МұхаММед (с а л л а л л а һ у а л ә й һ и у ә с әл л ә м ) 3 Аударған: Ғалымбек Тобашев



Pdf көрінісі
бет18/155
Дата16.11.2022
өлшемі1,98 Mb.
#50491
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   155
Жүрек төрінен орын алған теңдессіз тұлға Мұхаммед (с.а.с.)
байқала қоймады. Ол күңіренген үнмен былай деп тіл 
қатты:
– Уа, Сәбит! Сен өзіңе жасаған жақсылығымды 
толықтай қайтардың! Сондықтан менің алдымда 
тазасың! Бірақ көз тоймас келбеті бар, қыз біткеннің 
көз жауын алған Кағбтың тағдыры не болды?
– Ол өлім жазасына кесілді! – деп жауап берді. 
Мұндай жауап алатынын Зәбір де топшылап тұрған 
еді. Сондықтан айтатыны басқа мәселе болатын. Ол 
енді Бәни Кағб пен Бәни Әмір жайлы:
– Жарайды. Ал ана атақты екі кісіге қандай үкім 
берілді? – деп сұрады. Сәбит:
– Олар да өлім жазасына кесілді, – деді. Мұны 
естіген Зәбір ашылып сөйлей бастады. Ол:
– Уа, Сәбит! Бұлар жоқ болса мен үшін өмір 
сүргеннің қажеті қанша? Мен де өз еркіммен олардың 
жолын таңдаймын. Бірақ сен менің бала-шағам мен 
әйеліме бас-көз болғайсың. Олар өлімнен қатты 
қорқуда. Сондықтан да Пайғамбарға 
(саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) 
барып айт. Оларды азат етіп, мал-мүлкімді берсін! – 
деді. 
Сәбит енді шындап ойлана бастады. Жаны ашып, 
құтқаруға тырысқан адамы бұл ойлағандай өмірді 
қалап тұрған жоқ. Енді амал жоқ айтылғанды жасауға 
тура келді. Аллаһ елшісінің 
(саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) 
алдына 
барып болған жайды айтты. Зәбірдің бала-шағасы мен 
әйелін босатып, мал-мүлкін өздеріне қайтарып берді. 
Зәбірдің тілегі орындалып, енді соңғы сөзін 
тыңдауға кезек келді. Ол өзін ертерек өлтірілуін тілеп, 
былай деді: 
– Уа, Сәбит! Енді саған айтар соңғы тілегім бар! 
Мені өз қауымыма ертерек жеткіз. Сол жерде өзімнің 


43
Хандәк соғысы 
таныстарыммен, достарыммен қауышайын! Мен бұл 
сәтті тағатсыздана күтудемін! – деді. 
Сәбит оны құтқару үшін жанын салды. Мұнысы 
жемісті де болды. Пайғамбарымыздың 
(саллаллаһу аләйһи уә 
сәлләм) 
нұсқауымен ол азат етілді. Бірақ ол бәрібір өлімді 
таңдап отыр. Тек таңдап қана қоймай өзін Сәбиттің 
өлтіруін қалап отыр. Сәбит ашуланып:
– Мен сені өлтіре алмаймын! – деді. Бірақ көзіне 
қан толған Зәбір бастырмалата жөнелді:
– Жарайды! 
Мені 
кімнің 
өлтіретіні 
қызықтырмайды!
Әйелдер мен бала-шағалардың бәрін қосқанда 
шамамен мыңға тарта тұтқын бар еді. Бірінші еш 
кінәсі жоқтар және кінәсі болса да өз кінәсін мойын-
дап кешірім сұрағандар азаттыққа қауышты. Әбуш-
Шаһм сияқты бай яһудилер өзінің туған-туыстары мен 
жақындарын дүниені үйіп-төгіп, құн төлеу арқылы 
құтқарып қалды
15
.
Аллаһ елшісі 
(саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) 
қалған 
тұтқындарды бес бөлікке бөлді. Аятта көрсетілгендей 
бестен бірін өзіне алғаннан кейін, қалған бөлігін 
сахабаларға бөліп бере бастады. Өзіне тиесілі кісілер-
дің басына бостандық берді немесе өзге біреуге табы-
стады. Бұлардың ішінде қызметші болсын деген ниет-
пен сахабаларға сыйға берілгендері де болды
16
.
15
Әбуш-Шаһм 50 динар беріп құтқарған кісілердің арасында иудайзм 
дініне құлай берілген екі әйел де бар болатын. Қараңыз: Уақиди, 
Мағази 1/523; Салихи, Сүбулүл-хүда уәр-Рәшад 5/16
16
Аллаһ елшісі 
(саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) 
тұтқындардың бір бөлігін Сағд 
ибн Убада мен Шамға, қалған бір бөлігін Сағд ибн Зейд пен Нәжідке 
бергендігі, олар мұның қайтарымы ретінде соғысқа қажетті қару-
жарақ жібергендігі айтылады. Қараңыз: Салихи Сүбулүл-хүда уәр-
Рәшад 5/16


44
Жүрек төрінен орын алған теңдессіз тұлға Мұхаммед (с.а.с.)
Аллаһ елшісі 
(саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) 
осыдан кейін 
сахабаларына тұтқындарға жақсы қарауды тапсыр-
ды. Өйткені, олардың кейбірі жаралы да болатын. 
Жаралыларға ем-дом жасау керектігі айтылды. Сондай-
ақ, тұтқындарды сату кезінде де балаларының анала-
рынан айрылып қалмауына барынша жағдай жасалды. 
Осы кезде Пайғамбарымыз тағы да былай деді:
– Балалар балиғат жасына жеткенге дейін анала-
рынан ажыратылмайды! 
Сахабалар бұл сөздің мәнісін сұрағанда Аллаһ 
елшісі 
(саллаллаһу аләйһи уә сәлләм)
:
– Балиғат жасы деген – қыз балаларының хайыз 
көретін жасы мен ер балалардың жыныстық жағынан 
жетілген уақыты! Баласыз әйелдер яһудилер мен 
мүшріктерге сатылғанымен, балалы әйелдердің тек 
мұсылмандарға сатылуына рұқсат берілді. 
Сол күні Оспан мен Әбдірахман ибн Ауф Бәни 
Құрайза қауымынан бірнеше тұтқын сатып алып, 
екеуара бөлісіп алды
17
.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   155




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет