Келісім-шарттың қағазға түсірілуі
Екі тарап өзара мәмілеге келіп, ендігі кезекте
келісім шартты қағазға түсіру ғана қалды. Ардақты
пайғамбарымызға қараған Сухәйл ибн Амр:
– Енді осыларды қағазға жаз, – деп ұсыныс білдірді.
Аллаһ расулы
(саллаллаһу аләйһи уә сәлләм)
қасына хазірет Алиді
(р.а.) шақырып:
– Жаз! Бисмиллаһи-рахманир-рахим! – деп
бұйырды. Сухәйл бұған:
– Рахман, рахим дегенді қайдан шығардың? –
деп наразылық танытты. Өзі де біраз іркіліп қалды.
Осыны айтып тұрғанда ар-ұжданы сыздап тұрса да,
өзінің Құрайыштың елшісі ретінде осы жерге келіп
отырғанын ойлап, өзін біраз қатал ұстауға тыры-
сты. Негізі Сухәйл Рахман және Рахимның кім екенін
білмейтін адам емес еді. Ислам ең алғаш тарай бастаған
күндердің өзінде үш бауыры, күйеу баласы мен
қызынан кейін екі ұлы да мұсылмандықты қабылдап,
адамзаттың асыл тәжінің айналасына шоғырланған бо-
латын. Өзінің наразылығына қарамастан кіші ұлы Әбу
Жәндәл да мұсылмандықты қабылдаған. Жаңа діннен
бас тартқызу үшін Сухәйлдың өз ұлына көрсетпеген
азабы қалмаған болатын. Ұлын Меккеде талай рет
аштан аш қамап қойған кездері де болды. Қазір сол ұлы
да осында отыр. Сондықтан Сухәйл өзінің ойында та-
бандап тұрып алды.
– Мына сөздеріңнің не мағынаға келетінін
білмеймін. Дұрысы, бұрыннан бері айтылып жүргендей
«Бисмикааллахуммә» деп жаз! – деді. Оның осы бір
қасарысқан талабына күйінген мүміндер:
111
Ұмра сапары және Хұдайбия
– Уаллаһи, біз «Бисмиллаһи-рахманир-рахим»
деп жазамыз, – деп дауыс көтере бастады. Арасын-
да тағы да дау-жанжал басталғалы тұр. Бұл жолы тек
қазіргі сәт пен нақты жағдай ғана қаперге алынып,
болашақты парасатпен пайымдай алмаушылық
ауыр тартып бара жатты. Бұл мәселенің осындай
ұсақ-түйек кикілжіңдермен нәтижеленбей қалуына
алаңдаған Аллаһ расулы
(саллаллаһу аләйһи уә сәлләм)
асқан
байсалдылықпен, ұстамдылықпен күйеу баласы
хазірет Алиге (р.а.) қарап «Бисмиллахи-рахманир-ра-
хим» сөзін өшіріп, орнына «Бисмикааллахуммә» деп
жазуын бұйырды.
Осылайша тағы бір келеңсіздіктің тууына жол
берілмеді. Жаңа ғана ашуға мінген сахабалар Аллаһ
расулының бұл мәселедегі шешімін көргеннен кейін
қайта сабаға түсе бастады. Осыдан кейін пайғамбарлар
падишасы
(саллаллаһу аләйһи уә сәлләм)
:
– Бұл келісім Аллаһтың расулы Мұхаммед пен
Амрдың баласы Сухәйл арасында жасалған келісім-
шарт..., – дей бастауы мұң екен Сухәйл тағы да
наразылық танытып:
– Уаллаһи, сенің Аллаһтың расулы екеніңді
мойындаған болсақ, Бәйтуллаһты тауап етулеріңе
қарсы шықпас едік. Онда сенімен соғыспас та едік.
Келісім-шартқа біз білетіндей Абдуллаһтың ұлы
Мұхаммед деп жазасың, – деді.
Сол күні мүшріктер атынан өкілдік еткен Сухәйл
өздерінің күпірлік ұстанымдары тұрғысынан ең ұсақ
мәселелердің өзінде есе жібермеуге күш салды. Әрбір
ұсақ мәселені өз пайдасына шешіп қалудың қамын
жасап бақты. Сухәйл аталған сөзді өшіріп тастатқысы
келсе де, пайғамбарымыздың Аллаһ расулы екендігі
112
Жүрек төрінен орын алған теңдессіз тұлға Мұхаммед (с.а.с.)
ақиқат. Сондықтан Аллаһ расулы тағы да хазірет
Алиге қарап:
– Өшір! – деп бұйырды.
Пайғамбарымыз айтуын айтқанмен кенеттен сол
жердегілердің қабақтары түйіліп наразылық танытты.
Тіпті сахабалар арасынан Сағд ибн Убәда мен Усәйд
ибн Худайр сынды кісілер хазірет Алидің қолынан
ұстап:
– «Аллаһ расулы» деп жазбасаң, олармен
арамыздағы мәселені қылыштың жүзімен шешетін бо-
ламыз, ол жерге басқа сөзді жазбайсың, – деп ескертті.
Осы кезде Аллаһ расулының айналасына жиналған
адамдардың наразылығы барған сайын күшейіп,
у-шуға басты. Аллаһ расулы бір мезет мүбәрак қолын
көтеріп ишара жасап, сахабаларын тыныштандырды.
Артынан өзіне тән ұстамдылықпен, күйеу баласына
қарады. Айтар сөзі бар екені жүзінен белгілі еді.
– Болашақта сен де дәл осындай жағдайға тап
боласың, сонда сен де қарсыластарыңа есе жіберуге
мәжбүр боласың, – деді.
Аллаһ расулы бейне бір ғайыптан бір хабар айтып
тұрғандай күйде еді. Иә, ол кейіннен хазірет Османның
(р.а.) шейіт болуымен басталып, хазірет Алидің өзінің
шейіт болуымен аяқталатын уақыт аралығында, әсіресе
«Тахким» оқиғасында хазірет Алидің мәжбүрлікпен
істейтін кейбір істерін білдірген еді. Сөйтті де, –
Маған әлгі сөзді көрсет, – деді де, сол жердегі «Аллаһ
расулы» деген жазуды өз қолымен өшіріп, орнына
«Абдуллаһтың ұлы Мұхаммед» деп жазуды бұйырды.
Аллаһ расулының бұл шешімі де орындалып, тағы
бір дау-дамайдың алды алынды. Ендігі кезек «Ата-
анасының рұқсатынсыз Меккеден қашып, Мәдинаны
паналаған әлдекімнің мұсылман болғанына қарамастан
113
Ұмра сапары және Хұдайбия
меккеліктерге қайтарылатындығына» қатысты бапқа
келгенде, сахабалардың наразы дауыстары қайтадан
күшейе бастады. Сахабалар:
– Сүбханаллаһ! – деп, мүшріктердің орынсыз та-
лаптарына таңырқап жатты. – Мұнысы несі? Мұсылман
ретінде келген кісіні мүшріктердің қолына қалай
табыстамақпыз? Осы кезде Аллаһ расулы бұл мәселеге
де:
– Иә! – деп келісімін берді. Демек, Аллаһ
расулының бір білгені болса керек. Құранда аталатын-
дай «уахиға ғана сүйеніп сөйлейтін» Аллаһ елшісі бұл
жолы да ғайыптың сырларына үңілгені анық. Іле сөзін
сабақтап:
– Бізден қашып, оларды барып паналағандарды
Аллаһ тағала Өзінің рақымынан аластайды. Ал енді
олардан қашып келіп, бізді паналайтындарға келсек,
Аллаһ міндетті түрде оларға да тығырықтан шығар
жол көрсетіп, амандық нәсіп ететін болады! – деді.
Осы кезде күтпеген тосын жағдай орын алды.
Бір жақта екі тарап келісім-шарт жасасып жатқанда,
отыз кісіден тұратын қарулы жасақ
30
шабуыл жасады.
Екі тарап та аңтарылып қалды. Өйткені, бұларды
ешкім қаперге алмаған еді, мына шабуыл екі жақтың
да құптауынсыз жасалған қастандық әрекет бола-
тын. Әлгі шабуылшылардың алыстан қарауытып
келе жатқанын байқаған бойда Аллаһ расулы
(саллаллаһу
аләйһи уә сәлләм)
қайырлы бір бейбіт бастаманы бұзуға
бағытталған мына әрекетке іштей налып, оларға қарсы
дұға оқып, қарғыс айтты. Иә, Аллаһ расулы Раббысына
дұға еткеннен кейін Аллаһ тағала да сүйікті құлының
30
Басқа бір риуаятта бұл жасақ сексен кісі деп айтылады. Қараңыз: Ах-
мед ибн Ханбәл, Мүснәд, 3/122 (12249); Нәсәи, Сүнәнул-Кубра 5/202
(8667); Ибн Кәсир, Тәфсир, 4/193.
114
Жүрек төрінен орын алған теңдессіз тұлға Мұхаммед (с.а.с.)
дұғасын қабылдады. Оның дұғасының бірден қабыл
болғаны соншалық келе жатқан шабуылшылардың
көздері көрмей, құлақтары естімей қалғандай бір күйге
тап болды. Ендігі жерде сахабалар үшін оларды ұстап
алып, кісендеп, матап тастау қиынға соқпады. Сахаба-
лар әлгі жасақтың барлығын тұтқындап алып келді.
Пайғамбарымыз оларға:
– Сендер біреулердің бұйрығымен аттандыңдар
ма? Қандай да бір кісі сендерге бұйрық беріп пе еді? –
деп сұрады. Әлгілер бірауыздан:
– Жоқ! – деп жауап қатты. Бұл оқиғаның ешкімнің
жоспар-бұйрығымен емес, өз бетінше жасалған
қастандық әрекет екені анықталды. Осы тұста Аллаһ
расулы да мәрттік танытып, сол жерде олардың
барлығын босатып жіберді. Оның әрекеті өзіне нық
сенімді адамның амалы болатын. Сондықтан Жәбірейіл
(а.с.) келіп, бұл әрекетінің құпталғанын білдірді:
«Олардың қолын сендерге тигізбеген Аллаһ еді»
31
–
деген аят осы кезде түсті.
Достарыңызбен бөлісу: |