МұхаММед (с а л л а л л а һ у а л ә й һ и у ә с әл л ә м ) 3 Аударған: Ғалымбек Тобашев



Pdf көрінісі
бет22/155
Дата16.11.2022
өлшемі1,98 Mb.
#50491
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   155
Хижраның алтыншы жылы
Бірінен соң бірі келіп, ел-жұртты есеңгіреткен 
қиын күндер лезде өтіп, Пайғамбарымыздың 
(саллаллаһу 
аләйһи уә сәлләм) 
Меккеден кеткеніне де аттай алты жыл 


52
Жүрек төрінен орын алған теңдессіз тұлға Мұхаммед (с.а.с.)
толады. Бәрі де күні кешегідей көз алдында. Ибраһим 
пайғамбардың өзі салдырған Меккеде мұсылмандар 
бейбіт өмір сүріп жатты. Барлығы бірдей намаз 
уақытында құбылаға қарап құлшылық ету бақытына 
қауышты. Ондағы мұсылман қауым жиналып бес 
уақыт намаздарын Аллаһтың үйінде оқып, өзара абыр-
сабыр болып қуанышты күндерін өткізіп жатты.
Енді міне, барлығы сол күнді аңсаумен жүр! 
Мұсылмандықтың ордасы болған Мекке қаласына 
сапар шегуді аңсайтындар саны да уақыт өткен сайын 
арта түсті. Өйткені қасиетті Қағба тек ғибадат ету 
үшін салынған болатын. Ол күндері Меккедегі Қағбада 
ғибадат етудің орнына небір масқаралықтар істелініп 
жатты. Халық Қағбаның айналасында жиналып, оны 
айналған сайын қатты ысқырып, өзара қаумаланып 
шапалақ ұруды әдетке айналдырып еді. Сол жерде күнә 
жасап, киімдерін шешіп, тырдай жалаңаштанатын. 
Мұндай арсыздық Меккеде құдайдың құтты күні орын 
алып жатты. Анасынан жаңа туғандай жалаңаштанған 
адамдар Қағбаны айналып бар білгенін істеп жүрді.
Аллаһ елшісі 
(саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) 
мұсылмандармен 
бірге аса алаңдаулы болды. Мұсылмандардың 
бас қаласы болған Меккеден айрылу қанатынан 
айрылған құстың күйіндей еді. Сондықтан Меккені 
мұсылмандарға қайтарудың уақыты келді. Бұл үшін 
ыңғайлы сәт пен мүмкіндіктің тууы аса қажет еді. Көп 
өтпей, бұған дайындық басталды.
Бәдір, Ұхыд және Хандақ соғыстары нәтижесінде 
мұсылмандар 
қалағанына 
жете 
алмаса 
да 
дұшпанды тойтару мен олардың мысын басу секілді 
маңызды жетістіктерге қол жеткізе алды. Бұл 
соғыстар мұсылмандарға мүшріктермен соғыста 
ауызбіршіліктің аса қажетті екенін көрсетті. Аллаһ 


53
Хандәк соғысы 
елшісі 
(саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) 
бірінші кезекте жан-жақтан 
келуі мүмкін қауіп-қатердің алдын алу жұмыстарына 
баса маңыз берді. Алтыншы жылдың Шағбан айында 
қасына Әбдірахман ибн Ауфты шақырып, оның 
сәлдесін өзі байлап беріп, жолда қарсы кездескен 
кісілермен жақсы қарым-қатынас жасауды айтып Бәни 
Кәлб өңіріне аттандырды. Сол жылы екі жүз сахабасын 
беріп Әлиді де Хайбармен одақтасуды ойластырған 
Федекке жібереді. Өйткені, бұл қауымның Мәдинаға 
шабуыл жасауға дайындалып жатқаны жайлы суық 
хабар келген болатын. Бәни Қайнуқа, Бәни Нәдір және 
Бәни Құрайзадан кейін Федек пен Хайбар да адамзат 
баласы үшін үлкен бүлік орталығына айналып келе 
жатты. Сәйкесінше, Аллаһ елшісінің 
(саллаллаһу аләйһи уә 
сәлләм) 
де назары осы қауымдарда болатын. Бұларды жіті 
назарда ұстау аса маңызды еді.
Аталған жылы Пайғамбарымыз 
(саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) 
Әбу Бәкір немесе Зайд ибн Харисаны өзіне қастандық 
ұйымдастыруды жоспарлаған Уадил Құраға аттан-
дырды. Шәууал айында жиырма кісілік серігімен қоса 
Күрз ибн Жәбірді Уранилерге жіберді. Бұл қауым шипа 
табу мақсатында Мәдинаға келген кісілердің түйелерін 
тартып алып, малшыларды өлтірді. Ураниліктер өздерін 
мұсылман деп жариялағанымен мұсылмандарға ашық 
опасыздық жасап, мұсылманшылыққа жат қылықтар 
көрсетіп жатты. Олардан бірнеше кісі тіпті өздерінің 
науқас екендігін сылтауратып келді. Аллаһ елшісі 
(саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) 
оларға түйе беріп, зәрін ішуді 
ұсынды. Олар Пайғамбарымыздың айтқанын орын-
дап, денсаулықтары жақсарғаннан кейін малшыны 
өлтіріп, түйелерді алып қашып кетді. Расулаллаһ 
(саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) 
бұлардың жасаған опасыздықтары 


54
Жүрек төрінен орын алған теңдессіз тұлға Мұхаммед (с.а.с.)
мен дінбұзарлықтарын көрген соң алақанын жайып, 
былай деп дұға тіледі:
– Уа, Аллаһ тағалам! Бұл қауымның көзін соқыр, 
жолын да жабық қыла гөр!
Бұлай жасаудағы негізгі мақсат Хижаздың 
қауіпсіздігін қамтамасыз ету болатын. Осылайша 
аймақта тек Ислам дінінің үстемдігін орнатты. Со-
нымен қатар, мұндай маңызды қадамдар жасаудағы 
мақсат – Меккеге барып, Қағбаны зиярат етушілердің 
қауіпсіздігін қамтамасыз ету еді!


55


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   155




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет