МұхаММед (с а л л а л л а һ у а л ә й һ и у ә с әл л ә м ) 3 Аударған: Ғалымбек Тобашев



Pdf көрінісі
бет79/155
Дата16.11.2022
өлшемі1,98 Mb.
#50491
1   ...   75   76   77   78   79   80   81   82   ...   155
сапа тәрбиесі және бағындырған 
асулар
Хирадағы жүздесуден кейін Жәбірейіл-әмин күн 
сайын түрлі жағдайларда келіп, адамзаттың кемелдік 
тұғырына көтерілуі үшін оларға Аллаһтың сөздерін 
жеткізіп отырды. Жүрек пен рухтың кемелдікке жетуі 


227
Хайбардан кейінгі жағдайлар
үшін жолға шығып, Пайғамбарымызға жолыққан осы 
бір көпшіліктің қияметке дейінгі барлық мүміндерге 
үлгі болуы көзделген еді. Әрбір жаңа сөз олар үшін 
өзгеше бір қозғаушы күш еді. Келген бойда орында-
лып қоғамнан көрініс табатын, әрі өмірде жүзеге аса 
бастайтын. 
Тағы да Жәбірейіл-әмин келіп Пайғамбарымызға: 
– Көктердегі және жердегі барлық нәрсе Аллаһқа 
тиесілі, – деп еске салғаннан кейін «Әй, адамдар!» деп 
мынаны айтты: 
– Сендер көкіректеріңдегіні жасырсаңдар да, 
жария етсеңдер де Аллаһ сендерді сол үшін жауапқа 
тартады. Содан кейін қалағанын кешіреді, қалағанын 
азаптайды. Шындығында Аллаһтың барлық нәрсеге 
құдіреті жетеді!
93
Барлық жаңа бұйрықтарда болғаны секілді бұл 
сөз де толқынданып Мәдинаға кең тарап, сахабалар 
арасында жаңа бір аласапыран тудырды. Алайда бұл 
жолғы халықтың алған әсері басқаша болды, бәрінің 
өңі қашып, буын-буындарынан әл кетті. Өйткені 
Аллаһ тек амалдар үшін ғана емес, ойдан өткен барлық 
нәрселер үшін де есепке тартпақ еді. 
Көп өтпей кезегімен барлығы пайғамбар мешітіне 
ағылып келе бастады. Келгендер бір шетке ысырылып, 
үнсіз отырды. Әбіржіп, бойларында әл қалмаған бұл 
кісілер соңында: – Уа, Расулаллаһ! – деп дауыстады. 
– Бүгінге дейін намаз, ораза, Аллаһ жолында күресу, 
зекет беру секілді шамамыз келетін небір амалдар-
ды атқарып келдік. Алайда бүгін сізге келген аяттың 
жауапкершілігі тым ауыр. 
Әрине, бұл түскен аятқа деген қарсылықты 
білдірмейді. Қайта бұл оның мағынасындағы 
93
«Бақара» сүресі, 2/284.


228
Жүрек төрінен орын алған теңдессіз тұлға Мұхаммед (с.а.с.)
ауырлықты көтеріп алып жүруге деген қиналысты, 
иләхи бұйрықты тиісінше атқара алмаудан туған 
қорқынышпен қайтадан рахмани мейірімді пана 
тұту еді. Әлгі мейірімділіктің бірден бір жаршысы 
Пайғамбарымыз 
(саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) 
өзі тәрбиелеген бұл 
кісілердің ішкі жай-күйін жақсы білетін. Алайда ол 
бұл сөздерін тек Нәбәуи мешітіне асыққандарға ғана 
емес, әлемді жалпы мағынада мешітке айналдыратын 
әрбір мүминге арнаған-ды. Сол үшін алғашқыда саха-
баларына арнап былай деді:
– Жоқ әлде сендер бұрынғы кітап иелері секілді 
«Естідік, бірақ бағынбаймыз» демексіңдер ме? Қайта 
сендер «Естідік те қалтқысыз мойынсұндық. Уа, 
жомарт раббымыз! Қандай жағдайда да бізді кешіруіңді 
тілейміз. Өйткені өзіңнен басқа біздің пана тұтар 
ешкіміміз жоқ. Түбі Өзіңе ораламыз» деулерің керек!
Сахабалар да осыдан басқаша ойламаған еді. 
Жүрекке әмір жүргізе алмай, Аллаһтың бұйрығын 
орындай алмаудан қорықты. Әйтпесе, әрине Раббының 
бұйрығына құлдық ұрары сөзсіз. Уайымдары Раббының 
бұйрығын орындамау емес, Жаратушы иені разы ете 
алмай қаламыз ба деген ой еді. Жағдайларын ардақты 
елшіге жеткізіп, беретін үкімін тағатсыздана күтті. 
Бірақ Жаратушы иенің бұйрығына қалтқысыз 
бағынатындықтарын білдірді. Онсыз да одан басқа 
баламаны ойлау мүмкін емес, Пайғамбарымыздың 
осы бағыттауымен Нәбәуи мешіті жаңғырып, әр 
бұрышынан «Естідік, бағынамыз» деген дауыстар 
естіліп жатты. Бұған қоса, Расулаллаһтың тәрбиелеген 
жамағатының сапасын да көрсетуде еді. Бұйрықты 
орындай алмай қаламыз ба деген уайымдарын білдіріп, 
осыған қарамастан басқа балама жол жоқтығын 
білгенде, барынша мойынсұнған еді. Бұл бір жағы 


229


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   75   76   77   78   79   80   81   82   ...   155




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет