МұхаММед (с а л л а л л а һ у а л ә й һ и у ә с әл л ә м ) 3 Аударған: Ғалымбек Тобашев



Pdf көрінісі
бет69/155
Дата16.11.2022
өлшемі1,98 Mb.
#50491
1   ...   65   66   67   68   69   70   71   72   ...   155
Байланысты:
Жүрек төрінен орын алған 3 том

Хайбардан кету
Хайбардың ісі бітті. Шамамен екі айға
75
созылған 
қоршау мен соғыстан кейін жиырма сегіз
76
адам шейіт 
болды. Хайбардан тоқсан үш адам өлтірілді. 
Жәмазиәлахир айы. Хайбардағы шаруалар 
шешілгеннен кейін енді кететін уақыт таяды. Аллаһ 
расулы 
(саллаллаһу алейһи уәссәлләм)
сахабаларымен бірге 
Хайбардан шығып, Уадил құраға қарай жылжыды. 
Өйткені сол жердегі Уадил құра және Тәйма яхудилері 
хайбарлықтар секілді Бәни құрайзалықтардың жазаға 
74
Хазірет Омар кезеңіне дейін де бұл келісім жалғасып, сол күні хазірет 
Омар Хайбар яхудилерімен бірге Фадак халқын да қуып, қолдарындағы 
жердің жарты бағасына тең келетін елу мың дирхамды Иракта қолға 
түсірген бір құн арқылы оларға төлеген. Қараңыз: Уақиди, Мағази, 
1\707; Салихи, Субулул-Худа уәр-Рәшад, 5\139
75
Хазірет Әнастен жеткен бір риуаятта бұл мерзімнің алты ай болғаны 
айтылады. Қараңыз: Табарани, Мұғжамул-кәбир, 6\256 (6337); 
Хайсами, Мәжмауз-Зауаид, 2\160
76
Бұл санның жиырма тоғыз болуы да мүмкін. 


198
Жүрек төрінен орын алған теңдессіз тұлға Мұхаммед (с.а.с.)
тартылуына ортақ келісімге келіп, Мәдинаға бірге 
шабуыл жасауға шешім қабылдады. 
Күн батар шақта Уадил құраға жеткен Аллаһ 
расулы әуелі оларды Исламға шақырды. Алайда, олар 
мұны түсінгілері келмей, мұсылмандарға оқпен жауап 
қайтарды. Сосын пайғамбарымыз да олар түсінетін 
тілмен сөйлесу үшін сахабаларын соғысқа дайын-
дап, туды Сағд ибн Убадаға беріп, сахабалар соғысқа 
кірісті. Осыған қарамастан Аллаһ расулы 
(саллаллаһу алейһи 
уәссәлләм)
тағы бір рет оларға дауыстап, тағы да Исламға 
шақырды. Бұл шақыруды қабылдаған жағдайда мал-
жандарын сақтайтындарын білдіріп, жүректеріндегі 
сезімдерінің есебін Аллаһқа беретінін ескертті. 
Олар тағы да қабылдамады, кезекпен батырларын 
шығара бастады. Оларға қарсы Зүбәйір ибн Аууам, Әбу 
Дүжана және хазірет Али секілді сахабалар шықты. 
Ортаға шығып, жекпе-жекке шақырған әр жауынгердің 
өлімінен кейін Аллаһ расулы 
(саллаллаһу алейһи уәссәлләм)
шақыруын қайталап, көп қан төгілмей тұрып бағынуға 
шақырды. Сол күні он бір адамдары өлді, бірақ Уадил 
құра халқы берілгісі келмеді. Намаз уақыты кіргенде 
пайғамбарымыз сахабаларымен бірге парыздарын 
атқарып, қайтадан оларды Исламға шақырды. 
Бір күні Рифаа ибн Зейдтің пайғамбарымызға 
сыйлаған Мидам деген құлына да оқ тиіп, өлді. Саха-
балар: 
– Ол қандай бақытты, жұмаққа кетті, – деді. Мұны 
естіген Аллаһ расулы 
(саллаллаһу алейһи уәссәлләм)
қарсылық та-
нытып: 
– Жоқ, ант етемін, қазір ол бөліс жасалмастан 
бұрын Хайбардан алған үлкен жамылғының ішінде 
лаулап жануда,- дейді.


199
Даулы Хайбар мәселесі
Жан түршігерліктей сөздер еді бұл, расулаллаһтың 
түйелерінің күтімімен айналысатын және Аллаһ расу-
лына қызмет ететін адамның майданда шейіт болуы 
да оның тозақ отынан құтылуына жетпеген еді. Демек, 
Ислам қылдан да жіңішке ұқыптылықты қажет ететін 
еді және Аллаһ расулының осы сөздерінен кейін басқа 
бір сахаба реңі солыңқы түрде оған барады. Қолында 
аяқ киімнің терісі бар болатын, ол да мұны әлі олжа 
бөлістірілмей тұрғанда Хайбардан алған екен. Алдымен 
оны расулаллаһқа берді, қорқыныштан реңі бозарып, 
Аллаһ расулынан жауап күтті. Сонда пайғамбарымыз 
(саллаллаһу алейһи уәссәлләм)

– Тозақтан бір немесе екі аяқ киімдік тері, – 
деді. Хайбарға жорық басталған күннен бастап осы 
кезге дейінгі жағдайларды бақылаған сахабалар дін 
мәселесінде өте мұқият әрекет жасау керектігін өз ара-
ларында отырып сөйлесетін. Өйткені, бүгіннің де бір 
ертеңі бар, ертең Хақ құзырында бұлардың жеке-жеке 
есебі беріледі.
Тағы бір сенбі күні болатын. Уадил құраға 
келгендеріне төрт күн өтті. Аллаһ расулы 
(саллаллаһу алейһи 
уәссәлләм)
қоршауды тағы да тарылта түсіп, жаңа шабуыл 
жасауды ұйғарды. Күн көтерілген кезде басталған 
бұл қоршау Уадил құра үшін соңғы қоршау болатын, 
нәтижеде олар шарасыздықтан берілді.
Сол күні Уадил құрадан алынған олжалар беске 
бөлініп, олардың бестен төрті сахабалардың арасын-
да бөліске түсті. Хайбарлықтармен жасалғаны секілді 
Уадил құра халқына да сондай құқықтар беріліп, 
жерлерін өңдеу және алған өнімдерінің жартысын 
Мәдинаға жіберу шартымен елдерінде қалуларына 
рұқсат етілді. Оларға басшы ретінде Амр ибн Саид 
тағайындалды. 


200
Жүрек төрінен орын алған теңдессіз тұлға Мұхаммед (с.а.с.)


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   65   66   67   68   69   70   71   72   ...   155




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет