МұхаММед (с а л л а л л а һ у а л ә й һ и у ә с әл л ә м ) 3 Аударған: Ғалымбек Тобашев


Хижреттің бесінші жылы орын алған



Pdf көрінісі
бет21/155
Дата16.11.2022
өлшемі1,98 Mb.
#50491
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   155
Байланысты:
Жүрек төрінен орын алған 3 том

Хижреттің бесінші жылы орын алған 
өзге де маңызды оқиғалар
Аллаһ тағаладан жаңа үкімдер келіп жатты. 
Мәселен, су болмаған жағдайда намазды қаза қылмай 
оқу үшін таза топырақпен таяммүм алу жайлы үкім 
келді. Бұл мұсылмандарға үлкен жеңілдік болды. 
Өйткені, жорықта жол үстінде таза судың үнемі бола 
бермейтіні белгілі. Бұдан кейін мұсылмандар дәрет 
алуға жағдай болмаған жерде топырақпен тәяммүм 
алып намазын өтеуге мүмкіндік алды.
Аллаһтан келген тағы бір үкім ішімдікке бай-
ланысты болды. Осы уақытқа дейін нақты үкім 
болмағандықтан, көпшілік кей кездері жүзім мен 
құрма шырынынан жасалған шарап ішуге әуес бо-
латын. Бұған дейін осындай ішімдіктердің бірін ішіп 
алып аздап масайған сахабалардың бірі жамағатқа имам 


50
Жүрек төрінен орын алған теңдессіз тұлға Мұхаммед (с.а.с.)
болған еді. Содан ол намазда оқыған сүрелерін шата-
стырып алды. Сондықтан да бұл жолы келген аят бой-
ынша ішімдік ішкен кісінің намазға жақындамауына 
әмір етілді. Осы аят арқылы көпшілік арасында ішімдік 
ішу әдеті едәуір жойыла бастады. 
Қолда нақты дәлел болмаса, өзгелерге жала 
жабудың ауыр күнә екендігі жайлы да аят түсті. 
Ел ішінде араздық тудырып, мұсылмандар арасын-
да сенімсіздік туғызатын осындай мәселелерге шек 
қойылды. Осылайша дәлелсіз жабылған жаланың 
ауыр күнә екендігін білдіру сөзбен іске деген 
жауапкершілікті күшейтті.
Бала асырап алу жайлы да үкім келді. Бұл үкім бой-
ынша әрбір бала тек өз әкесіне ғана телінетін болды. 
Осы күнге дейін бала асырап алушылар асырап алған 
балаларын өзінің тегіне жатқызатын және көпшілік 
те оны пәленшенің баласы деп асырап алған кісінің 
атымен айтатын. Түскен үкім арқылы бұл мәселеге де 
нүкте қойылды. 
Жәбірейіл періште түсірген тағы бір аятта Аллаһ 
елшісі 
(саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) 
мен Зейнеп бинти Жаһш 
анамыз арасындағы некенің жеті қат көкте қиылғаны 
айтылады. Осылайша Зәйдтен ажырасқан Зейнеп 
анамыз пәкиза аналар арасынан орын алды.
Осы жылы түскен тағы бір аят әурет жерлерді, аби-
ырды жабуға байланысты болды. Бұл үкім әйел кісілер 
үшін аса маңызды болып есептеледі. Оларға сыртқа 
шыққан кезде әуретін толық жауып, оранып алулары 
әмір етілген! 
Ажырасуға байланысты да жаңа үкімдер түсті. 
Ажырасудың рұқсат етілген, бірақ Аллаһ алдындағы 
жеккөрінішті істердің қатарында екені мәлімделді.


51
Хандәк соғысы 
Түскен тағы бір аяттарда әдептілік қағидалары 
тілге тиек етілді. Бұл қағидалар адамдарды үлгілі 
болуға, өнегелі өмір сүруге шақырады. Мәселен, 
мұсылмандарға өзге біреудің үйіне кірер алдында 
рұқсат сұрау міндеттелді. Ал рұқсат берілмеген үйге 
кіруге қатаң тыйым салынды. Осылайша, бұл мәселе 
де реттелді.
Аталған мәселелердің бәрі әлеуметтік өмірдің 
ислами тұрғыдан қалыптасқандығын көрсетті.
Аталған жылы Мекке қаласында халық санағы 
өткізілді. 
Жер бетінде түрлі апаттар, соның ішінде жер 
сілкінісі, күн тұтылу секілді табиғи құбылыстар орын 
алып, халықтың жүрегіне қорқыныш ұялады. Халық 
қорыққандықтан құлшылық етіп, намаз оқуға ерекше 
ден қоя бастады. Сол күндері халық ай мен күннің қатар 
тұтылуына куә болып, Пайғамбарымыздың 
(саллаллаһу 
аләйһи уә сәлләм) 
басшылығында «күсуф» және «хусуф» 
намаздарын оқиды. Дәл сол жылы мұсылмандар 
қуаңшылыққа байланысты Жаратушыдан жаңбыр 
тілеп, арнайы намаз оқыды. Жоқшылық пен аштық 
Меккеде де орын алғандықтан ол жердегі халыққа да 
көмек қолы созылды. Осылайша, мұсылмандар өздері 
зәру болса да, өздері секілді қиналып жатқан өзге 
мүміндерге де қолдарынан келгенше көмек көрсетіп
қайырымдылықтың ерен үлгісін көрсетті. 
Осы кезде Мәдинаға Мүзәйнаның серігі келді. 
Салман-ы Фариси де құлдықтан азат етілді. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   155




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет