164
Жүрек төрінен орын алған теңдессіз тұлға Мұхаммед (с.а.с.)
ыстырып, басын қатты жарақаттады. Мейірімді Аллаһ
расулы
(саллаллаһу алейһи уәссәлләм)
сахабаға көмекке жүгіріп,
бетінің сылынған
терісін орнына жабыстырып, мата-
мен таңды
60
.
Бір кезде Хайбардың атақты қолбасшысы Мархаб
қылышын сермеп, Наим қамалынан шығып, жекпе-
жекке шақырды. Оған қарсы Амир ибн Әкуа шықты.
Алайда,
Мархаб шапшаң әрекет жасап, қылышын
бірнеше мәрте сермеп,
оны шейіт етті
61
.
Сол күндердің бірінде хазірет Амирдің бауыры
Сәлама ибн Әкуаның да аяғы жараланды. Аллаһ расулы
(саллаллаһу алейһи уәссәлләм)
оған үш рет үрлеп дем салды.
Хазірет Сәламаның аяғы тез жазылып, ешқашан ауыр-
мады.
Бұл кездерде сахабалардан көп адам науқастанды,
аштық жайлап, амалсыздан әлі піспеген құрмаларды
жеді. Пайғамбарымыз оларға мынадай ұсыныс айтты:
–
Суды мосыға құйып суытыңдар, сосын оны азан
мен қамат арасында Аллаһтың атын атап, бисмиллә
деп бастарыңнан төмен қарай құйыңдар.
Расулаллаһтың
ымдарының өзін бұйрық деп
қабылдаған сахабалар, айтқанын бұлжытпай орындап
суды алып солай жасады, сөйтіп ауруларынан айықты.
60
Алайда, Махмұт ибн Мәсләма үш күннен кейін шейіт болады, мұның
бір қызық жері оны жаралаған Мархаб та хазірет Махмұттың қайтыс
болған күні өлтірілген болатын. Махмұт ибн Мәсләманы диірмен
тасымен жаралап, өлуіне себеп болған адамның Кинана Әбул-Хуқайқ
екендігі де айтылады. Қараңыз: Уақиди, Мағази, 1\658; Ибн Хажар,
әл-Исаба, 3\70; Ибн Кайим, Задул-Мағад, 3\283
61
Аллаһ расулы
(саллаллаһу аләйһи уә сәлләм)
хазірет Амирді Махмұт ибн
Мәсләмамен бірге Рәжидегі бір үңгірге көмді. Қараңыз: Уақиди,
Мағази, 1\658