МұхаММед (с а л л а л л а һ у а л ә й һ и у ә с әл л ә м ) 3 Аударған: Ғалымбек Тобашев



Pdf көрінісі
бет81/155
Дата16.11.2022
өлшемі1,98 Mb.
#50491
1   ...   77   78   79   80   81   82   83   84   ...   155
Мәдинадан қарағанда Мұта
Бергі жақта Аллаһ елшісі 
(саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) 
Мәдинада тұрып, сахабаларына соғыстың барысын 
айтып беріп отырды. Көзі жасқа шыланып, сақалын да 
жас жуып кетті: 
– Туды Зәйд алды да шейіт болды. Одан кейін 
Жағфар алды, ол да шейіт болды. Кейіннен оны 
Ибн Рауаха алды. Рауаха шейіт болғанда, қылышты 
Аллаһтың қылыштарынан бір қылыш алды. Міне, 
нағыз соғыс енді басталды. Аллаһ соның көмегімен 
жақсылықтар (футухат) нәсіп етті.


233
Хайбардан кейінгі жағдайлар
Осыларды айтқаннан кейін әрбірі үшін Аллаһтың 
жұмақта әзірлеген сый-сыяпаты туралы әңгімеледі. 
Есімдерін атап әрбіріне дұға етті. 
Осы кезде Яғла ибн Үмәйя Мәдинаға келіп, 
Мұтаның хабарын Аллаһ елшісіне жеткізгісі келді. 
Расулаллаһ: – Қаласаң, оны сен маған айт, қаласаң, 
бәрін мен саған айтайын, – деді. Хазірет Яғла таңғалды. 
Өйткені өзінен бұрын ешкім де бұл хабарды жеткізуі 
мүмкін емес. Белгілісі сол, Мұтаның хабарын елден 
бұрын Жәбірейіл періште жеткізген болатын. 
– Уа, расулаллаһ! Онда сен өзің айт. 
Аллаһ елшісі бұдан кейін Мұтаның басынан бастап 
не болғанын бәрін жіпке тізгендей етіп айта бастады. 
Тыңдаған сайын хазірет Яғланың көздері шарасынан 
шыға жаздады. Кемшіліксіз, артығымен айтып жатты. 
– Сені ақиқатпен жібергенге ант етейін, – деп ба-
стады сөзін. «Күрескерлердің басынан өткендерді түгін 
қалдырмай айтып бердіңіз. Егер олардың хабарын мен 
айтар болсам, дәл осыншалықты айта алмас едім». 
Расулаллаһ шүкір ретінде мынаны айтты: – 
Аллаһ тағала мен үшін арамызды бөліп тұрған 
қашықтықтарды болдырмай, олардың соғыс алаңын 
көзіме көрсетті. 
Кейіннен Пайғамбарымыз 
(саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) 
хижрет себепті шамамен он бес жыл бөлек тұрып, 
қауышқандарына енді ғана бір жыл болған көкесінің 
ұлы хазірет Жағфардың үйіне барып, балаларының 
басынан сипап, оларды құшағына басты. Әсма бинт 
Үмәйс бұл жағдайдан секемденіп: – Уа, расулаллаһ! 
– деп дауыстады. Ата-анам сіздің жолыңызда құрбан 
болсын, неге балаларыма жетім балалар секілді қарап, 
жұбатқандай болып жатырсыз? Жоқ әлде Жағфар мен 
жолдастары жайлы сізге қайғылы хабар жетті ме? 


234
Жүрек төрінен орын алған теңдессіз тұлға Мұхаммед (с.а.с.)
– Иә, – деді Аллаһ елшісі, – Олар бүгін шейіт 
болды. 
Бұны естігенде: – Уай, Жағфарым-ай, Жағфарым, 
– деп жылай бастаған хазірет Әсмаға бұрылып, 
шейіттерге қалай қарау керектігін ескертіп былай деді: 
– Әй, Әсма, тіліңнен дөрекі, нашар сөз шықпасын, өз-
өзіңді тоқпақтап жылама! 
Хазірет Жағфардың балаларын тізесіне алып, 
бастарынан сипаған Аллаһ елшісінің көзінен 
тамшылаған жас сақалын жуып кетті. Қайғылы нәби 
жай уақыттағыға қарағанда, әлдеқайда қайғыра түсті. 
Кейіннен қолын жайып былай деп дұға етті: 
– Аллаһ тағалам, күмәнсіз, Жағфар сауаптың ең 
көріктісіне жетті. Ендеше, сен жақсы құлдарыңа нәсіп 
ететін игіліктеріңді әрі жақсы нәрселерді оларға сыйла!
Біраз уақыт хазірет Жағфардың үйінде болған 
Аллаһ елшісі 
(саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) 
ол жерден кетіп, қызы 
Фатима анамыздың есігін қақты. Бұл кезде ол да хабар 
алған екен «Көкем-ай, көкешім» деп ол да жылай ба-
стады. Әуелі оған: «Жыласаң, Жағфардай жанға жыла» 
деп, көкесінің ұлы хазірет Жағфарды мақтайтын сөздер 
айтты. Артынан: – Жағфардың отбасына ас әзірлеуді 
ұмытпаңдар, олар бүгін бастарына түскен жағдаймен, 
жоғалтқан жақындарының қайғысымен әлек. Оларға 
ас әзірлеңдер, – деді. 
Сол күн үшін бұл да кейіннен жалғасын табатын 
жақсы әдет еді. Мұта шейіттері үшін Мәдинада үш күн 
ас пісірілді. 
Арадан үш күн өткеннен кейін хазірет Жағфардың 
үйіне Аллаһ елшісі 
(саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) 
енді олар 
үшін жылауға тыйым салып, артта қалғандар үшін 
жақсылық пен береке тіледі. Артынан Жағфар ибн 
Әбу Талиптың балаларын өз қамқорлығына алғанын 


235
Хайбардан кейінгі жағдайлар
жариялап, аналары хазірет Әсмаға ендігі өмірін ойлап 
уайымға салынбауды ескертіп, жұбатты. 
Дәл осындай жанашырлықты басқа шейіттер үшін 
де көрсеткен пайғамбарлар падишасы хазірет Зейдтің 
кішкене қызының жабырқап тұрғанын көргенде, көңілі 
босап, өзін ұстай алмай жылады. Бұны көрген саха-
балар: – Бұныңыз қалай? – дегенде, – Бұл сүйгеннің 
сүйіктісіне деген сағынышы, – деп жауап қатты. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   77   78   79   80   81   82   83   84   ...   155




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет