МұхаММед (с а л л а л л а һ у а л ә й һ и у ә с әл л ә м ) 3 Аударған: Ғалымбек Тобашев



Pdf көрінісі
бет44/155
Дата16.11.2022
өлшемі1,98 Mb.
#50491
1   ...   40   41   42   43   44   45   46   47   ...   155
Хұдайбия 
– ұлы жеңіс
Мұсылмандар Хұдайбиядан үлкен жеңіспен 
оралды. Алайда, ардақты пайғамбарымыздың 
құлағына бірқатар сыбыс жете бастады. Кейбіреулер 
Хұдайбияның жеңіс емес, жеңіліс екенін алға тартты. 
Олар құрбандықтарын шала алмай, Бәйтуллаһты тауап 
ете алмай кері қайтуды жеңіліс ретінде қабылдады. Ай-
туларынша, мүмин бола тұра өздерін паналап келген 
бір кісіні мүшріктерге қайтарып беру де осы ойды 
қуаттай түсетін жағдай еді.
Әрбір осындай сыбыс дін мәселесінде жаңа 
мәліметтердің туындауына жол ашты. Осыларды 
естіген Аллаһ расулы 
(саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) 
қайтадан са-
хабаларына қарап былай деді:


126
Жүрек төрінен орын алған теңдессіз тұлға Мұхаммед (с.а.с.)
– Бұл не деген нашар сөз еді? Керісінше жеңістердің 
ең ұлысы осы. Өйткені, мүшріктер қылыштарын 
қынына салып, өздерінің аймақтарынан сендерді 
алыстатуға келісті. Сендермен отырып, келісім жасау-
ды қалап, қауіпсіздіктері үшін сендермен мәмілеге келу 
қажеттілігін сезінуде. Өйткені, олар сендерді тамашалап 
бақылағанда өздеріне ұнамайтын бірқатар жайттарға 
куә болды және Аллаһ сендерді олардан үстем етті. 
Енді сендер қауіпсіздік пен сауапқа қол жеткізген 
күйде, елдеріңе оралдыңдар. Міне, осы жеңістердің ең 
ұлысы!
Ұхудты қалай тез ұмыттыңдар? Сол күні мен сен-
дерге дауыстағанда, арттарыңа да қарамастан тауға 
өрмелеп едіңдер. 
Ахзаб күнін де еске алыңдар. Олар сендерге 
артқы және жоғарғы жақтан бірден шабуыл жасағанда 
көздерің шарасынан шығардай болып, жүректерің 
ауыздарыңа тығылып еді. Сол күні сендер Аллаһ 
жайлы түрлі ойға берілдіңдер. 
Аллаһ расулының осынау ескертуі сахабаларға 
тереңнен әсер етіп, барлығы бірауыздан:
– Аллаһ және расулы ақиқатты айтуда. Расын-
да да бұл жеңістердің ең ұлысы! – деп жан-жан жақтан 
дауыстай бастады. Иә, мәселеге бұдан да кең тұрғыдан 
қарау керек болатын. Мұндай жағдайда кең ойлап, 
болашақта қол жеткізуге болатын игіліктерді парасат-
пен пайымдай білу ең дұрысы болатын. Сонымен қатар, 
пайғамбарымыздың өзі де айтқандай Хұдайбия – күні 
кешеге дейін өздерін адам құрлы көрмейтін, мәселені 
білектің күшімен, қылыштың жүзімен ғана шешеміз 
деп есептейтін мүшріктер өздерімен санасып, бейбіт 
мәмілеге келу үшін келісім жасасқаны мұсылмандарды 
мойындауының айғағы саналатын. Біраз имани назар-


127
Ұмра сапары және Хұдайбия
мен қарап тереңнен қармағанда, мәселе барша қырынан 
көрінген болатын. Сондықтан, сахабалар төменшіктеп 
те болса мына жайды айтпастан тұра алмады. 
– Уаллаһи, уа, расулаллаһ! Біз сенің ойлаған-
дарыңды, сенің көздегендеріңді ойламаппыз. Расында 
да сен Аллаһты және біздерге тән мәселелерді ең жақсы 
білесің! – деді. 
Мұсылмандар Қураул-Ғамим деген жерге келгенде 
Аллаһ расулының түйесінің жүрісі өзгеріп, жүгі ауыр-
лап кеткендей аяғын әрең басатын халге жетті. Қасуаға 
алыстан байыптап қарағандар Аллаһ расулына жаңа 
бір уахидың келіп жатқанын ұққан болатын. Аллаһ ра-
сулына тіл қатып, сұрақ қойғанына қарамастан ешбір 
жауап ала алмаған хазірет Омар жағдайды түсінгенде 
өзі туралы бір аяттың түсуінен қорқып, түйесін желітіп 
отырып, алдыңғы жаққа озып кетті. Көп кешікпей 
Аллаһ расулы уахи түсіп жатқанда сұрақтарына 
жауап бере алмаған хазірет Омарға дауыстады. Аллаһ 
расулының өзін шақырып жатқанын естіген хазірет 
Омардың өңі қуарып, бозарып, қатты абыржыды. Ол 
келген аяттың өзіне қатысты болуын ойлап қамықты. 
Дегенмен, келген аяттардағы қуанышты хабар Аллаһ 
расулының жүзінде де көрініс тапқан еді. Оның жүзі 
қуаныштан бал-бұл жанып тұрды. Әуелі:
– Түнде маған сондай тамаша аят түсті, ол дүние 
мен оның ішіндегінің бәрінен әлдеқайда артық! – деді. 
Барлық жұрт келген аятты білуге қатты құмарта ба-
стады. Сахабалардың барлығы Аллаһ расулының 
айналасына шоғырланып, түскен аятты есту үшін 
тағатсыздана күте бастады. Аллаһ елшісі оларға 
«Фатх» сүресін оқи бастады. «Күмәнсіз біз саған айқын 
жеңіс нәсіп еттік» – делінген болатын аятта. Күмәнсіз 
бұл осыдан бірнеше сағат бұрын Аллаһ расулының 


128
Жүрек төрінен орын алған теңдессіз тұлға Мұхаммед (с.а.с.)
айтқандарының құпталғанын білдіретін үкім еді. 
Сахабалардың арасынан бір кісі осы айтылғандардың 
барлығы Аллаһ расулы тарапынан тағы бір рет 
пысықталып өтуін талап еткендей:
– Бұл сонда жеңіс болып санала ма? – деп сұрады. 
Аллаһ расулы:
– Шыбын жанымды құдіретті уысында ұстап 
тұрғанға ант етейін, бұл нағыз жеңіс! – деді. Осылай-
ша бұл мәселеге қатысты түпкілікті үкім айтылды. 
Осыдан кейін Хұдайбияның жеңіс екеніне ешкімнің 
зәредей де күмәні қалмады. 
Задында, сүрені түсірген Жәбірейіл Әмин де осынау 
жеңіске қол жеткізгені үшін Аллаһ расулын құттықтап, 
пайғамбарымыз да хазірет Жәбірейілдің құттықтауына 
тиісті жауап пен ілтипатты білдірген болатын. Осыны 
көріп ардақты сахабалар Расулаллаһқа келіп, Аллаһ 
тағала нәсіп еткен осынау ұлы жеңістің қуанышына 
ортақ болуға күш салған еді
35
.
35
Аяттың жалғасында Аллаһ тағала елшісіне нәсіп ететін материалдық 
және рухани нығметтерді атап өтіп, осыларға қатысты «Бұл да Аллаһтың 
сенің өткендегі және болашақтағы қателіктеріңді кешіруі, саған берген 
ихсан (жақсылық) пен «инамды» (игілік, нығмет) тәмәмдауы, сені тұп-
тура жолға салуы және саған атақты және абыройлы бір жеңіс нәсіп 
етуі үшін» деп түсіндіруге келетін аяттар ретінде үмбетіне хабар бер-
генде ардақты сахабалар пайғамбарлар падишасына 
(саллаллаһу аләйһи уә 
сәлләм) 
қарап: «Мүбәрак болсын! Сені құттықтаймыз, ей, Аллаһтың ра-
сулы! – деп, артынан «Аллаһ тағала саған қандай нығмет нәсіп ететінін 
айқын, ашық түрде білдірді. Алайда, ертең біздің басымызға не тап 
боларын білмейміз» деп уайымдарын айтқан болатын. Осыдан кейін 
адамзаттың асыл тәжі оларға мына аяттарды оқи бастады: «Имандағы 
«яқин» тереңдіктерін арттырсын деп мүміндердің жүректеріне 
«сәкинә» (тұрақтылық) түсірген – Аллаһ! Көк пен жердің әскерлері 
Аллаһқа тән. Аллаһ барлық нәрсені толығымен біледі, толық үкім 
беруші және хикмет иесі. Бұл да Аллаһтың мүмин ер кісілерді және 
мүмин әйелдерді ішінде мәңгілік қалатын және ішінде өзендер ағатын 
Жаннаттарға орналастыруы, олардың күнәларын кешіруі үшін. Бұл 
Аллаһтың алдында үлкен бір жетістік, үлкен табыс!» («Фатх» сүресі, 
48/1-6). 


129
Ұмра сапары және Хұдайбия
Осыдан кейін сахабалар да тереңнен тыныс алып, 
көңілдері жайланды. Кейде дауыстарын көтере сөйлеп, 
наразылық танытқандары үшін кешірілгендіктері 
білдіріліп, көңілдеріндегі уайым бұлты сейілген бола-
тын. Осыдан кейін сахабалар расулаллаһтың қалауы 
мен әрекеттері Аллаһ тағаланың қалауы мен еркінен 
тыс бола алмайтынын жақсы түсінді. Сондықтан осын-
дай жағдайларда басқа да балама шешім жолдарын 
іздеу жөн емес екенін де түсінді. 
Осыдан кейін пайғамбарымыз күн-түн демей 
жол жүріп отырып, тезірек Мәдинаға жетуге асықты. 
Аллаһ елшісі мен сахабаларының Мәдинадан ұмра 
мақсатымен шыққан күндерінен бастап осы кезге дейін 
дәл бір жарым ай уақыт өтіпті. Бұл уақыттың шамамен 
жартысы Хұдайбияда, қалғаны жол жүрумен өтті. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   40   41   42   43   44   45   46   47   ...   155




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет