МұхаММед (с а л л а л л а һ у а л ә й һ и у ә с әл л ә м ) 3 Аударған: Ғалымбек Тобашев



Pdf көрінісі
бет82/155
Дата16.11.2022
өлшемі1,98 Mb.
#50491
1   ...   78   79   80   81   82   83   84   85   ...   155
Аллаһтың қылышы
Қолбасшылыққа өткен хазірет Халид сол күні 
кешке дейін соғыстың қалыбын бұзбастан соғысып, 
бар қабілетін паш етуді кештің батуына қалдырды. 
Осыншама қалың нөпір әскер бір уыс мұсылман 
әскерін бес күннен бері әлі ала алмаған еді, ала да ал-
майтын. Өйткені сол күні кешкісін хазірет Халид әскер 
жүйесін түбегейлі өзгертті. Ең алдында соғысқандарды 
артқа өткізіп, оң жақтағылар солға, сол жақтағыларды 
оңға ауыстырып, мұсылмандарға жаңа күш келіп 
қосылғандай әсер бергісі келді. 
Ертесі таң атқанда қайта сап тізілген жау жағы 
түні бойы өздері естіп шыққан дауыстардың мәнін 
енді түсінді. Сірә, мұсылмандарға жаңа, тың күш 
келіп қосылған секілді. Өйткені алдарында тұрған 
әскер алты күн бойы соғысқан әскерлерден өзгеше 
еді. Үш мың кісіні тізе бүктіре алмаған қайысқан қол 
тағы да жаңа күш келіп қосылған әскерлермен қалай 
шайқаспақ. Тіпті сол күні соғыс басталмай жатып-ақ 
өздерінің жеңілгенін мойындағандай жағдайда жүрді. 
Бұл жағдайда хазірет Халид ұтымды пайдаланғысы 
келді. Жүйелі түрде кейін қарай шегіне бастаған күйі 
дұшпан жағымен араны аша түсуге тырысты. Бұны 
көрген Византия әскері хазірет Халидтың бұл амалын 
да соғыс тәсілі деп ұғып, шабуылдай қалса, қоршауда 


236
Жүрек төрінен орын алған теңдессіз тұлға Мұхаммед (с.а.с.)
қалып, өз-өздеріне үлкен залал келтіреміз бе деген 
секем алды. 
Сол күннің кешіне дейін жалғасқан бұл жағдай 
екі жақ үшін де соғыс бітті деген мағынаны білдірді. 
Өйткені Византия осыншама жер қайысқан қолы бола 
тұра шағын ғана әскерден көп залал көріп қайтқысы 
келмеді. Сол себепті де кері шегіне бастады. 
Хазірет Халидтың да ойлағаны осы еді. Аллаһ 
елшісінің аманатын аман-есен Мәдинаға алып 
барғанды дұрыс көрді, нәтиже солай болды да. Бір 
апта бойы бетпе-бет болған ұрыстың соңында үш 
қолбасшымен бірге жалпы он екі кісі шейіт болды. 
Бұл аңызға бергісіз дастан болатын. Сол дәуірдегі ең 
мықты мемлекетпен соғысып, олармен күштік тепе-
теңдік осыншалықты айырмашылықта болғанына 
қарамастан, небәрі он екі кісі ғана шейіт болған еді. 
Бұны иләхи көмектен басқа нәрсемен түсіндіру қиын. 
Әрі бұны естіген барлық тайпалар Расулаллаһтың 
әскеріне енді осындай көзқараспен қарай бастады. 
Бұған қоса, Мұта Византия қамалдарының ашылған 
бір кертігін де білдірді. 
Мұтаға барарда бірқатар мәселе туындатып, қан 
төгіске жол берген кейбір тайпалар бар еді. Мәдинаға 
қайтар жолда хазірет Халид соларды да тәубесіне 
түсіріп қоюды жөн санады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   78   79   80   81   82   83   84   85   ...   155




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет