарсы 
шыққанның жазаланатыны сөзсіз. Бірақ өлім алдында 
тұрған тұтқындарға сәл де болса, мейіріммен қарап, 
шыбын жаны шыққалы тұрған уақытта қинамауды жөн 
көрді. Кағб та мұны жақсы түсінетін. Аллаһ елшісіне 
(саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) 
қарап:
– Иә, сені тыңдап тұрмын, – деді.
– Ибн Жәубаштың ұсынысына неге құлақ 
аспадыңдар? – деп сұрады. – «Өйткені, ол маған 
мойынсұнып, өзгелерге де осы жолға түсуді насихат-
тап жүр. Барған жерінде кездескен кісілер арқылы 
маған сәлем айтуды ұнатпайды!» 
Кағб әрине мойындады. Өйткені, Аллаһ елшісі 
(саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) 
айтқан сөздің бәрі шындық болатын! 
Тіпті, өз қауымына Ибн Жәубаштың сөзін айтқанда, 
көпшілік табандап қарсы шыққан еді. Дәл сол күнгідей 
қазір де Кағбтың мойнында ауыр жүк тұр. Шарасыз 
үнмен соңғы сөзін айтты:
– Тәуратпен ант етемін! Айтқаныңның бәрі де 
дұрыс! Яһудилердің мені қылышыңнан қорқып, 
саған мойынсұнып жатыр деген айыптауынан 
қорықпағанымда мен де саған келіп қосылар едім. 
Бірақ мен яһуди дінінің өкілі болып қала бердім!
Опасыздықтың шынайы үлгісін көрсеткен бұл 
адамдарды жазалау шарасы кеш батқанға дейін 
жалғасын тапты. Сағд ибн Муғаз опасыздардың жаза-


39
Хандәк соғысы 
лануын өз көзімен көріп, үкімнің орындалуына көңілі 
толып отырды. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   155




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет