МұхаММед (с а л л а л л а һ у а л ә й һ и у ә с әл л ә м ) 3 Аударған: Ғалымбек Тобашев


алғашқы елшіні Хабашстанға жіберу



Pdf көрінісі
бет47/155
Дата16.11.2022
өлшемі1,98 Mb.
#50491
1   ...   43   44   45   46   47   48   49   50   ...   155
алғашқы елшіні Хабашстанға жіберу
Алғаш шақырылған кісі Амр ибн Үмәйя болатын. 
Аллаһ расулы 
(саллаллаһу алейһи уәссәлләм)
оны Хабашстанның 
патшасы Нәжашиге жіберді. Хатта былай делінді: 
– Рақымды әрі мейірімді Аллаһтың атымен. Бұл 
– Аллаһтың расулы Мұхаммедтен Хабашстанның 
ұлығы Нәжашиге жазылған хат. Амандық пен саулық 
– Исламға мойынсұнғандарға, Аллаһқа және расулына 
иман келтіргендерге, Аллаһтан басқа құдай жоқ екені-
не, Оның жалғыз және серігі жоқ екеніне, баласының, 
көмекшісінің жоқ екеніне сенгендерге, Мұхаммедтің 
оның құлы әрі расулы екенін қабылдағандарға!
Күмәнсіз, мен сені Исламның кең әрі бейбіт әлеміне 
шақырамын, өйткені Мен Аллаһтың елшісімін! Сен де 
мұсылман бол және Исламның адамдардың көңіліне 
сенім ұялататын әлеміне кір
40
.
«Ей, әхли кітап! Біз бен сендерді біріктіретін ортақ 
әділ Аллаһтан басқаға құлшылық етпейік. Оған еш 
нәрсені серік етіп қоспайық, ешкім Аллаһпен қатар 
басқаны да құдай тұтпасын» деген сөзді қабылдайық
41
.
40
Нәжаши сөзі патша және король сөздері секілді Хабашстан мемлекет 
билігіндегі ең жоғары лауазым үшін қолданылатын сөз болатын. 
Айтылғандарға қарағанда Аллаһ расулының ол жерге жіберген хаттарында 
екі түрлі Нәжаши туралы айтуға болады. Өйткені, алғашқы Нәжаши болған 
Асхам ибн Әбжар хазірет Жағфар және сонымен бірге осы жерге хижрет 
еткен сахабалар арқылы мұсылман болғанын айтып, пайғамбарымызға 
хат жіберген. Олай болса, хазірет Әнастың да айтқанындай, Аллаһ расулы 
(саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) Амр ибн Умәйя арқылы жіберген осы хатпен 
жаңа Нәжашиді де Исламға шақырды. Қараңыз: Мүслим, Сахих, p\1397 
(1774); Ибн Қайюм, Задул-Мағад, 3\603; Салихи, Субулул-худа уәр-рәшад, 
11\344, 366
41
Қараңыз: «Әли Ғымран» сүресі, 3\64. Аллаһ расулы (саллаллаһу аләйһи 
уә сәлләм) аяттың соңындағы «Егер бұл шақыруды қабылдамайтын болса 
«Біздің Аллаһтың бұйрықтарына бағынатын мүміндер екендігімізге куә 
болыңдар» деңдер» деген жерін де жазып, Нәжашиге «Егер теріс айналсаң, 
онда қауымың арасындағы христиандардың күнәсін де арқалайсың» деп 
ескертті. Қараңыз: Ибн Кәсир, Сира, 2\41, әл-Бидая
уән-Нихая, 3\104


138
Жүрек төрінен орын алған теңдессіз тұлға Мұхаммед (с.а.с.)
Аллаһ расулының хатын алып оқыған Нәжаши 
алдымен хатты алып сүйеді, сосын бетіне сүйкеп, 
расулаллаһқа деген құрметін білдіру үшін тақтан 
түсіп, мұсылман болғанын жариялайды. Шәһәдат 
келтіргеннен кейін былай дейді:
– Егер Мұхаммедтің қасына баруға мүмкіндігім 
болса, міндетті түрде барар едім. Өйткені, Аллаһ куә, 
ол кітап әхлі болған яхудилер мен христиандар күтіп 
жүрген үмми пайғамбар! Мұса «Қашырға мінеді» деп 
Исаның келетінінен хабар бергені секілді күмәнсіз 
Иса да «Түйеге мінеді» деп Мұхаммедтің келетінін 
білдірген. Әрине, бұл сүйінші хабардан гөрі оны көзбен 
көрген қандай жақсы! Бірақ, амал не, хабаштықтардан 
көмекшілерім аз, мен олардың санының артқанын және 
Исламға мойын бұрғанын күтемін.
Осыларды айтқан Нәжаши Аллаһ расулының 
хатын пілдің сүйегінен жасалған бір құтының ішіне 
салып, оған деген құрметін баршаға көрсетіп:
– Бұл хаттар осында тұрған кезде хабаштықтарда 
қайыр мен береке болады, – дейді.
Сонымен қатар, Нәжаши сол күні Хабашстан 
мұхажырларының арасында болған және күйеуі 
Убәйдуллаһ ибн Жахштың өлімінен кейін жалғыз 
қалған Әбу Суфиянның қызы Үммү Хабиба мен 
пайғамбарымыз үшін бір неке рәсімін өткізеді. 
Бұл кездері Хабашстанда болған Амр ибн Астың 
әрекеттері тағы да нәтижесіз қалып, патшадан көрген 
қатаң қарсылық нәтижесінде сол күні ол да тәубасына 
келді. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   43   44   45   46   47   48   49   50   ...   155




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет