құрбандықтар және ихрамнан шығу
Осы кезге дейін сахабаларда пайғамбарымыздың
(саллаллаһу аләйһи уә сәлләм)
көрген түсінің шындыққа айна-
ларына деген зәредей де күмәні жоқ еді. Сондықтан
да Хұдайбияға дейін келіп, қаншама жылдан кейін
Қағбаны тауап етуді армандап, осы күнді асыға күтті.
Жиырма күн бойы Меккенің дәл іргесінде қалаға кіре
алмай тұрды. Енді міне еңсені езген ауыр бір келісім-
шарт жасасып, қайтадан елге қайту қажет. Қағбаға
бір қадам жер қалғанда оны тауап ете алмай кері
қайту, бұған қоса Әбу Жәндәлдің жүректі сыздата-
тын оқиғасы сахабаларды қатты күйзеліске түсірді.
Тіпті, Ибн Аббас сынды сахабалардың байқауы бойын-
ша сахабалар сол күні Бәйтуллаһқа барып тауап жасай
алмағандықтары үшін қатты қамығып, қайғырумен
119
Ұмра сапары және Хұдайбия
болды. Құрбандық түйелердің өзі боталарынан
айрылғандай айналаны азан-қазан етіп боздады.
Енді міне, барлығы бітті. Келісім-шартқа мөр ба-
сылды. Хұдайбия кезеңі деп аталатын жаңа бір кезең
басталды. Бұдан былай бейбіт жағдайда Исламның
ізгі құндылықтарын барынша насихаттап, көптеген
адамдарға жеткізуге мүмкіндік туды. Дегенмен, са-
хабалар әлі де болса бұл жағдайды парықтап түсіне
алмай, Бәйтуллаһты неліктен тауап етпегендерін
түсіне алмай абыржыды. Сахабалардың осындай
әрі-сәрі күйін байқаған Аллаһ расулы елге қайтудың
қамын жасау үшін:
– Құрбандықтарыңды
шалып,
шаштарыңды
алдырыңдар! – деп әмір еткенімен бәлкім шешімін
өзгертер деген болмашы үмітпен ешбір жан әрекет ете
қоймады. Сахабалар Бәйтуллаһты тауап етуден бас
тартқысы да келмеді, Аллаһ расулының әміріне құлақ
аспай келеңсіз жағдайға түскісі де келмей не істерлерін
білмей дал болды. Алайда, екеуінің бірін жасауға
мәжбүр еді. Олар сонымен қатар, Аллаһ расулының
айтқан сөздері бұйрық па, жоқ әлде насихат-кеңес пе,
осы жағын да анық түсіне алмады. Бәрі көп кешікпей
Жәбірейілдің осы бейбіт келісімнің күшін жоятын бір
үкім әкелеріне үміт артты. Өйткені, уахидің түсуі әлі
де жалғасын табуда. Мұндай жағдайда кез-келген за-
матта үкімдердің өзгеруі ғажап емес. Егер жағдай
олар ойлағандай өрбісе, өздерінің нақ осы жылы
Бәйтуллаһты тауап етлері де мүмкін.
Сахабалар осылайша терең ойға батты. Аллаһ ра-
сулына бағынуға келгенде өте ыждағатты болса да,
осы жолы пайғамбарымыздың бұйрығын орындауда
біраз кешігіңкіреп ауыр қимылдады. Осыны байқап
Аллаһ расулы
(саллаллаһу аләйһи уә сәлләм)
өзінің бұйрығын үш
120
Жүрек төрінен орын алған теңдессіз тұлға Мұхаммед (с.а.с.)
рет қайталады. Бірақ, орнынан қозғалып құрбандығын
шалған жан баласы болмады. Ешқайсысы шашын ал-
дырып, ихрамнан шығуға да асығар емес.
Мына жағдай пайғамбарымыздың да көңіліне қаяу
түсірді. Жабырқаңқы халде Үммү Сәләмә анамыздың
қасына келіп:
– Мұсылмандар құрдымға кетті. Мен оларға
құрбандықтарын шалып, шаштарын алдыруды
бұйырдым, бірақ олардың айтқанымды орындайтын
түрі жоқ
32
, – деп мұңын шақты. Жан жарымен кеңесіп,
мәселенің оң шешімін табу үшін оның да ойын білгісі
келді. Үммү Сәләма анамыз сөзін:
– Уа, Аллаһ расулы! – деп бастады. – Ешкімді
жазғырма, өйткені, бәрі қазір өте ауыр жағдайда.
Келісім-шарттың қиын шарттары мен өздері күткендей
жеңіске қол жеткізе алмастан артқа қайтуға мәжбүр
болулары сахабаларыңа ауыр тиді. Уа, Аллаһтың
пайғамбары! Ең жақсысы, сен ешкімге ештеңе деместен,
бірінші болып өз құрбандығыңды шал. Содан кейін
біреуді шақырып, шашыңды алдыр, – деді.
Үмму Сәләма анамыз сахабалардың жағдайын
тереңнен түсініп, құдды солардың бірі ретінде ақылын
айтты. Барлық жанның белгілі бір міндеті бар еді.
Үмму Сәләма осы сапарға шыққанда Расулаллаһпен
бірге болудың шарттарын орындап, осынау маңызды
кеңесімен тарихта қалған абзал жан болатын.
Демек, осындай жағдайларда қоғамның бетке ұстар
тұлғаларының нақты істі өздері жасап, үлгі көрсетуі
32
Басқа бір риуаятта бұл сөз «Адамдардың не істеп жатқанын көріп
тұрсың ба? Мен оларға бір нәрсені жасауды бұйырудамын, олар айтқан
сөзімді естісе де бұйрығымды орындамайды» деп келеді. Қараңыз:
Уақиди, Мағази, 1/613; Салихи, Субулул-худа уәр-рәшад, 5/56.
121
Ұмра сапары және Хұдайбия
сөзбен адамдарды бір іске жұмылдыруынан әлдеқайда
маңызды әрекет болып саналатын.
Осыдан кейін Аллаһ расулы
(саллаллаһу аләйһи уә сәлләм)
ша-
тырынан сыртқа шықты. Ихрамын бір иығына асып,
қолына пышағын алып құрбандық түйелер жаққа қарай
беттеді. Жұрттың бәрі аңтарылып көз алмай қарап тұр.
Көп өтпей Аллаһ расулының:
– Бисмиллаһи, Аллаху әкбар! – деген дауысы
естілді. Аллаһ расулының өз құрбандығын шалғаны
мәлім болды
33
. Иә, Аллаһ расулы құрбандығын шалып
жатқанда сахбалар қалай қарап тұрсын? Барлығы орын-
дарынан тұрып, пышақтарын алып, құрбандықтарын
шала бастады. Үмму Сәләмә анамыздың айтқаны
айдай келді. Енді міне, Хұдайбияда барлығы бір-
бірімен жарысқа түскендей Аллаһ елшісімен бірге
құрбандықтарын шалып, абыр-сабыр болып жатты.
Пайғамбарымыз
(саллаллаһу
аләйһи
уә
сәлләм)
құрбандықтарын шалып енді ихрамнан да шығайын
деп жатыр еді. Қасына Хыраш ибн Умәйяны шақырып,
шашын алдыртты. Сахабалар осы кезде бір-бірімен та-
ласып-тармасып Аллаһ расулының бір тал да шашын
жерге түсірмеді. Алынған шаштың бір тұтамы Үммү
Умараға бұйырды.
Ардақты сахабалардың кейбірі шашын тықырлап
алдыртса, енді бірі қысқартумен ғана шектелді. Осы
кезде пайғамбарымыз шатырдан өзінің мүбәрак басын
шығарып:
33
Пайғамбарымыз
(саллаллаһу аләйһи уә сәлләм)
Хұдайбия күні жетпіс түйе
құрбандық шалған. Бұлардың біреуін жеті кісімен ортақтаса шалды.
Сонымен қатар, оның Әсләм тайпасының бір кісісі арқылы Мекке-
ге жиырма түйе жөнелткені және Мәруада солардың құрбандыққа
шалғанына қатысты мәліметтер бар. Қараңыз: Уақиди, Мағази, 1/614;
Салихи, Субулул-худа уәр-рәшад, 5/57.
122
Жүрек төрінен орын алған теңдессіз тұлға Мұхаммед (с.а.с.)
– Аллаһ шашын түбінен тықырлап алдырғандарға
рақым етсін! – деп дұға етті. Осы кезде кейбір сахаба-
лар уайымға салынды.
– Уа, Аллаһ расулы! Қысқартқандар ше, олардыкі
қалай? – деп дабырласты. Өйткені, сахабалар сескеніп,
шаштарын қысқартқандардың ихрамнан шығып-
шықпағанына қатысты күдік ұялаған болатын. Бір
қызығы, пайғамбарымыз
(саллаллаһу аләйһи уә сәлләм)
тағы да:
– Түбінен тықырлап алдыртқандар! – деді де, осы
сөзді үш рет қайталады. Сахабалардың барған сайын
күмәні күшейіп, шаштарын жай ғана қысқартқандарға
қатысты да үкім беруін күте бастады. Осыдан кейін
Аллаһ расулы
(саллаллаһу аләйһи уә сәлләм)
:
– Қысқартқандарға да! – деді. Осылайша тағы бір
мәселе нақтыланды. Артынша Хұдайбияда жел тұрып,
сахабалардың шаштарын Меккеге қарай ұшырып алып
кетті.
Енді міне, Бәйтуллаһты тауап ету бір жылға кейінге
қалдырылып, елге оралатын сәт те келді. Осы жерге
келгелі тура жиырма күн
34
болып еді. Аллаһ расулы
болса келесі жыл қауіпсіз жағдайда аман-есен Қағбаны
зиярат ете алатындықтарын айтып, сахабаларының
көңілін жұбатып, Мәдинаға қарай жүріп кетті.
Достарыңызбен бөлісу: |