208
Жүрек төрінен орын алған теңдессіз тұлға Мұхаммед (с.а.с.)
оқиғалар себепті сахабалар арасында таңғажайып
жағдайлар
81
ретінде де атауға ие болған. Ылғи болғаны
секілді сол күні де
Мәдинаға бір саудагер келіп,
қолындағыларын сахабаларға сатты. Біраз сөйлескенде
«Әнмар ибн Бағиз бен Бәни Сағыдұлдары сендерге
соғыс ашайын деп жатыр, ал сендер болсаңдар тым
жайбарақатсыңдар ғой» деген еді. Бұл маңызды хабар
еді. Өйткені бұл айтылған тайпалар бұдан бұрын да
сондай сұрқиялықтарға барған. Хабар Аллаһ елшісіне
жеткен кезде, орнына Әбу Зәррді өкіл
82
етіп қалдырып,
дереу төрт жүз
83
кісілік қолмен Мұхаррам айының бір
сенбі күні айтылған жаққа жорыққа аттанды. Мәдиктің
жолымен жүрді. Шүкра аңғарына жеткенде, сонда бір
күн түнеп, сахабаларын топ-топқа бөліп,
айналаны
барлап қайтуға жіберді.
Түннің бір уағында кері қайтқан сахабалар маңайда
ешкім кезікпегенін, тек кейбір іздерді байқағандарын
айтты. Аллаһ елшісі қайта жолға шығуға бұйырды.
Көздеген межеге қарай жылдам жол алып бара жатты.
Шаршап-шалдыққан кездерінде әрі шөл қысқан
81
Осы сапарда ағаштардың Пайғамбарымызға қорған болуы, әрі
Пайғамбарымыз қажетін өтегеннен кейін қайтадан бұрынғы жағдайына
келуі, қабірде азап көріп жатқан әлдекім үшін Пайғамбарымыздың
екі бұтақты солардың қабіріне қадап, азабы сәл жеңілдейтіндігін ай-
туы, Пайғамбарымыздың дұғасымен қояншық ауруымен ауыратын
баланың жазылуы, Пайғамбарымызға қастандық жасамақ болған
Ғаурастың тура жолға келуі, хазірет Жабирдың жоғалған түйесінің ор-
нын хабар беруі, су мен азық-түліктің берекеттеніп, бір шәйнек судың
әскерлердің бәріне жетуі, жолдан табылған үш түйеқұс етінің бүкіл
әскерге жетуі, қатты ашыққан кездерінде жағалауға шығып қалған
үйдей балықпен күнелткендері секілді мұғжизалар орын алған. Хай-
сами, Мәжмауз-зауаид, 9/8; Салихи, Субулул-хүда уәр-Рәшад, 5/175.
82
Өз орнына уәкіл ретінде қалдырған сахабаның хазірет Осман екендігі
де айтылуда.
Ибн Хишам, Сира, 4/157; Уақиди, Мағази, 1/8.
83
Бұл санның жеті жүз не сегіз жүз болғандығы туралы да мәлімет бар.
Уақиди, Мағази, 1/396; Салихи, Субулул-худа уәр-Рәшад, 5/175.
209
Хайбардан кейінгі жағдайлар
кездерінде демалып, жүруге жағдай көтергенде жолға
шығып отырды.
Соңында Мәдинаға екі күндік қашықтықтағы
құрмаға дейін келді. Бұл жер саудагер айтқан тайпаның
орналасқан орны. Алайда ол жерде қатын-қалаштан
өзге ешкім болмай шықты. Расулаллаһтың қол бастап
келе жатқан хабарын ести сала тауға қашып, сол жақтан
жағдайларды бақыламаққа оқталыпты.
Күрделі жағдай қалыптасып еді. Тауға қашқан
Ғатафандықтар біткен жеріміз осы болар деп түйді.
Сахабалар болса тауға қашқандардың аңдаусызда
шабуыл жасап-жасамайтынына көз жеткізгілері келді.
Үнсіз күту басталды.
Осы кезде түскі
намаздың уақыты кіріп,
Пайғамбарымыз
(саллаллаһу аләйһи уә сәлләм)
сахабаларымен бірге
түскі намазға дайындықтарын жасай бастады. Азан
оқылып, сапқа тізілді. Бұны көрген Ғатафандықтар
нағыз ұрымтал тұс осы болар деп түйді. Шабуыл
жасамаққа ұйғарғанмен араларынан әлдекімдер
«Оларға қазір тиіспеңдер. Бұдан кейін де намаз оқиды
қажет болса. Олар намазды қатты жақсы көреді»
дегендіктен, шабуылды келесі намаздың уақытына
қалдырды. Алайда ескермеген бір мәселе бар еді. Осы
аралықта Жәбірейіл періште келіп олардың жымысқы
ойларын жеткізді. Осы себепті Пайғамбарымыз
(саллаллаһу
аләйһи уә сәлләм)
екінді намазының уақыты кіре салысымен
сахабаларын екіге бөліп,
Құранда айтылғандай етіп
намаз оқыды. Ол бойынша бірінші рәкатты әскердің
жартысы ғана оқып, екінші жартысы екінші рәкатты
жалғастырды. Бұл кезде бірінші рәкатты оқығандар
шабуыл жасалмауын қадағалды. Ал екі рәкат біткеннен
кейін әрбірі жеке өзі намаздарын толықтыруы тиіс
болды. Сонда мүмкіндік
іздеп тұрған дұшпандарға
210
Жүрек төрінен орын алған теңдессіз тұлға Мұхаммед (с.а.с.)
жол бермейді. Таудағылар бұл жолы мүмкіндік таппа-
ды. Олар бұдан кейін де мүмкіндік таппады.
Шамамен он күндей осы аймақта болып,
дұшпандардың өздеріне шабуылдамайтынына әбден
көз жеткізген Аллаһ елшісі
(саллаллаһу аләйһи уә сәлләм)
Мәдинаға
қайтуға бұйрық берді. Әуелі Жуал ибн Сүрақаны
Мәдинаға жіберіп, аман-есендіктерін бір білдіріп
алғанды жөн көрді.
Осы сәт құстың ұясын көрген бір сахаба әлгі
ұядағы балапандардың бірін алып шатырға қарай келе
жатты. Басқалардың бәрі әлгі кісінің қолындағыға
қарап қалыпты. Аллаһ
елшісі де оған қарап, өзіне
қарай жақындап келгенін күтті. Дәл осы кезде аналық
құстың қанатын сабалап әлгі сахабаның үстінен олай
да, бұлай да шырылдап ұшқаны байқалды. Балапа-
нын құтқарғысы келген аналық құстың әрекеті еді
бұл. Мәселе енді түсінікті болды. Балапанының өмірін
құтқару үшін мына аналық құс өз басын тіпті қатерге
тіккендей. Аллаһ елшісі
(саллаллаһу аләйһи уә сәлләм)
: «Мына
құстың жағдайына таңырқадыңдар, солай емес пе?»
деді. «Сендер
оның балапанын алып едіңдер, аналық
құс өз басын қатерге тікті. Естеріңде болсын, Аллаһтың
құлдарына деген мейірімі мына құстың өз балапанда-
рына деген мейірімінен де артық».
Тағы да жолды жалғап, Мәдинаға жақындап
қалды. Соңында түн қараңғылығы түскенше жүріп
отырып Сырар деген жерде түнеді. Пайғамбарлар па-
дишасы осында бір түйе союды бұйырды. Байқамап еді.
Дұшпандардың бірі мұсылманның қанын ағызбайынша
қайтпауға өз-өзіне серт беріп, бұлардың ізін аңдып
жүріп отырыпты. Сол түні жел тұрды. Расулаллаһ са-
хабаларына «Бүгінгі түні бәрімізді кім күзетеді?» деді.
Орындарынан түрегелген Аббад ибн Бишр мен Аммар
211
Хайбардан кейінгі жағдайлар
ибн Ясир жарыса: «Біз күзетеміз, уа, Расулаллаһ» деді.
Аллаһ елшісі осыны естігеннен кейін барып тынығуға
жатты
84
.
Достарыңызбен бөлісу: