166
Жүрек төрінен орын алған теңдессіз тұлға Мұхаммед (с.а.с.)
қол жеткізетінін айтты. Олар ұзақ сөйлесті,
алайда
ешқандай нәтиже шықпады. Үгіттеуден ешқандай
пайда жоқ екенін түсінген хазірет Сад кетіп бара
жатқанда оған қарап былай ескертті:
– Мынаны айтпады деме, бүгін саған ұсынған
нәрселерімді бір күні бізден тіленіп сұрауға мәжбүр
боласың, бірақ ол кезде біз саған қылышпен ғана жауап
береміз!
Бәни Надир және Бәни құрайзалықтармен болған
жағдайды олардың есіне салды,
егер алғашқы
ұсынысты қабылдағанда бүгінгі таңда бастарына
келген мына жағдайдан құтылар еді. Бірақ, олар да
қасарысып, ақыры опық жеді.
Бұл бір ұсыныс болатын, ол қабылданбаған соң
хазірет Сад Аллаһ расулының құзырына барып,
Уәйнаның қарсылығын айтып, өз пікірін ортаға салды:
– Уа, расулаллаһ! Күмәнсіз, Аллаһ
өзіңе берген
уәдесін орындап, мейірімін жеткізді, олай болса сен
мына шөлдің арабына бір тал құрма да берме! Олар
онсыз да өздеріне қылыш көтерілгенін көрген кезде
Хандақтағы секілді кері бұрылып, елдеріне қашады
62
.
Күн батып бара жатыр еді. Аллаһ расулы сахабала-
рына қарап: «Туларыңды алып, ғатафандықтар тұрған
Наим қамалының іргесіне түнейсіңдер» деп, ұсынысты
қабылдамаған ғатафандықтар
бекінген қамалдарға
шабуыл жасауды бұйырды.
Болып жатқан бұл өзгерістерді олар да көріп тұрды,
қамалдардың сыртында жаңа қозғалыс басталып, бұл
қозғалыс енді біртіндеп Наим қамалына келген еді.
62
Сол күні ғатафандықтарға жасалған осындай бір ұсыныстың Бәни
Фазараларға да жасалғаны, бірақ олардың да бұған оң қарамағаны
айтылады. Ибн Қайим, Задул-Мағад, 3\291; Салихи, Субулул-Худа
уәр-Рәшад, 5\137
167
Даулы Хайбар мәселесі
Тіпті, дәл алдарына дейін келіп, туды сол жерге тіккен
кезде жүректері ұшып, дегбірлері қашып, дөңбекшіп
түні бойы ұйықтай алмай шықты. Оның үстіне таңға
жақын таныс емес бір дауыс оларға:
– Ей, ғатафан жамағаты! – деді. Жан-жақтарына
қарағанмен ешкімді көрмейді. Барлығы үдеріп:
– Хайфадағы отбасыларың! Отбасыларың құрыды!
Көмекке! Көмекке! Арттарыңда түк те қалмады! – деп
айқайлай бастады.
Ертең бастарына келуі мүмкін қиындықтарға енді
мал-жан қорқынышы қосылып, дүниелік нығметке
қол жеткізу үшін келген
Хайбарда өмірлеріне қауіп
төніп, енді бала-шағаларынан да айрылған еді. Қол-
аяқтары кесілгендей күй кешті. Не соғысатындай
батылдықтары, не бойларын тіктейтіндей күштері
қалмады, дереу елдеріне кері қайтуға шешім қабылдап,
қамалдарын тастап шыға бастады.
Әрине, сол түні үрейге бой алдырғандар тек
ғатафандықтар емес еді. Олардың кетіп қалғаны
туралы хабар Катиба қамалында болған Кинана ибн
Әбил Хукайққа жеткен кезде ол қасындағыларға былай
деді:
– Біз мына шөлдің арабтарымен қашан бірігіп
пайда көріп едік? Қашан оларға барып көмек сұрасақ та
олар үнемі тайқақтап, берген уәделерінде тұрған емес.
Уаллаһи, егер олар істің
басында бізге көмектесеміз
деп уәде бермегенде Мұхаммедпен соғысу жолын
таңдамас едік! Әттең, Сәлламды тыңдап, мына шөлдің
арабтарын көмекке шақырмағанымызда ғой! Өйткені,
ол бізге оларды көп сынағанын, әр жолында олардың
өздерін тастап кеткенін айтты, бізді бұл істен бас
тартуға шақырды. Ал, біз болсақ оны тыңдамадық!