МұхаММед (с а л л а л л а һ у а л ә й һ и у ә с әл л ә м ) 3 Аударған: Ғалымбек Тобашев



Pdf көрінісі
бет14/155
Дата16.11.2022
өлшемі1,98 Mb.
#50491
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   155
Байланысты:
Жүрек төрінен орын алған 3 том

Сағд ибн Мұғаздың төрелігі
Бәни Құрайза үшін қоршауда әрбір сәт өткені 
өздеріне кесір болып тиіп жатты. Ата-бабаларымыздың 


30
Жүрек төрінен орын алған теңдессіз тұлға Мұхаммед (с.а.с.)
өздеріне әмір етілген бұзауды құрбан етпеу үшін ойға 
келмейтін небір сылтауларды алға тартқандарындай, 
бұлар да әртүрлі сылтау айтып бақты. Бірақ оның 
жағдайды ауырлатқаннан басқа ешбір пайдасы тимеді. 
Олар үшін жолдың барлығы жабылды, соңында 
Расулаллаһтың үкіміне разы болғандарын білдіріп, 
берілуге мәжбүр болды. Тұтқындарды жинап, 
реттестіру Мұхаммед ибн Мәсләмаға тапсырылды. 
Әйел, бала-шағаларға бас-көз болу міндеті Ислам-
ды қабылдаған яһуди ғалымы Абдуллаһ ибн Сәләмға 
жүктелді. 
Қорғандарынан мың бес жүз қылыш, үш жүз 
сауыт, екі мың найза, мың бес жүз қалқан мен басқа 
да көптеген қару-жарақ шықты. Бұлардың барлығы хақ 
дінге қарсы тұруға дайындалғандарының бір айғағы 
болатын. Бұлардың барлығы да Расулаллаһқа қарсы 
тұру үшін әзірленген еді. Бұдан бөлек, саны аз болса да 
біраз түйе, біршама қой да бар еді. Бұлардың барлығы 
тәркіленді. 
Бұған қоса, қорғаннан көп мөлшерде ыдыс-аяқ әрі 
бөшкелерге құйылған әртүрлі арақ-шарап та шықты. 
Расулаллаһтың бұйрығымен бұлардың барлығы да 
аулаққа апарып төгілді.
Әлі тұтқындарға қатысты нақты үкім шықпаған 
еді. Алайда елдің бәрі Бәни Құрайзаны өлім жазасы-
на кесуге әбден лайық десіп, Расулаллаһтың осындай 
үкім беретінін күтті. Сол себепті атам заманнан Бәни 
Құрайзаның одақтасы болып келген Әустіктер уайым 
жеп Расулаллаһтың алдына бас сұқты. 
– Уа, расулаллаһ! – десті, – Бұлар Хазраждың 
емес, біздің одақтастарымыз еді. Күні кешеге дейін 
Ибн Үбәйдің одақтасы болған Бәни Қайнұқаға жасаған 
рақымшылығыңды жақсы білеміз. Олардың төрт 


31
Хандәк соғысы 
жүзі сауытты жеті жүз кісісіне кешірім бердің. Енді 
біздің бұл одақтастарымыз да келісімді бұзғандарына 
қатты өкініп жатыр. Біздің көңіліміз үшін бұларды да 
кешірсеңіз. 
Ардақты расул үнсіз қалпын сақтап ләм-
мим деп жауап қатпады. Шамамен Әустіктердің 
барлығы алдына келіп, Бәни Құрайзаға да кешірім 
етуін өтінуде. Әлемге ізгілікті жаятын жамағатта 
бұндай солқылдақтықтың болмауы керек еді. 
Алайда кейінгілерге үлгі болуы тұрғысынан осын-
дай жағдайлар кездескенде, Расулаллаһтың қандай 
ұстанымда болатынын білдіру маңызды. Сол себепті, 
Аллаһ расулы 
(саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) 
оларға қарап: 
– Олар туралы үкім кесу құзыретін араларыңдағы 
біреуге берсем қалай қарайсыңдар? – деді. 
Жиналған жұрт енді кең тыныс алды. Демек, 
сонша уайымдайтындай еш нәрсе жоқ болғаны. Аллаһ 
елшісі 
(саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) 
ежелгі одақтастары Бәни 
Құрайза жайлы берілетін үкімді өздеріне тапсырды. 
Сол себепті, дереу: – Иә, – десті. Пайғамбарлар төресі:
– Ендеше, сахабаларымның арасынан қалағандар-
ыңды таңдаңдар
11
, – деді. 
Олар бір-біріне қуана қарасты. Бір-бірін айтпай-
ақ көзбен ұғысты. Көп өтпей бәрі басшылары 
болған Сағд ибн Муғазды таңдағандықтарын айтты. 
Пайғамбарымыз 
(саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) 
да уәде бергеніндей 
осы шешімге разылық танытты. 
Бұл уақытта Сағд ибн Муғаз Хандақта алған 
жарақаты себепті Қуайба бинт Суайдтың қосынын-
11
Басқа бір деректе Сағд ибн Муғазды Пайғамбарымыздың өзі таңдағаны 
айтылады. Ибн Хишам, Сира, 4/198; Табари, Тарих, 2/100. 


32
Жүрек төрінен орын алған теңдессіз тұлға Мұхаммед (с.а.с.)
да
12
ем қабылдап жатыр еді. Әлгі байламнан кейін 
Әуістіктер асыға мешітті бетке алды. Сағдтың өздігінен 
тұратындай дәрмені қалмағаны көрініп-ақ тұр. 
Тіпті, өмірі қыл үстінде тұрды деуге болады. Алайда 
Әуістіктер оны арбаға жатқызып, Пайғамбарымыздың 
(саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) 
қасына жеткізуге тырысты. Жолай 
Сағдтың бетіне үңіліп былай десті:
– Уа, Әбу Әмір! Аллаһ елшісі 
(саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) 
одақтастарымыз жайлы үкім беруді саған тапсыр-
ды. Ибн Убәйдің одақтастарына қатысты қандай 
ұстанымда болғанын өзің жақсы білесің. Сондықтан 
оларға байланысты сенің де әділетті әрі лайықты 
шешім шығаратыныңа сенеміз, – деді. Шынту-
айтында, ғасырлар бойы бітіспес ата жауларына 
айналған Хазраждықтардың одақтастарына қатысты 
қандай көзқараста болғаны мен қазіргі қалыптасқан 
жағдайдың жөні бөлек еді. Бірақ Бәни Құрайзаның 
жағдайы Бәни Нәдір мен Бәни Қайнуқаның басына 
келген жағдайға қатты ұқсас. Бұлардың ұқсастықтары 
мұсылмандарға қарсы шығуларында ғана емес. Олар 
әлі күнге өміршеңдігін сақтап келген қауымдық 
мүддені бәрінен жоғары қоятын. Бұл өз кезегінде үлкен 
текетірестің себебіне айналды. 
Бірақ бұған қарамастан Сағд үндемеді. Шын 
мәнісінде, оның сөйлеуге де мұршасы жоқ еді. Бұл 
жағдай Әуістіктерді алаңдата бастады. Қауымының 
12
Хазірет Қуайба (р.а.) шашыраңқы отбасыларды жинайтын, ешкімі 
жоқтарға көмектесетін, мұқтаж жандарға қол ұшын беретін сахаба 
әйел еді. Жаралыларға да қарайтын. Аллаһ расулы 
(саллаллаһу аләйһи 
уә сәлләм) 
сол үшін мешітте шатыр тіккізіп, жараланғандарды сонда 
емдеуін құп көрді. Бір жағынан Расулаллаһ 
(саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) 
Сағыд ибн Муғаз секілді дін жолында жарақаттанған сахабасының жиі 
қалын сұрап тұру үшін жанында ұстағысы келген. Ибн Сағд, Табақат, 
8/291; Уақиди, Мағази, 1/510, 525; Ибн Хажар, әл-Исаба, 8/94 (11682). 


33


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   155




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет