МұхаММед (с а л л а л л а һ у а л ә й һ и у ә с әл л ә м ) 3 Аударған: Ғалымбек Тобашев



Pdf көрінісі
бет46/155
Дата16.11.2022
өлшемі1,98 Mb.
#50491
1   ...   42   43   44   45   46   47   48   49   ...   155
Байланысты:
Жүрек төрінен орын алған 3 том

елшілер және ислаМды жаю 
Кезеңі
Мәдинада басқаша, жаңа кезең басталды. 
Хұдайбиямен бірге Меккеден келуі ықтимал қауіп-
қатерлер ұмыт болып, діннен хабары жоқ өзге халыққа 
Исламның жарқын бейнесін дәріптеуге мүмкіндік 
туды. Онсыз да осыған дейінгі соғыстарды меккеліктер 
бастап, барлық қақтығыстарды солар туындатқан бо-
латын. Мұсылмандар тек қорғанумен ғана шектеліп 
келген еді. Бұндай аласапыран шақта дінді жаю 
мүмкін болмаған еді. Алайда, мүміннің негізгі 
мақсаты – Аллаһтың атын дәріптеу және таныту. 
Негізінде Хұдайбиядан кейін Мекке де бірте-бірте 
мойынсұна бастаған еді, өйткені бұдан былай адамдар 
бейбіт әрі қауіпсіз түрде мұсылмандықты жақынырақ 
тануға, Ислам дініндегі игіліктерді көру мүмкіндігіне 
ие болған еді. Меккеден Мәдинаға, Мәдинадан Мекке-
ге жаңа жолдар ашылып, бұл жолдарда әрдайым дін 
үшін жаңа сапарлар ұйымдастырылды. 
Пайғамбарымыз Исламды дәріптеу үшін осы 
жағдайды жақсы пайдаланып, сахабаларын да осыған 
бағыттады. Бұл кезең нағыз көңілдерді жаулайтын 
уақыт еді. Өйткені, Расулаллаһ 
(саллаллаһу алейһи уәссәлләм)
тек сол кездегі адамдарға ғана емес, бүкіл адамзат ба-
ласына пайғамбар етіп жіберілгендіктен, баршаның 
қабылдауы тиіс нәби болатын. Сол үшін де оның 
дағуасы басқа адамдарға да жеткізілуі керек. Аллаһ 
тағала Хұдайбияда мүміндерге осы мүмкіндікті ту-
дырды. 


135
Елшілер және Исламды тарату кезеңі
Хижреттен алты жыл өтіп, жетінші жылға аяқ 
басқан кез
39
. Расулаллаһ Хұдайбиядан кейінгі бір 
күні сахабаларын жинап, әуелі Аллаһқа мадақ айтып, 
ұлықтағаннан кейін оларға: 
– Ей, жарандар! – деді. – «Күмәнсіз, Аллаһ мені 
рақымдылық жаршысы ретінде жіберді. Менің 
алдымдағы міндеттеріңді орындаңдар, сонда Аллаһ 
сендерге рақымдылықпен қарайды! Өйткені, мен 
сендердің біразыңды патшаларға елші етіп жіберемін, 
алайда сендер Исраилұлдарының Иса ибн Мәриямға 
қарсы келгеніндей маған қарсы келуші болмаңдар!» 
Сахабалар таңырқап: 
– Уа, расулаллаһ! Хауарилер қалай қарсылық еткен 
еді? – деп сұрады. Сонда Аллаһ расулы былай деді: 
– Менің сендерге тапсырып отырған істі Иса да 
хауарилеріне тапсырған. «Жер бетіндегі патшаларға 
адамдарыңды жібер» деген Аллаһтың уахиі келген-
нен кейін оларды белгілі жерлерге елші етіп жіберген. 
Ал, хауарилердің жақын жерге жіберілгендері бұған 
келісіп, ал алысқа жіберілгендері келіспеген. Сонда 
Иса қолын жайып: 
– Уа, Аллаһ тағалам! – деп жалбарынды. «Маған 
уахи еткендеріңді хауарилерге жеткіздім, бірақ олар 
келіспеушілік танытты!» 
Сонда Аллаһ:
Сен оларды маған қалдыр, – деп уахи жібереді. 
Кейіннен олардың барлығы ұйықтап тұрғанда, бара-
тын жерлерінің тілін білетін болып оянады. Сонда Иса 
оларға: 
39
Хаттардың жіберілген мерзімі алтыншы жылдың соңы болумен қатар, 
жетінші жылдың Мухаррам айы болуы да мүмкін екендігі айтылды. 
Қараңыз: Салихи, Субулул-худа уәр-рәшад, 11\344, 372


136
Жүрек төрінен орын алған теңдессіз тұлға Мұхаммед (с.а.с.)
– Міне, бұл Аллаһтың сендер үшін белгілеп, 
нақтылап бекіткен ісі, қане, уақыт жоғалтпастан дереу 
жолға шығыңдар, – деп бұйырады. 
Пайғамбарымыз осы оқиғаны айту арқылы са-
хабаларын бір іске дайындаған еді, өйткені, оның 
пайғамбарлығы хазірет Иса секілді белгілі бір аймақты 
қамтып, тек белгілі бір адамдарға ғана берілген жоқ, 
ол баршаны қамтиды. Ендеше, сахабалар хауарилерден 
де көп күш жұмсап, пайғамбарға қалтқысыз бағынуы 
керек. Шынында солай еді. Бұл сөзді естіген сахабалар:
– Уа, расулаллаһ! Аллаһқа ант етеміз, біз ешқашан 
саған қарсы келмейміз. Қайда қаласаң, бізді сонда 
жібер, барлық бұйрығыңды бұлжытпай орындаймыз! 
– деді.
Сахабаларынан осындай жауап алған Аллаһ 
расулы 
(саллаллаһу алейһи уәссәлләм)
олардың біразын шет 
аймақтардағы тайпа басшылары, ел билеушілер мен 
патшаларға жібере бастады. Хат жазып, хатты елші 
сахабаға беріп аттандырып отырды. Мұны естіген са-
хабалар толқи бастады, әсіресе, Византия, Парсы және 
Хабашстанға хат жіберетінін естігенде алаңдаушылық 
танытып: 
– Уа, расулаллаһ! Олар мөр басылмаған хатты 
оқымайды, – деді.
Олар дұрыс айтқан еді, жағымсыз жағдайға тап 
болмас үшін бұл талапты назардан тыс қалдырмау 
керек. Аллаһ расулы 
(саллаллаһу алейһи уәссәлләм)
дереу өзіне 
күмістен бір үлкен жүзік жасатты. Жүзіктің бетіне үш 
қатар етіп «Мұхаммед... Расул... Аллаһ» деп жаздырды. 
Бұдан былай жіберілетін барлық хаттарға осы мөр ба-
сылатын болды. 
Бір күнде алты сахабаны шақырып алып, алтауын 
алты жерге жіберді. 


137
Елшілер және Исламды тарату кезеңі


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   42   43   44   45   46   47   48   49   ...   155




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет