108
Жүрек төрінен орын алған теңдессіз тұлға Мұхаммед (с.а.с.)
– Уа, Аллаһтың елшісі! – деп үн қатты. – Сен ра-
сында да Аллаһтың пайғамбарысың, солай емес пе? –
деді. Аллаһ расулы оған:
– Иә, мен Аллаһтың пайғамбарымын, – деп
жауап қатты. Алайда, хазірет Омар бұл жауапқа
қанағаттанбағандай үсті-үстіне сұрақ жаудырды.
– Біз
ақиқат
жолындамыз,
мүшріктер
адасушылықта, солай емес пе?
– Әрине!
– Біздің марқұмдарымыз жаннатта,
олардың
өлілері жаһаннамда емес пе?
– Иә!
– Ендеше неге оларға есе жіберуіміз керек? Аллаһ
соңғы үкімін бергенше неге соғыспаймыз?
– Мен Аллаһтың құлы әрі расулымын. Оған
ешқашан қарсы келмеймін. Аллаһ та мені ешқашан
тығырықта қалдырмайды. Өйткені, барлық жағдайда
да маған көмек беретін бір өзі!
– Бәйтуллаһқа барып тауап жасайтынымызды
айтпап па едің?
– Иә, мен айттым. Бірақ саған «биыл барып тауап
жасаймыз» деп айттым ба?
– Жоқ!
– Ұмытпа, бір күні міндетті түрде сол жерге аяқ
басасың, Бәйтуллаһты да тауап етесің!
Хазірет Омар табиғатынан аса сезімтал жан еді. Ол
тек бүгінгі жағдайды ғана ойлап, қамыққан болатын.
Бейбіт
жағдайдың артықшылықтарын, болашақта ал-
дарында қандай игіліктер күтіп тұрғанын көп ойлама-
стан қызуқандылықпен әрекет еткен еді. Тіпті, қызуын
баса алмаған күйі хазірет Әбу Бәкірге де барып, одан да
әлгіндей жайттарды сұрады. Адалдық шыңының ай-
нымас саңлағы саналатын хазірет Әбу Бәкір Омардың
109
Ұмра сапары және Хұдайбия
(р.а.) сұрақтарына асқан байсалдылықпен жауап беріп,
Аллаһ расулының айтқандарына ұқсас кеңестер берді.
Ақыры хазірет Омарға қарап:
– Мұның не сенің? Мұхаммед Аллаһтың расулы
екені күмәнсіз. Жаратушыға қарсы келуі әсте мүмкін
емес! – деді қатқылданып. Хазірет Омар: «Оның Аллаһ
расулы екеніне менің де шүбәм жоқ» деп айтқысы келіп
оқтала
бергенде, хазірет Әбу Бәкір сөзін ары қарай
жалғап: – Мұхаммедтің қолдаушысы – Аллаһ! Өле-
өлгенше жанынан бір елі айрылма. Аллаһтың атымен
ант етейін, ол қашанда Хақ жолында! – деп барып
тоқтады.
Иә, осы күні Аллаһ тағала хазірет Омар арқылы
осыған ұқсас жағдайларда үмбет үшін қалай әрекет
ету қажеттігіне қатысты тағылым берген еді. Қандай
мәселе болмасын тек сол уақытпен шектеп, наразылық
танытпай тұрып,
кейінгі нәтижелерін де ойлап, тара-
зылап барып, байсалды әрекет ету қажеттігін ұқтырған
болатын. Өйткені, арада талай жыл өткеннен кейін
хазірет Омар сол күнгі іс-әрекеті үшін қатты опық жеп,
өкініп, тәуба ретінде нәпіл намаз оқып, ораза ұстап,
садақа беріп, құл азат еткенін айтқан.
Задында сол күні хазірет Омардың мұншалықты
табандылығына куә болған тағы бір сахаба Әбу Үбәйда
ибн Жәрраһ оған:
– Ей, Хаттабтың ұлы! Аллаһ расулының не айтып
жүргеніне құлақ салмайсың ба?
Ең жақсысы, сен
шайтанның кесірінен сақтан. Сынайтын болсаң өз
ойыңды сына! – деп ескертті. Осыны естіген хазірет
Омар:
– Шайтанның кесірінен Аллаһ сақтасын! – деп
қайталай берді. Ол буырқанған сезімдерін сабасына
110
Жүрек төрінен орын алған теңдессіз тұлға Мұхаммед (с.а.с.)
түсіре алмаса да, сезімін
ақыл мен қисынға жеңдіріп
бақты.
Достарыңызбен бөлісу: