МұхаММед (с а л л а л л а һ у а л ә й һ и у ә с әл л ә м ) 3 Аударған: Ғалымбек Тобашев



Pdf көрінісі
бет15/155
Дата16.11.2022
өлшемі1,98 Mb.
#50491
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   155
Байланысты:
Жүрек төрінен орын алған 3 том

Хандәк соғысы 
қалауы осы болғанына қарамастан Сағд іштей нақты 
байламға келді. Көп өтпестен Сағд оларға қарап:
– Енді Сағд жылағанның көз жасына қарамайды! – 
деді. Бұл сөзді естіген Даххак ибн Халифа:
– Уа, Аллаһ тағалам! Бұл қауымның басына 
түскенді ешкімге бере көрме! – деп ағыл-тегіл 
жылап жіберді. Енді Сағдтың райынан қайтпайтыны 
анық. Оған көпшіліктің көзі жетті. Өйткені, ол екі 
сөйлемейтін кісі болатын. Даххақ жүгіргеннен жүгіріп 
отырып қауымына барып, Бәни Құрайзалықтар тап бо-
латын қасірет жайлы аянышпен айта бастады.
Сағд ибн Муғаз өзінің бір топ серіктерімен Аллаһ 
елшісінің 
(саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) 
қасына таяп келгенде 
Пайғамбарымыз 
(саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) 
сахабаларға қарап 
былай деді:
– Қанекей, аса құрметті досымызды қарсы 
алайық! Сахабалар орындарынан тұрып екі сап болып 
қатарласа тұра қалды. Жиылған көпшілік Сағд ибн 
Муғаз Пайғамбарымыздың 
(саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) 
қасына 
келгенге дейін «қош келдің!» деп дауыстап қарсы алды.
Сағд өзіне таяп келгенде, Расулаллаһ 
(саллаллаһу аләйһи уә 
сәлләм) 
оған:
– Ал, Аллаһтың сүйікті құлы! Бәни Құрайза 
қауымына қатысты үкіміңді бер! – деді. Осы кезде 
Сағд:
– Үкім беруге лайықты тек Жаратушы Аллаһ 
тағала мен елшісі, – деп жауап берді. Пайғамбарымыз 
(саллаллаһу аләйһи уә сәлләм)
:
– Бұл қауымға сенің үкім беруіңді Аллаһ 
тағаланың өзі бұйырды. Сондықтан бұл үкімді Жа-
ратушы иеміздің өзі қостайды. Бұл менің саған 
деген ризашылығым ғана емес, Аллаһ тағаланың да 
разылығына бөленгенің деп білемін. Сен бұл әмірге 


34
Жүрек төрінен орын алған теңдессіз тұлға Мұхаммед (с.а.с.)
мойынсұнып, ең әділетті деп тапқан үкіміңді беруге 
тиіссің! – деді. 
Жан-жақтан қаумалаған Әуістіктер:
– Уа, Әба Әмір! Аллаһ елшісі 
(саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) 
одақтастарымызға қатысты үкімді бір өзіңе тапсырды. 
Сондықтан әділетті шешім шығаруың қажет. Олардың 
кезінде сен үшін қандай қиындықтарға төтеп беріп, 
небір тәуекелдерге барғанын ұмытпа! – деп шулап 
жатты. Сағд оларға қарап:
– Менің Бәни Құрайза қауымына беретін үкіміме 
разы боласыңдар ма? – деп сұрады. Ол бұл сөзі арқылы 
шығарылған шешімнен соң дау-дамай тумауын ойла-
стырды. Қаумалаған көпшілік дауыстап:
– Әрине! – десті. – Үкіміңе разымыз! Өйткені 
біз Бәни Қайнуқа өз одақтастарына қандай шешім 
шығарса, сенің де бұларға дәл сондай шешім 
шығаратыныңа сеніп, өзіңді ғана таңдадық! Бүгін 
сенің кесімді шешім шығарғаныңды қалаймыз. Сенің 
осы бір сөзіңе мұқтажбыз. Біз бүгін сенен алабөтен 
жақсылықты күтеміз! – десті.
Ендігі сәтте барлығы Сағдтың аузына қарап, 
беретін үкімін қас қақпай күтіп тұрды. Сағд ибн Муғаз 
терең ойға батты. Бір кезде көпшілікке қарап былай 
деді:
– Сендердің игіліктерің үшін қолымнан келгеннің 
бәрін істеймін! 
Сағд ибн Муғаздың бұл сөзі мен бергелі тұрған 
үкімі халықтың көкейінен шыға ма? Тағатсызданған 
көпшілік тағы да:
– Бұл сөзіңді қалай түсінуге болады? – деді. Сағд 
оларға:


35
Хандәк соғысы 
– Қазір айтқалы тұрған үкімді тек менің үкімім 
деп қабылдайсыңдар ма? Егер мақұл десеңдер, соған 
уәде беріңдер! – деп жауап берді. Көпшілік:
– Иә, Аллаһтың атымен ант етеміз, – деді. Сағд 
үшін осы уәде жеткілікті еді. Өйткені, осылайша 
өлердегі сөзін айтқан олар уәжінен бас тарта алмай-
ды. Осылай ойлаған ол Аллаһ елшісі 
(саллаллаһу аләйһи 
уә сәлләм) 
тұрған топқа қарай бет алды. Қысылғаннан 
пайғамбарымыздың 
(саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) 
жүзіне тіктеп 
қарай алмады. Көпшілікке қарап:
– Менің үкімімді сендердің де разылықпен 
қабылдауларыңа көзімді жеткізгім келеді! – деді.
Көпшілік бірауыздан:
– Әрине, сенің үкіміңе барлығымыз қосыламыз, – 
десті. Ендігі кезек көпшілік тағатсыздана күткен үкімді 
айтуға келген болатын. Сағд әр сөзін шегелеп өз үкімін 
жариялады:
– Мен олардың балиғатқа толған ер кісілерінің 
түгелдей өлім жазасына кесілуін, әйелдері мен бала-
шағаларының құлдыққа салынуын, үй-мүліктерінің 
тек Мұхажырларға үлестірілуін, өзге мал-дүниелерінің 
мұсылмандарға үлестірілсін деп үкім етемін!
Сағд ибн Муғаз еш мүдірместен үкімін айтып, өз 
ұстанымын білдірді. Аллаһ елшісі 
(саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) 
оған жақындай келіп:
– Бұлар үшін сен Жаратқан иеміздің үкімін 
айттың! – деді. Өйткені, сол түні «сәресі уақытында» 
көктен періште түсіп Бәни Құрайза қауымының 
қандай жазаға лайықты екенін жеткізген болатын. 
Бұл шешім өз кезегінде Аллаһтың қалауымен 
болды. Сағд ибн Муғаз сол түні Аллаһ тағаладан 
Құрайза қауымына қатысты үкім орындалғанша 
жанын алмауын тілеп, жалбарынумен болды. 


36
Жүрек төрінен орын алған теңдессіз тұлға Мұхаммед (с.а.с.)


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   155




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет