МұхаММед (с а л л а л л а һ у а л ә й һ и у ә с әл л ә м ) 3 Аударған: Ғалымбек Тобашев



Pdf көрінісі
бет74/155
Дата16.11.2022
өлшемі1,98 Mb.
#50491
1   ...   70   71   72   73   74   75   76   77   ...   155
Байланысты:
Жүрек төрінен орын алған 3 том

Пайғамбарымыздың Меккеге кіруі
Зилхажжа айының төртінші жұлдызы еді. Аллаһ 
елшісі 
(саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) 
таң қылаң берісімен Мәрруз-
захран деп аталатын орыннан жылжып, Меккеге кірді. 
Араға бірнеше жыл салып Мекке алғаш рет өзінің 
«сыңарымен» қауышпақ. Жеті жыл бұрын қимастықпен 
қоштасып кете барған қасиетті мекенге өзімен осы 
күнге дейін жағаласып келген қауымымен келісімге
жасап келіп отыр. Құрбандық малдарын айдап Қағбаға 
қарай бет алды. Зитува деген жерге жеткенде, тәкбірді 
күшейтіп, тынбай тәлбия айтумен болды. Сахаба-
лар Қағбаға қалай құрмет көрсету керектігін алғаш 
рет Аллаһ елшісінен үйренбек. Абдуллаһ ибн Рауаха 
Қасуаның шылбырын ұстап, Аллаһ елшінің алдында 
жүріп отырды. Күні бүгінге дейін жүріп өткен тағдыр 
жолымен өлеңге қосты. Оның бұл жағдайын жатырқап, 
осы әрекеті жөн бе деп сұраған хазірет Омарға Аллаһ 
елшісінің өзі: – Әй, Омар, мен оны естіп келемін. Ибн 
Рауаханы жайына қалдырыңдар, – деп жауап қатты. 
Сөздің өзгеше бір сиқырлы күші бар-тын. Аллаһ елшісі 
(саллаллаһу аләйһи уә сәлләм)
«Оны жайына қалдыр, әй, Омар. Сөз 
жебеден де өткір» дегенде сол сиқырлы күшті меңзеген 
еді. Соларда хазірет Абдуллаһқа бұрылып, Меккеге 
кіргенде былай деп айту деп бұйырды: – «Аллаһтың 
ерекшелігі сонда, Одан басқа құдай жоқ, Құлдарына 
жәрдем береді. Әскерін жеңіске жеткізеді. Өзіне қарсы 
келгендерді жермен-жексен етеді». 
Абдуллаһ ибн Рауаха енді Аллаһ елшісінен естіген 
осы сөздерді қайталап айта бастады. Оған бірте-бірте 
сахабалар да қосылды. 
Көп жылдан бері қара жамылған Мекке енді ғана 
жадырап, дүр сілкінгендей. Әсіресе, мұһажырлардың 
қуанышында шек жоқ. Өйткені олар үшін Меккенің 


217
Хайбардан кейінгі жағдайлар
әрбір тасы естелікке толы еді. Хашимұлдарының майда 
балалары Пайғамбарымыздың маңайына жиылып
өздерінің сүйіспеншіліктерін байқатып жатты. 
Тәу етушілер көп ұзамай Қағбаға да жетті. 
Расулаллаһ пен Қағба бір нүктеде түйісіп, михраб 
пен мінбер қатар келгендей. Расулаллаһқа біреу-міреу 
қастандық жасап жүрмесін деген оймен сахабалар 
жан-жағын қаумалап, қорғап жүрді. Келісім бойынша 
осында үш күн болып, құлшылықтарын құмарлары 
қанғанша толық атқармақ. 
Құлшылық етуге барлығы даяр тұр. Әне-міне 
тауап рәсімі басталмақ. Қара тасқа беттемей тұрып 
Аллаһ елшісі 
(саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) 
ихрамының бір ұшын 
қолтығының астына алып, оң иығын ашып, екінші 
ұшын сол иығының үстіне тастады. Сөйтті де сахаба-
ларына: – Бүгін өзін сырт көзге мығымда, айбатты етіп 
көрсеткен жанға Аллаһ мейірімін төксін! деп айтты. 
Мақсаты, мүміндерді әлсіз көретін мүшріктерге сес 
көрсетіп, барынша күшті әрі айбынды болып көріну. 
Осы себепті, алғашқы үш айналымда нық адымдап, 
еңсені тік ұстап, кеудені кере түсіп, Қағбаны тауап 
етуді бұйырды. Өзі де дәл осылай істеп сахабалары-
на үлгі көрсетті. Ұзын саны екі мыңнан асқан көзі 
жасаураған, даусы зор, адымдары нық бұл кісілердің 
сыртқы көрінісі расында да тамашалауға тұрарлық еді. 
Тау басына шегінген мүшріктер бәрі онсыз да бұдан 
көз алмай қарап тұрды. Тәкбір мен тәлбия дауыста-
ры Фаран тауларына дейін жетіп, Бекке аңғарында 
айтарлықтай жаңғырық тудырды. Мұның бәрінде 
терең мән бар еді, Мекке мүшріктері соны жақсы 
түсінді. 
Бесін намазына уақыты кіргенде Аллаһ елшісі 
(саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) 
хазірет Біләлге дауыстап, азан 


218
Жүрек төрінен орын алған теңдессіз тұлға Мұхаммед (с.а.с.)
шақыруын бұйырды. Біләл Хабаши Қағбада алғаш рет 
Аллаһтың атын бар даусымен айтпақ. Ол үшін бұл ең 
ұлы мұрат еді. Өйткені өзі қалағандай Аллаһтың атын 
бар даусымен айғайлап айтуға мүмкіндік таппай жүр 
еді. Ылғи да қоқан-лоққы көріп басынан небір қилы 
күндерді өткізген болатын. Дереу Қағбаның үстіне 
өрмелеп шығып, құлаққа жағымды зор дауыспен азан 
шақыра бастады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   70   71   72   73   74   75   76   77   ...   155




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет