намазсыз шейіт
Расулаллаһ
(саллаллаһу алейһи уәссәлләм)
та сол күні қос қабат
сауыт танып, басына дулығасын киді. Зариб деген
атына мініп, қолына садағы мен оғын алды. Бір кезде
қасына Ясар деген бір қара кісі келді. Өзінің Амирдің
шопаны екенін айтып:
173
Даулы Хайбар мәселесі
– Уа, Мұхаммед! – деді. Қожайыны Амир
мен жолдастары соғысқа дайындалып жатқанда
«Өзінің пайғамбар екенін айтып жүрген кісімен
соғысамыз» дегендерін естіп қалып, оның жүрегінде
пайғамбарымызға деген бір қызығушылық пайда
болып еді. Сол себепті қойларын айдап келіп,
мәселенің ақиқатына көз жеткізгісі келген болатын.
Сол оймен: – Сенің айтып жүргендерің не? Адамдарға
нені үндейсің? – деп сұрады. Пайғамбарымыз:
– Исламға, Аллаһтан басқа құдай жоқ екеніне
сеніп, Аллаһқа құлшылық етуге және менің пайғамбар
екеніме куәлік етуге шақырамын, – деді.
– Егер мен дәл осылай куәлік жасап, Аллаһқа
иман келтірсем, маған не беріледі?
– Осындай сеніммен өлсең сен үшін жұмақ бар,
– деп жауап берді Аллаһ расулы
(саллаллаһу алейһи уәссәлләм)
.
Сонда Ясар:
– Онда маған Исламды және қалай мұсылман
болуды түсіндір, – деді.
Шынайы бет бұру еді бұл. Тағы бір кісі мұсылман
болды! Хайбар алдында қызу соғыс болып жатқанда
Ясир келіп, шын ықыласымен кәлима-и тәуһидті
айтты. Сосын пайғамбарымызға қарап:
– Уа, расулаллаһ! Мен қара нәсілді, ұсқынсыз,
жағымсыз иісті, түгі жоқ адаммын, бүгін мына яхуди-
лермен соғысып, өлетін болсам жұмаққа кіремін бе? –
деп сұрады.
– Иә, – деп жауап берді Аллаһ расулы. Ясардың
бұл әрекетінен оның бар ықыласының жұмаққа ауып,
қалайда соған қол жеткізуге бел буған байқалды.
Пайғамбарымызға қарап:
– Уа, расулаллаһ! Мына қойлар маған берілген
аманат, мен – олардың иесінің қызметшісімін. Бұларды
174
Жүрек төрінен орын алған теңдессіз тұлға Мұхаммед (с.а.с.)
не істейін? – деді. Аллаһ расулы
(саллаллаһу алейһи уәссәлләм)
оның ойын түсініп:
– Майда тастармен атып, дауыстап, қойларды
жолына салып айдап жібер, Ұлы Аллаһ тағала саған
аманатын орындатып, оларды иесіне жеткізеді, – деді.
Пайғамбарымыздың айтқанындай етіп дереу жерден
майда тастар алып, Ясар оларға лақтырып:
– Мен енді сендерді бақпаймын, иелеріңе
барыңдар, – деп айқайлады. Шынында да қойлар иесін
бетке алып жүріп кетті. Енді Ясар тек өз басына ғана
жауапты құл болды. Кейін ол хазірет Алидің әскеріне
барып қосылды.
Арада көп уақыт өтпестен қамалдан сақпанмен
атылған тастардың бірі хазірет Ясарға тиіп, оны шейіт
етті. Хазірет Ясар өмірінде бір рет те намаз оқымастан
бақиға аттанды. Мәйіт пайғамбарымыздың алдына
әкелінгенде, хайбарлықтар адам орнына санамаған
қара құл расулаллаһтың алдында айбатты түрде
жатты. Аллаһ расулы
(саллаллаһу алейһи уәссәлләм)
оған ұзақ
қарады. Бәлкім, бұл қараста ешқандай құлшылық
жасап, сауап алмаса да Аллаһпен кездесуге бұрынырақ
кеткен бір құлға деген сүйіспеншілік болған шығар!
Расулаллаһтың бұл қарасы сахабалардың да наза-
рын аударып, олар да Ясарға назар салды
65
. Ол үшін
65
Бір кезде жүзін хазірет Ясардан кері бұрғаны байқалды, бұл жай әрекет
емес еді, дереу:
– Уа, расулаллаһ! Одан неге жүзіңізді теріс бұрдыңыз? – деп себебін
сұрады. Ол:
– Қазір оның жанында жұмақтың хор қыздарынан екі әйелі бар.
Шейіт жерге құлаған кезде жұмақтың хор қыздарынан екі әйелі келіп,
бетіндегі шаңды сүртіп жатып, «Сенің бетіңді шаңға малғандардың
да жүзін Аллаһ топырақпен былғасын, сені өлтіргенді өлтірсін» деп
дұға етті. Аллаһ бұл құлына жақсылық жасап, оны ізгілікке тартты,
Аллаһқа ешқашан сәжде етпесе де жұмақтың хор қыздарының екеуін
оның қасынан көрдім! Қараңыз: Ибн Хишам, Сира, 4\316; Уақиди,
175
Даулы Хайбар мәселесі
расулаллаһтың былай деп дұға еткені естілді: «Аллаһ
сенің иісіңді және көркіңді әсемдетсін, молшылық
берсін!»
жеңіс
Бергі жақта қызу соғыс жүріп жатты. Қылыштарын
жалаңдатқан Мархаб пен хазірет Али бір-бірімен
аянбай шайқасты. Хайбардың алдында шаңқылдаған
қылыштың даусы естілді. Бір кезде дүрс еткен қатты
дауыс шықты. Өлім құштыратындай ауыр соққы
болғанын баршасы пайымдады. Шаң тарағаннан кейін
хазірет Алидің тұрғанын көргенде мүміндер тәкбір
айта бастады. Екі қабат сауыт ішіндегі Мархабтың
басына Зүлфиқар (қылыштың аты) тиіп, екіге айырып-
ты.
Ясардан кейін Мархабтың да өлгенін көрген
расулаллаһ
(саллаллаһу алейһи уәссәлләм)
сахабаларына мынадай
сүйінші хабар айтты:
– Қуаныңдар! Хайбарды алу енді қиын емес!
Шынында да солай болды. Мархаб өлгеннен кейін
арада нағыз соғыс басталды. Хайбарлықтар қирауға
шақ қалған қамалдарын бермеу үшін бар күштерімен
қарсылық танытып, шайқасып бақты. Олар үшін әр
алынған қамал – ішін босатып қашу керек орын деген
сөз болатын. Арттарындағы қамалдарға қарай қашып,
сол жерді паналауға тырысты.
Осындай кезеңде бір күні хазірет Алидің қалқаны
қолынан түсіп, өзін қорғайтындай ештеңесі қалмай
қалды. Жан-жағына қарап тұрған кезінде көзі
қамалдың есігіне түсті. Есікті ырғап жұлып алды.
Мағази, 1\650; Ибн Хажар, әл-Исаба, 1\19; Сүхәйл, Раудул-Унф, 4\87;
Ибн Әсир, Усудул Ғаба, 1\47, 3\129
176
Жүрек төрінен орын алған теңдессіз тұлға Мұхаммед (с.а.с.)
Қамал алынып, ішке лап қойғанға дейін хазірет Али
әлгі есікті қалқан етіп ұстады.
Тіректері қирап, артқы жақтағы қамалдарға қарай
қашқан хайбарлықтарды хазірет Али мен сахабалар
арттарынан бақылап тұрды. Хайбарды енді «Аллаһу
әкбар!» деген тәкбірлердің дауысы жаңғыртты. Тәкбір
дауыстарынан қатты үрейленген хайбарлықтардың
істейтін еш амалы қалмады. Қанша басқа қамалдарға
қашып, паналамақ болса да шаруаларының біткеніне
көздері жетеді.
Достарыңызбен бөлісу: |