201
Даулы Хайбар мәселесі
Осы арада сахабалар да оянып, барлығы да парыз
намазды өткізіп алғандарына өкінді. Қалайша бір
мүмін Аллаһтың өзіне парыз еткен намазын оқымастан
уақыт өткізе алады! Бәрі де өз еркімен күзетке тұрып,
ұйықтап қалған хазірет Біләлді жазғырды
77
.
Олар ренжіп тұрғанда тағдыр өз дегенін жасады,
Аллаһ намаздарын өткізіп алуда да мұсылман үмбетіне
деген
рақымшылығынан бір жол ашып, бұдан былай
осындай жағдайда қалатындарға қалай әрекет жасай-
тыны туралы расулаллаһ арқылы әрбір мүмінге жол
көрсетті. Әуелі:
– Бұл жер шайтандар жайлаған жер, – деп қозғалуға
бұйрық беріп, Аллаһ расулы
(саллаллаһу алейһи уәссәлләм)
ол
жерден кетті. Сосын жаңадан тоқтаған жерлерінде
дәрет алып, хазірет Біләлге азан шақыруды тапсырды.
Сахабалар да дәрет алып, намазға дайындалды. Саха-
баларына таң намазының сүннетін де оқуды бұйырды.
Сөйтіп, қайтадан жамағат жиналып, Аллаһ расулы
(саллаллаһу алейһи уәссәлләм)
оларға
имам болып, таң намазын
оқи бастады. Намаз біткеннен кейін сахабаларына
қараған пайғамбарымыз былай деді:
– Бәріміздің рухымыз Аллаһтың құдіретті
қолында, қаласа оны алады. Бұған ең лайықты да
күмәнсіз – Сол. Олай болса сендер намазды ұмытқан
кездеріңде естеріңе түсе сала оқыңдар! Өйткені, Аллаһ
«Мені есіңе алу үшін намазды оқы» деп бұйырады
78
.
Сахабалардың бойын Хайбардың жеңісі мен айлар
бойы көрмеген Мәдинаға
қауышудың қуанышы кер-
неген еді. Мәдинаға жақындаған кездерінде даланы
77
Хазірет Біләл сол күні өзін ең аз айыптаған адам Аллаһ расулы
(саллаллаһу аләйһи уә сәлләм)
болғанын айтады.
78
Бұл оқиғаның Хунәйн соғысы кезінде жүзеге асқаны туралы риуаят та
бар. Қараңыз: Салихи, Субулул-Худа уәр-Рәшад, 5\155
202
Жүрек төрінен орын алған теңдессіз тұлға Мұхаммед (с.а.с.)
тәкбірдің даусы жаңғыртты. Пайғамбарымыз
(саллаллаһу
алейһи уәссәлләм)
бұл жағдайда оларға:
– Үндемеңдер! – деп бұйырды. «Өйткені, сендер
өздеріңнен алыстағыға
және де дауыстарыңды
естімейтінге дұға етіп жатқан жоқсыңдар. Сендер дұға
етіп тілеген Аллаһ барлық нәрсені естиді және бәріңе
өте жақын, өйткені, ол әрдайым сендермен бірге!»
Осыны айтқаннан кейін Аллаһ расулы
(саллаллаһу алейһи
уәссәлләм)
артында отырған Әбу Мұса әл-Әшғариға қарап:
– Әй, Абдуллаһ ибн Қайс, – деді. Бір нәрсе айтпаққа
оқталғаны белгілі еді. Әбу Мұса:
– Жаным саған құрбан болсын, айт, уа, расулаллаһ!
– деп жауап берді. Аллаһ расулы:
– Саған жұмақтың қазынасы болған сөздің қандай
сөз екенін айтайын ба? – деді. Назарды аударуды
қалағаны белгілі еді. Әбу Мұса:
– Әлбетте, айт, – деген соң:
– Лә хаулә уә лә қуәтә иллә билләһ, – деді. Аллаһ
расулынан мұны естіген сахабалар да енді тәкбір
айтуды тоқтатып, жұмақтың қазынасы деп білген осы
сөзді қайталады.
Түннің бір уақытында олар Жүрф
деген жерге
жетті. Сахабаларына асығып, қараңғы түн ішінде
үйлеріне бармауларын тапсырды.
Мәдинаға кірмей тұрып оларға алыстан Ұхыд
сәлем берді, сол күні Аллаһ расулы
(саллаллаһу алейһи уәссәлләм)
сахабаларының жетпісінің мекені болған Ұхыдқа
қарап, сахабаларына былай дейді:
– Біз бұл тауды жақсы көреміз, ол да бізді жақсы
көреді!
Ұхыдты Ұхыдтың
сахабаларына суреттеген еді,
ешкімнің көңілінде Ұхыдқа деген жағымсыз әсер
болғанын қаламағаны белгілі еді. Бұдан былай тек
203
Даулы Хайбар мәселесі
жақсы естеліктер айтылуы керек. Сосын қолын жайып,
Раббысына дұға етті: «Аллаһ тағалам! Мен Мәдинаның
мына екі қыры арасындағы нәрселерді харам және
тимейтіндей еттім! Ал, Мәдинаға кірген кезде: – Біз
күнәларымызға тәубе етіп,
Раббымызға құлшылық
жасап, сәжде мен мадақ айтып Раббымызға бет бұрып,
кері оралдық, – деді. Оның бұл сөздерін естіген саха-
балар да осылай қайталай бастады. Мәдинаға жеткенге
дейін мұны ауыздарынан тастамады».