МұхаММед (с а л л а л л а һ у а л ә й һ и у ә с әл л ә м ) 3 Аударған: Ғалымбек Тобашев



Pdf көрінісі
бет37/155
Дата16.11.2022
өлшемі1,98 Mb.
#50491
1   ...   33   34   35   36   37   38   39   40   ...   155
Рыдуан серті
Хазірет Осман мен он сахабаның шейіт етілгеніне 
қатысты жаманат жеткеннен кейін Аллаһ расулы 
(саллаллаһу аләйһи уә сәлләм)
:
– Құрайышпен соғыспастан мына жерден кете 
алмайтынға ұқсаймыз, – деп сахабаларын серт беруге 
шақырды. Өзі де Бәни Мазин ибн Нәжжарлардың 
қонысы тұрған жерге қарай келіп, осындағы бір 
ағаштың көлеңкесіне келіп отырды. Сөйтті де: – Аллаһ 
маған серт берулеріңді бұйыруда, – деп жар салды. 
Пайғамбарлар сұлтанының бұйрығын орындау үшін 
сахабалар жан-жақтан ағыла бастады. Адамдардың 
барлығы жан-жақтан жамырап:


102
Жүрек төрінен орын алған теңдессіз тұлға Мұхаммед (с.а.с.)
– Уа, халайық! Уа, халайық! Серт беруге 
асығыңдар, серт беруге... деп жан-жақтан жар салып: 
– Рухул Қудус (Жәбірейіл) келіпті, Аллаһ үшін 
тездетіңдер! – деп дауыстап жатты.
Мұны естіген сахабалар құдды бір-бірімен 
жарысқа түскендей асыға жетіп, Аллаһ расулы-
на жеке-жеке серт бере бастады. Шыбын жандарын 
шүберекке түйіп, қалай болғанда да қан майданда 
барын салатындықтарына, мүшріктердің сазайын 
беретіндіктеріне серт беріп жатты. Серт беру жалғасып 
жатқанда сахабалар арасынан Нұғман ибн Муқаррин 
Аллаһ расулының басы-қасында, пайғамбардың үстіне 
түсіп тұрған ағаш бұтақтарын қайырып, адамдардың 
ыңғайлы әрекет етуіне жағдай жасап тұрды. 
Аллаһ расулына қолын алғаш болып ұсынған Әбу 
Синан әл-Әсәди:
– Қолыңды бер уа, Аллаһ расулы! Саған серт 
беремін! – деген еді. Сол кезде пайғамбарымыз 
(саллаллаһу 
аләйһи уә сәлләм) 
оған:
– Маған не үшін серт бересің? – деп сұрады. Әбу 
Синан асқан бір берілгендікпен:
– Сен нені сұрасаң соған серт беремін! – деп жауап 
берді. Осы кезде пайғамбарлар падишасы тағы бір 
адым жасап:
– Жақсы, ал мен нені қалайды деп ойлайсың? – деп 
сұрады. Сонда Әбу Синан шын көңілден:
– Қылышыммен сенің жаныңда болып, Аллаһ 
бізге үстемдік нәсіп еткенге дейін немесе осы жолда 
шейіт болғанға дейін жан аянбай шайқасамын, – деді. 
Осыдан кейін сахабалардың барлығы келіп, Әбу 
Синан сынды қол беріп, Аллаһ расулына серт берді. 
Серт беру барысында кенет Аллаһ расулы бір қолын 
жоғары көтеріп, оны екінші қолымен қысып тұрып:


103
Ұмра сапары және Хұдайбия
– Аллаһ тағалам! Күмәнсіз, Осман сенің және 
пайғамбарыңның жолында мәселе шешуге кеткен еді, 
– деп, Аллаһқа жалбарына бастады. Содан кейін қолын 
өз қолы, екінші қолын хазірет Османның қолы санап, 
Османның да (р.а.) сертін сырттай қабылдайтынын 
паш етті. Сөйтті де сахабаларына қарап: – Сендер жер 
бетіндегі ең қайырлы қауымсыңдар, – деп сүйіншіледі. 
Артынан ағаштың астында тұрып Аллаһ расулына серт 
бергендерді жаһаннам оты шарпымайтынын айтты.
Хұдайбиядағылар арасынан тек қана Жәдд ибн 
Кайс қана серт бермеді. Өйткені, ол әлі де ішіндегі 
күмәннен толық арыла алмаған еді. Ол құдды түйесінің 
астына кіріп кетердей өлердей тығылып, серт беруге 
бармау үшін ешкімнің көзіне көрінбей тығылып қалды. 
Аллаһ расулынан бастап барлық сахаба тапқан-
таянған қару-жарағын асынып, ұрысқа дайындала ба-
стады. Екі жақ арасында күш тепе-теңдігі жоқ болса да, 
сахабалардың бойында тау қопарар жігер, берік иман 
бар еді. Тіпті Үмму Умара шатырдың тірегі ретінде 
қолданылған бір ағаштың ұшына пышақ байлап алып, 
қақтығыс кезінде сол қарумен соғыспақ болып әзірлігін 
жасады.
Осы кезге дейін түнде от жағуды жөн көрмеген 
Аллаһ расулы 
(саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) 
енді міне от жақпақ 
болғандарға рұқсат беріп: «От жағыңдар әрі тамақ 
әзірлеңдер. Өйткені, осыдан кейін сауап тұрғысынан 
ешбір жан сендердің істегендеріңнің зәредейіне қол 
жеткізе алмайды» – деген болатын
28

28
Хадисте бұл «Сендерден кейін ешбір қауым сендердің еңбектеріңе де, 
жетістіктеріңе де қол жеткізе алмайды» деп айтылды. Біз ұғымға жеңіл 
болуы үшін жоғарыдағыдай етіп беруді жөн көрдік. Қараңыз: Ахмед 
ибн Ханбәл, Мүснәд, 3/26 (11224); Хаким, Мүстәдрәк, 3/38 (4336); Ибн 
Әби Шәйба, Мұсаннаф, 7/386 (36853). 


104


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   33   34   35   36   37   38   39   40   ...   155




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет