МұхаММед (с а л л а л л а һ у а л ә й һ и у ә с әл л ә м ) 3 Аударған: Ғалымбек Тобашев


әбу Басирдің келуі және содан кейін



Pdf көрінісі
бет45/155
Дата16.11.2022
өлшемі1,98 Mb.
#50491
1   ...   41   42   43   44   45   46   47   48   ...   155
әбу Басирдің келуі және содан кейін 
орын алған оқиғалар
Пайғамбарымыз 
(саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) 
сахабаларымен 
бірге Мәдинаға да жетті. Мекке мүшріктерінің қорлығы 
мен азабынан әбден титықтап, Әбу Жәндәл сынды 
Меккеден қашып келіп мұсылмандарды паналап, 
Аллаһ расулының қамқорлығына кірмек болған келесі 
бір меккелік мүмин Әбу Басир болатын
36
. Әбу Басир 
Зүхрәұлдарының одақтасы еді. Алайда, ол да Меккеде 
мұсылман болғаннан кейін Әбу Жәндәл сынды зорлық-
зомбылықпен қамалып, әбден азапталды. Енді міне, 
жауыздардың қолынан сытылып шығып, Мәдинадағы 
мұсылмандарға арып-ашып әрең жеткен беті. Аяқтары 
тілім-тілім. Өйткені, ол Меккеден Мәдинаға дейін 
36
Әбу Басир деген лақап атымен танымал болған осынау сахабаның шын 
аты Ұтба ибн Әсид еді. Қараңыз: Ибн Хишам, Сира, 4/291; Бәйхақи, 
Сунәнул-кубра, 9/227; Ибн Хажар, әл-Исаба, 4/433 (5401). 


130
Жүрек төрінен орын алған теңдессіз тұлға Мұхаммед (с.а.с.)
жаяу қашып келген екен. Мүшріктердің ұстап алуы-
нан қауіптеніп, жасырын, тау-тастың арасымен жүріп, 
нашар жолдармен келіпті. 
Әбу Басирдің өздерінен қашып кетіп, мұсылман-
дарды паналағанын естіген меккелік мүшріктер 
бас қосып, Хұдайбияда жасаған келісімге сәйкес 
пайғамбарымыздан Әбу Басирді қайтаруын талап 
етпек болды. Осы іс бойынша Ахнәс ибн Шәрик пен 
Әзхар ибн Абдиауф арнайы хат жазып, оны Хунәйс ибн 
Жабир арқылы Аллаһ елшісіне жолдады.
Хунәйс өзіне жол көрсетуі үшін қасына Кәусар атты 
құлын да ертіп, Әбу Басирден үш күн кейін Мәдинаға 
келіп, хатты Аллаһ расулына табыстады. Меккеден 
келген хатты Убәй ибн Кағб дауыстап оқыды. Хатта: 
«Өзара жасасқан келісімнің шарттары өзіңе мәлім. 
Біздің адамдарымыздан кімде-кім саған келіп пана 
сұраса, оны өзімізге қайтарып беруге келіскен едің. 
Енді бізге адамымызды қайтар!» делінген екен. 
Өте ауыр талап. Алайда, осындай ауыртпалықтарға 
төзбестен жалпы бейбіт өмірді қамтамасыз ету де 
мүмкін емес болатын
37
. Аллаһ расулы Әбу Басирді 
қасына шақырып, өзін алып кетуге келген меккелік екі 
кісімен бірге кері қайтуын бұйырды. Бұл жағдай Әбу 
Басирге ауыр соққы болып тиді. Сондықтан:
– Уа, Аллаһ расулы! Олар маған дінім үшін 
зорлық-зомбылық жасап, дінімнен бас тартқызу үшін 
қолдарынан келген жауыздықты жасамақ болып 
бекініп отырғанда, сен мені қайтадан сол мүшріктерге 
табыстайсың ба? – деді. 
37
Кейіннен келетін аятта осы шарттан тек қана Меккедегі азаптан 
қашқан Үммү Гүлсім атты сахаба әйелдің ғана тыс екенін білдірген 
үкім келген еді. Қараңыз: «Мүмтәхинә» сүресі, 60/10.


131
Ұмра сапары және Хұдайбия
Мәселенің мәнін айтып түсіндіру қиынға соқты. 
Сондықтан, сүйікті расулымыз Әбу Басирді қасына 
отырғызып, мейірімге толы майда қоңыр үнімен:
– Ей, Әбу Басир! Өзіңе де мәлім, біз сол қауыммен 
келісім жасасып, бірқатар уәделер бердік. Сол келісімді 
бірінші болып бұза алмаймыз. Алайда, Аллаһ тағала 
саған да, сен секілді зорлық-зомбылық көрген 
мұсылмандарға да міндетті түрде тығырықтан шығар 
жол нәсіп етеді, – деді.
Аллаһ елшісінің айтқан насихатын мұқият 
тыңдаған Әбу Басир сонда-да шарасыздығын тілге 
тиек етіп, жалбарынған адамша:
– Уа, Аллаһ расулы! Мені шынымен мүшріктердің 
қолына тапсырасың ба? – деді. 
Иә, бұл жағдайда мәселенің шешімін табудың 
екі-ақ жолы бар. Пайғамбарымыз осы екі жолдың бірін 
таңдауға мәжбүр болды. Жалпы жұрттың амандығы 
және адамдардың Исламмен етене танысып, иманға 
келуі тұрғысынан бүгінгі қиындықтар күні ертең жой-
ылып, жақсы естелік ретінде адамдардың жадында 
қалатын болады. Сондықтан:
– Кері қайт, ей, Әбу Басир! Өйткені, Аллаһ тағала 
сен үшін де тығырықтан шығатын бір жол нәсіп етеді, 
– деді Аллаһ расулы.
Бар амалы таусылып, Әбу Басир Құрайыштың 
елшісі Хунәйс және оның құлы Кәусармен бірге Мек-
кеге қарай жолға шығуға мәжбүр болды. Қайтадан 
бұрыңғы зорлық-зомбылыққа оралмақ. Осы тұста 
оның жанына кейбір сахабалар келіп:
– Ей, Әбу Басир! Аллаһ саған тығырықтан 
шығатын бір жол нәсіп ететініне күмәнің болмасын. 
Аллаһ расулының сүйіншісін естідің, осыған қуан. 


132
Жүрек төрінен орын алған теңдессіз тұлға Мұхаммед (с.а.с.)
Кейде бір кісі мың адамнан да жоғары болуы мүмкін,
– деп ақыл-кеңес беріп жатты. 
Осыны айтқанда олардың көздеген мақсаттары 
бар еді. Олар Әбу Басир Меккеге қайтып бара жатып, 
жолда құрайыштық елшілерді өлтіріп бір жол тауып 
кететінін ойлады. Осы ойларын Әбу Басирге де ишарат 
жасап білдіргісі келді. Тіпті хазірет Омар (р.а.) оған:
– Сен қуат, күші бар адамсың. Қылышың да бар, – 
деп осыны ашық түрде меңзеді. 
Осылайша, құрайыш елшілері Әбу Басирді 
алып Меккеге қарай жүріп кетті. Зил-Хуләйфа деген 
жерге келгенде Әбу Басир қапысын тауып Хунәйсті 
өлтіріп, қайтадан Мәдинаға қашып кетті. Кәусарды 
да ұстап алмақшы болғанмен ол әрең сытылып 
қашты. Кәусар қашып отырып, Аллаһ расулынан пана 
сұрап келді. Кәусар Мәдинаға жанұшырып келгенде 
пайғамбарымыз бен сахабалары екінді намазын оқып 
болып отырған еді. Оның екі өкпесін қолына алып 
жүгіріп келгенін көріп:
– Мына кісі қатты қорыққан жанға ұқсайды, – деді 
де, қасына жақындағанда: – Саған не болды? Неге бұл 
күйге түстің? – деді. Әлі де болса ентіккен демін баса 
алмай тұрған Кәусар әрең сөйлеп:
– Өлтірді. Уаллаһи, сендердің достарың менің 
жанымдағы кісіні өлтірді. Мені де өлтіруге сәл қалды. 
Әрең қашып құтылдым, – деді. 
Ол Аллаһ елшісінен басына амандық беруін талап 
етті. Аллаһ расулы оны қорғауға сөз берді. 
Көп өтпей Әбу Басир де келіп жетті. Хунәйстің 
түйесін мініп, қылышын асынып алып Аллаһ елшісінің 
алдына келіп:
– Уа, Аллаһтың елшісі! – деп сөз бастады. Сен 
өзіңнің міндетіңді орындадың. Сондықтан Аллаһ ал-
дында жауапты емессің. Келісім-шартты орындап, 


133
Ұмра сапары және Хұдайбия
мені дұшпанның қолына табыстадың. Ал мен дінім 
үшін азапқа ұшырамау үшін өзімді-өзім қорғадым.
Пайғамбарымыз 
(саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) 
бір жағынан 
Әбу Бәсирдің құтылып кеткеніне қуанды, дегенмен 
бұл жағдайдың нәтижесінде туындайтын дағдарысты 
да есепке алу қажет. Өте күрделі, шиеленісті жағдай 
болатын. Алда қандай жағдай күтіп тұрғанын болжап 
білудің өзі мүмкін емес. Сондықтан:
– Әттең! – деп терең күрсінді. Оның лебізінен 
Әбу Басирдің әрекетін айыптау да, алда күтіп тұрған 
дағдарысты жағдайды уайымдап, қамығу да қатарынан 
байқалды. Артынша: – Егер қасыңда тағы біреулер 
болғанда бұл жаңа бір соғыстың бастауы болар еді, – 
деді. 
Әбу Басир өте парасатты кісі еді. Аллаһ елшісінің 
сөздерінен өзін қайтадан құрайышқа табыстайты-
нын аңғарды. Мәдинада пайғамбарымыздың жанын-
да қалуы мүмкін еместігін салған жерден түсінді. Өз 
бетімен кетіп, өз жолын табуы қажет екенін ұқты. 
Аллаһ елшісіне жетемін деп алып-ұшып келіп еді, енді 
міне арманы су сепкендей басылып, қайғы-қасыретпен 
Мәдинадан кетуіне тура келіп отыр
38

38
Осыдан кейін Әбу Басир теңізді жағалай жүріп отырып, Ис деген жер-
ге орналасты. Оның осы жерде шағын жасақ құрып өз бетімен тіршілік 
етіп жатқанын естіген басқа да мүміндер оған барып қосылып, Мекке 
мүшріктері үшін үлкен қауіп-қатер тудырады. Оның жасағына Әбу 
Жәндәл да қашып келіп қосылады. Тіпті маңайдағы тайпаның адам-
дары да осы жасаққа келіп қосылып жатты. Осы жағдайдан кейін 
меккеліктер Әбу Суфиянды Мәдинаға жіберді. Ол Хұдайбиядағы 
келісім-шарттың өз мүдделері тұрғысынан жасалған осы бір бабының 
күшін жалынғандай сыңаймен өздері жоятынын білдірді. Содан 
кейін Аллаһ расулы Әбу Басирге хат жазып жолдады. Алайда, дәл 
осы кездері ауыр науқасқа шалдыққан Әбу Басир пайғамбарымыздың 
хатын оқып жатып, қайтыс болып кетті. Қараңыз: Уақиди, Мағази, 
1/625-629; Ибн Абдилбәрр, Истиаб, 4/1614 (2875); Ибн Әсир, Усудул-
ғаба, 3/146. 


134


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   41   42   43   44   45   46   47   48   ...   155




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет