Меккенің аяулы азаматтары
Өткен іс-әрекеттердің барлығының қарсы жаққа
өзіндік әсер қалдырғаны күмәнсіз. Іспен көрсетіп
үлгі бола білу сөзбен басқаларға айтып түсіндіруден
әлдеқайда әсерлі еді. Аллаһ елшісі
(саллаллаһу аләйһи уә сәлләм)
екеуін де қатар атқарды. Ұлы мұратын іске асыру
үшін әрбір мүмкіндікті қалт жібермей, үнемі істеген
ісін азырқанумен болды. Сол күні Қағбаға кіріп
Аллаһқа құлшылық ете бастағанда, өзіне таңғала
қарағандардың болуымен қатар, өзімен бетпе-бет келу-
ден тайсақтап қашатындар да бар еді. Бұлардың бәрін
де танитын. Мүмкіндігінше құщағын оларға да ашық
ұстауға тырысатын. Сол үшін сол күні өзі көре алмаған
адамдарға хабар жіберіп, олардың да ойланғандарын
қалауда еді.
Халид ибн Уәлид сондайлардың бірі болатын.
Расулаллаһқа келіп мойынсұнғанын білдіргендердің
қатарында болғанын қалағаны болар, бұрынырақта
Мәдинаға хижрет етіп келген бауыры Уәлид ибн
Уәлидтен «Халид қайда?» деп сұраған болатын
92
.
Хазірет Уәлид сол күні бауыры Халидты іздесе
де таба алмас еді. Бірақ оған қайткенде де жетуі тиіс,
өйткені Расулаллаһтың сәлемдемесі бар еді, ол бір хат
жазып, сол сәлемдемені жеткізуді қалады. Хатында
Расулаллаһ пен араларында өткен әңгімені баяндап,
92
Ибнул-Әсир, Үсдул-ғаба, 5/423, 424.
224
Жүрек төрінен орын алған теңдессіз тұлға Мұхаммед (с.а.с.)
ол туралы Пайғамбарымыздың: «Халидтей парасат-
ты адамның Исламды біліп, мойындамауы мүмкін
емес. Шіркін, ол мүшріктерге қарсы бүкіл соғыстарда
мұсылмандар қатарында болғанда ғой. Өзі үшін бұл
қаншалықты қайырлы болар еді. Сонда біз де оны
басқалардан артық көріп, алақанымызға салып ұстар
едік» деген мағынадағы сөзді жеткізді. Хатын мына
сөзбен бітіріпті:
– Уа, бауырым! Сен үшін ең тиімді уақытта
алдыңнан шыққан мүмкіндіктерді ұтымды пайдалан.
Уысыңнан шығарып алған мүмкіндіктерді қайтару
үшін тезірек кел!
Хатты оқыған Халид ибн Уәлид іштей өз шешімін
қабылдады. Онсыз да Аллаһ елшісімен болған әр
соғыстан кейін іштей түсініксіз бір сезімге берілетін.
Хұдайбиядан бері байсалды түрде осы мәселені ойлана
бастаған. Енді қасына жолдас іздеді. Ішкі ойын Әбу
Суфиян, Икрима мен Сафуан ибн Үмәйяға білдіріп
еді, оң жауап ала алмады. Алайда өзі шешімінде
табандылық танытты. Ақыры соңында ұзақ уақыт әрі-
сәрі күй кешкеннен кейін ниетін Осман ибн Талхаға
айтты. Оның да өзі секілді дайын екенін білгенде,
ертесі күні екеуі жолға шықты. Хадда деген жерге жет-
кенде, Амр ибн Асты кезіктірді. Амандасып, екеуіне
«Жол болсын» айтты. Екеуі «Әлей болсын» деп, өзара
жөн сұраса бастады.
– Тыныштық па? Қайда бет алдың?
Сұраққа сұрақпен жауап қатты:
– Өздерің ше?
Енді созудың қажеті жоқ еді, сондықтан екеуі:
– Біз Ислам дінін қабылдап, Мұхаммедке қосылуға
бара жатырмыз, – деді.
Амр ибн Ас:
225
Хайбардан кейінгі жағдайлар
– Онда мен де қатарларыңды толтырайын, – деді.
Көп жылғы сыралғы достар Мәдинаны бетке алып
жылдамдатып жүріп кетті. Мәдинаға таяғанда бір
жерге ат басын тіреп, киімдерін ауыстырып алғанды
жөн көрді. Расулаллаһтың алдына тап-тұйнақтай таза
күйде барғылары келді.
Бұл уақытта Аллаһ елшісі олардың келе жатқаны
туралы хабарды әлдеқашан бұрын естіп, сахабаларына
бұрылып:
– Мекке ең бір аяулы адамдарын бауырымызға
салды, – деді.
Меккеде таппай хат қалдырған бауырының
келгенін естігенде, хазірет Уәлид ерекше қуанды.
Дереу алдарынан шығып күтіп алғысы келді. Расында
да Халид ибн Уәлид келе жатыр екен. Салған жерден:
– Тездетіңдер, – деді асықтыра түсіп, – Расулаллаһ
(саллаллаһу аләйһи уә сәлләм)
сендердің келе жатқандарыңды
естіп қатты қуанды, қазір сендерді күтіп отыр.
Олардың көңілі қобалжып, жылдамырақ адымдай
түсті.
Келген кездерінде қуаныштан мүбәрак жүздері
бал-бұл жанып тұрды. Тура толған айдай толықсып,
күндей жарқырап кетіпті.
Әуелі Аллаһ елшісіне хазірет Халид сәлем берді.
Өзін жылы қабылдағаны сондай, сәлемін алғанын
жүрегімен сезінді. Құшағын айқара ашып өзіне
шақыруы, күлімсіреуіндегі жылылық пен жүрегіндегі
сүйіспеншіліктің тәніндегі табымен Аллаһ елшісі
олардың көңілін тез баурап алған болатын. Артын-
ша хазірет Халид «Аллаһтан басқа құдай жоқ, сен
оның елшісі екеніңе куәлік етемін» деді. Нағыз ердің
келгеніне қуанған пайғамбарлар падишасы «Саған
тура жолды нәсіп еткен Жаратқанға шүкір етемін.
226
Жүрек төрінен орын алған теңдессіз тұлға Мұхаммед (с.а.с.)
Мен сенен парасатылықты байқайтынмын, сол ақыл-
парасат сені әйтеуір бір Исламға бастар деген үмітімді
үзбедім» деді. Хазірет Халид сонша жылдан кейін
барып нағыз Халид екенін енді ажыратып еді. Ілтипат
үстіне ілтипат көргенге көңілі жадырап, бір жағы сол
уақытқа дейін жасаған қылықтарына деген өкініш те
бойынан сыр берді.
– Уа, расулаллаһ! Өзің де көргендей мен бүгінге
дейін үнемі ақиқатқа қарсы күресіп келдім. Мені
кешіруін тілеп Аллаһқа дұға етуіңді өтінемін.
Амр ибн Ас пен Осман ибн Талханы да сондай
сезім биледі. Пайғамбарымыздың қолына қолын
созған Амр ибн Ас бір мезет қолын тартып ала қойды.
Пайғамбарымыз себебін сұрағанда, Амр ибн Ас өзінің
шарттары бар екенін айтты. Аллаһ елшісі
(саллаллаһу аләйһи
уә сәлләм)
«Ол қандай шарттар?» деп сұрады. Ол болса
бұрынғы істеген істеріне қынжылған кейіпте «Мені
кешіруің» деді. Аллаһ елшісі
(саллаллаһу аләйһи уә сәлләм)
оның
қолынан ұстап: – Білмейсің бе? – деді, – Ислам өзіне
дейінгі қателердің барлығын өшіреді.
Хұдайбияның нағыз жеңіс екеніне енді бәрінің көзі
жетті. Тап сол күні Меккеге кіре алмай қайтса да, талай
адамның жүрегі Исламға жібіпті. Алдыңғы қатарлы
азаматтардың көбі Мәдинаға қарай бет бұрған бола-
тын. Бұдан кейін осы бір үрдіс жылдамдамаса, баяу-
ламады.
Достарыңызбен бөлісу: |