МұхаММед (с а л л а л л а һ у а л ә й һ и у ә с әл л ә м ) 3 Аударған: Ғалымбек Тобашев



Pdf көрінісі
бет71/155
Дата16.11.2022
өлшемі1,98 Mb.
#50491
1   ...   67   68   69   70   71   72   73   74   ...   155
Байланысты:
Жүрек төрінен орын алған 3 том

ХайБардан Кейінгі жағдайлар
Хайбардан олжа алып Мәдинаға қайтқан 
пайғамбарлар төресі осы мүмкіндіктермен екі маңызды 
іс жасауды көздеді: әуелі дүние-мүлкін Меккеде тастап, 
Мәдинаға хижрет жасаған мұһажирларға, есіктерін 
айқара ашып, бар дүнесін олармен теңдей бөліскен 
Ансарға осы дүниелерді қайтарып беруді тапсырып, 
әрі оны өзі де тікелей орындамақ болды. Өйткені 
хазірет Әнастың анасы Үммү Сүләймның хижреттен 
кейін өзіне сыйлаған бір құрма бақшасы бар еді, сол 
күні осы құрма бақшасын Аллаһ елшісі 
(саллаллаһу аләйһи 
уә сәлләм) 
қолдана тұруға берген Үммү Әйманнан алып 
иесіне қайтармақ болды. 
Көздеген екінші ісі де Меккеге қатысты еді. Сол 
күні Меккеде үлкен құрғақшылық орын алып, халық 
та, қолдарындағы малы да қатты қиыншылық көрді. 
Бұны естіген Аллаһ елшісі 
(саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) 
сол 
күнге дейін қит етсе өзіне қылышын ала жүгіретін 
бұл кісілерге де аяушылық жасап көмектесіп, Хайбар 
бекінісінен түскен олжалармен Меккеліктерге көмек 
жібермек болды. Расулаллаһтың қимылы мүминнің 
жанашырлығы мен мейірбандығын аңғарттты. 
Аллаһтың құлдары болғандықтан оларға да қол ұшын 
созуды көздеп, осындай іс-шаралары арқылы оларды 
да Аллаһқа құл болуға шақыруда еді. 
Көмекті жеткізген сахаба Амр ибн Үмәйя еді. 
Көмек берген адамдары болса Әбу Суфиян, Сүһәйл 
ибн Үмәйя еді, бұлар басшы жағдайындағы кісілер бо-
латын, осыны себепкер етіп олардың тамырын басып 


205
Хайбардан кейінгі жағдайлар
ойларын білуге әрекет жасалды. Ислам үшін олардың 
ұстап отырған бағыттары бақыланды. Өйткені көп 
өтпей бұлардың үшеуі де мұсылмандықты қабылдап, 
Аллаһтың елшісіне мойынсұну бақытына бөленбек еді. 
Алайда сол күні Сүхәйл ибн Амр мен Сафуан ибн 
Үмәйя бұл көмекті алудан бас тартты. Маңайдағы ел-
жұрттың жағдайын көре тұра күні кешеге дейін өздері 
жақсылық жасаған адамдардан көмек алуға арланды. 
Бірақ олар Расулаллаһтың өзгешелігіне тағы бір рет куә 
болды. Өйткені өткенді еске алса, небір жамандықтарға 
тап болған басқа адамның өздеріне жақсылық жасауы 
мүмкін емес болатын. Әбу Суфиян сақ еді. Қанша 
жерден жолдастары бұны жақтамаса да, халыққа жа-
салып отырған жақсылықты көрмеу де мүмкін емес. 
Сондықтан да сол күні «Аллаһ бауырымның бала-
сын алдынан жарылқасын. Туыстығын жасап, бізге 
қарасты» деп, келген көмектің бәрін қабылдап, жұртқа 
таратып берді
79

Кезінде Мекке өзінің қадірін білмесе де 
Мұхаммадул-әмин 
жұрттың 
тартып 
отырған 
қиындығын білгендіктен, қол ұшын беру мақсатында 
оларға азық-түлік пен алтын жіберді. Бұл ертең үшін 
олардың көңілін аулау еді. 
Осы кезде Дәуістіктермен бірге Мәдинаға келген 
Әбу Хұрайра Нәбәуи мешітіне келіп орналасып, Суффа 
сахабалары арасына қосылды. Іздегенін тапқанына 
көңілі қуанышты еді, алайда өзімен бірге келген 
анасының мұсылмандықты қабылдамауы қуанышын 
су сепкендей басты. Ақыр соңында өзін қынжылтқан 
79
Тіпті Пайғамбарымыз Әбу Суфияннан өзіне тері жіберуін айтқан. Бұл 
сірә жіберілген көмекті қабылдауы үшін жасалған әрекет болса керек. 
Көмекті алған Әбу Суфиян Пайғамбарымыздың осы өтінішін орын-
дап, Мәдинаға тері жіберген. 


206
Жүрек төрінен орын алған теңдессіз тұлға Мұхаммед (с.а.с.)
жағдайды Аллаһ елшісіне барып ақтарды, анасына 
дұға етуін өтінді: 
– Уа, расулаллаһ, – деді − мен анамды ылғи 
Исламға шақырған сайын ол кісі маған бейәдеп сөздер 
айтады. Бүгін де айтып көрдім. Ол сіз жайлы құлағым 
шыдамайтын сөздер айтты. Әбу Хұрайраның анасы 
тура жолға түссе екен деп дұға етіңізші?
Шынайы 
айтылған 
тілек 
еді. 
Ардақты 
пайғамбарымыз қолын жайып Әбу Хұрайраның ана-
сына дұға етті. 
Әбу Хұрайраның қуаныштан төбесі көкке екі елі 
жетпей қалды. Расулаллаһ дұға етсе, ол дұғаның қабыл 
болатыны, нәтижеде анасының екі дүниенің бақытына 
қол жеткізетіні сөзсіз еді. Дереу атып тұрып үйіне 
тұра жүгірді. Көрген-білгенін анасына айтып бөліскісі 
келді. Үйге жеткенінде есіктің іштен кілттенгенін 
байқады. Есікті тартқылап көріп еді анасы: «Күте тұр» 
деп дауыстады. Сәл күтіп еді, анасы басына орамал 
салған күйі шығып есікті ашты да «Ішке кір» деді. Бір 
өзгерістің болғаны анық. Алайда Әбу Хұрайра әлі не 
болып, не қойғанын ұғар емес. Ақыры анасы Мәймуна 
бинт Сүбәйһ «Аллаһтан басқа құдай жоқтығына, 
Мұхаммедтің оның елшісі екеніне куәлік етемін» деді. 
Дәуістің арыстаны Әбу Хұрайра бар әлемді уысына 
ұстаған адамша қатты қуанғаннан жылап жіберді. 
Иманға тола адам үшін бұл хабардан асқан қуанышты 
хабар болар ма?! Дереу Аллаһ елшісімен бөліскісі 
келді. Жүгірген қалпы мешітке келді: – Уа, расулаллаһ! 
Сүйінші! Дұғаңыз қабыл болып, анам мұсылмандыққа 
өтті! 
Бұл хабар ардақты елшіні де қуантты. Әуелі 
Аллаһқа мақтау айтқаннан кейін нәтижесі де қайырлы 
болсын деп дұғасын жалғап: «Аллаһ тағалам», – деді. – 


207
Хайбардан кейінгі жағдайлар
«Мына құлың мен анасын мүмин құлдарыңа сүйдір әрі 
мүмин құлдарды да бұларға сүйдіре гөр!» 
Аллаһ елшісі Эфиопиядан қайтқан хазірет 
Жағфарға Хайбардан қайтқанда Нәбәуи мешітінің 
жанында бір үй салдырып, оған Рим императоры 
сыйлаған атлас матадан тігілген шапанды сыйлады
80

Эфиопия мұһажирлерін құшақ жая қарсы алған 
Нәжашидың мұсылмандарды қорғап-қолдағанын 
естігенде, әуелі барып, дәрет алды, сөйтті де қолын 
жайып ұзақ дұға етті. 
Бұл уақыттарда қауіпсіздік үшін сақтық ша-
ралары да жасалмай қалмады. Әлі араларында 
Мәдинаға шабуылдауды ойлағандарды, соған әрекет 
жасағысы келетіндерді басып, ендігі жерде Хижаз 
аймағында Исламның билігі орнағанын сездіру үшін 
маңайға қауіпсіздік күштерін жіберуді тоқтатпады. 
Пайғамбарымыз 
(саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) 
осы мақсатта 
хазірет Омар (р.а.) басшылығында отыз кісілік 
жасақты Түрабаға, хазірет Әбу Бәкір жасағындағы бір 
қолды Нәжид аймағындағы Хауазиндіктерге жіберді. 
Бұдан тыс Бәни Мүрра, Мәйфаға мен Жинап секілді 
аймақтарға да жасақтар ұйымдастырылды. Бұның 
бәрі де Хижаз аймағындағы жалпы бейбітшілікті 
қамтамасыз ету үшін жасалды. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   67   68   69   70   71   72   73   74   ...   155




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет