Тағы бір қастандыққа әрекет
Осы кездері мұнафықтардан бір топ адам өзара
сөйлесіп, Расулаллаһты тұзаққа түсіріп, қастандық жа-
сауды жоспарлады. Осы себепті мүмкіндік іздеп:
– Сайды өтіп, тауға жоғарылап бара жатқанда
жолда қысып, сайдағы құзға қарай құлатып
өлтірейік, – десті. Олар осы сапарда Расулаллаһтың
қанша мұғжизасына куә болса да, бәрібір естерін
жимай осындай сұрқия ойларға барды. Бірақ ойлап,
жоспарлағандары оның іске асатынын білдірмейтін.
Тек әркім өзінің ішкі ниетіне қарай әрекет жасамақ.
Өйткені Жәбірейіл әмин келіп, олардың не ойлағанын
Аллаһ расулына білдірген болатын. Уақыт жақсы мен
жаманның, алмас пен көмірдің бір-бірінен ажыратыла-
тын уақыты еді. Талай жылдан бері Аллаһқа шынайы
құл болып келгендер мен іштей жамандық көздеген
арам пиғылдылар бір-бірінен ажыратылмақ. Сайды
өрлеп бара жатқандардың арасында Аллаһ расулының
міндеттеген адамы жар салды:
Расулаллаһ мына таудың жолына түседі. Ешбірің
бұл жолға түспеңдер. Сендер саймен алға жылжи
беріңдер. Өйткені сендерге осы жол әлдеқайда қауіпсіз.
385
Шуақты әлемдегі кеңпейілдік
Пайғамбарымыз бұйрық бергенде сахабалар оны
орындамаушы ма еді?! Осы бұйрықты орындамаған
бір топ, ойлаған қастандықтарын жүзеге асыру үшін
іске кірісіп те кетіп еді. Түннің қараңғылығын пайда-
ланып, жүздерін жасырып, елден бұрын әрекет жасап,
тау жолына түсті.
Ардақты сахабаларымыз саймен ілгерілеген осы
сағатта жанындағы Аммар ибн Ясир, Хамза ибн Амр,
Хұзайфа ибн Яман секілді сахабалардан бір топпен
бірге тау жолына түскен Пайғамбарымыз
(саллаллаһу аләйһи
уә сәлләм)
өзінен бұрын сонда келіп бой тасалағандардың
дыбыстарын естіді. Берілген хабар жүзеге аспақ еді.
Бір демде төрт жақтан жүздерін жасырған адам-
дар шыға келді. Расулаллаһтың түйесін үркітті, тіпті
түйеге тиелген заттар жан-жаққа шашылып кетті.
Онсыз да мақсаттары осы болатын. Оқыс түйені
үркітіп, Пайғамбарымызды түсіріп, құзға құлатпақ
еді. Пайғамбарлар падишасы ашуланды. Дереу
жанындағы сахабалар әлгілерге қарсылық таныта ба-
стады. Қолындағы таяқпен түйелерін қайтарып хазірет
Хұзайфа оларға:
– Кетіңдер, өңшең Аллаһ дұшпандары, – деп
айғайлап, олардың кім екендіктерін білуге тырысты.
Алайда түннің қараңғылығынан, әрі олардың жүзін жа-
сыруынан олардын кім екендіктері анықтала қоймады.
Қарақшылар да сескенейін деді. Расулаллаһтың жоспар-
ды біліп қойғанын түсінді. Сол үшін аймандай қылып
аттарын атап өздерін танып қоймай тұрғанда дереу
қараларын батырғанды дұрыс көрді. Аллаһ расулы
қашып кеткен бұл кісілерді артынан хазірет Хұзайфа
мен хазірет Аммарды жұмсап, кім екендіктерін білуді
тапсырды. Бірақ олар бұған мүмкіндік таппады. Жыл-
дамдатып тау жолымен төмен түсіп кеткен әлгілер
386
Жүрек төрінен орын алған теңдессіз тұлға Мұхаммед (с.а.с.)
саймен ештеңеден қаперсіз алға қарай жүріп бара
жатқан көпшіліктің арасына кіріп жоқ болды. Аллаһ
расулы
(саллаллаһу аләйһи уә сәлләм)
хазірет Хұзайфадан: – Ар-
тынан қуғандарыңның кім екенін тани алдың ба? – деп
сұрады.
– Түйелерінен басқа ештеңе көре алмадым,
жүздерін жасырып алыпты, қараңғыда көру қиын
болды, – деп жауап қатты хазірет Хұзайфа (р.а.).
Аллаһ расулы
(саллаллаһу аләйһи уә сәлләм)
: – Не үшін осыған
барғандарын, олардың нені көздегенін білесің бе? – деп
қайта сұрады.
– Уа, расулаллаһ, уаллаһи білмейміз.
Сонда пайғамбарлар падишасы
(саллаллаһу аләйһи уә сәлләм)
былай деді:
– Олар тау жолына бірге шығып, маған тұзақ
құрды. Өткелдегі құздың қасына келгенде, мені қысып,
төменге құлатпақ болды. Аллаһ олардың кім екенін,
әкелерінің де кім екенін маған білдірді. Иншаллаһ, кім
екендіктерін сендерге айтармын, – деді.
Сахабалар қатты қысылды. Өздерімен бірге жүре
тұра осындай қастандықтар ойлайтындардың әлі де
бар екендіктеріне таңғалды. Расулаллаһтың жолында
өлуге ант еткен сахабалар дереу әлгілердің кім екенін
біліп, сазайын бергілері келіп кетті. Кейбірі алға
ұмтылып:
– Уа, расулаллаһ! Олар жайлы бұйрық берсең,
бастарын шабар едік, – деді. Алайда ішкі үйлесімді
бұзғысы келмеген Пайғамбарымыз оған рұқсат
бермеді. Хазірет Амар мен хазірет Хұзайфаға аттарын
айта тұра, оларға жаза тағайындамады. Тіпті сахабалар-
дан кейбірі олардың енді «сахабаға» жатпайтындығын
айтып, үкім сұрағанда да Аллаһ расулы
(саллаллаһу аләйһи уә
сәлләм)
:
387
Шуақты әлемдегі кеңпейілдік
– Олар «лә иләха илаллаллаһ» деп куәлік сөз айтпа-
ды ма? – деп бұйырды. Пайғамбарымыздың сұрағына
«Иә» деп жауап қатқанда, расулаллаһ
(саллаллаһу аләйһи уә
сәлләм)
:
– Олар менің пайғамбар екенімді де айтып жүрген
жоқ па? – деді. Сахабалар тағы да «иә» деп бас изесті.
Осы кезде үкім сырттайғы іс-әрекетке қарай берілетінін
меңзеген Расулаллаһ
(саллаллаһу аләйһи уә сәлләм)
:
– Оларды өлтіруге маған рұқсат түскен жоқ, – деп
осы мәселеге соңғы нүктесін қойды
149
.
Мәдина
Сапар біткен еді. Мәдинаға енді кірмек. Бір мезет
сахабаларына бұрылып қараған Расулаллаһ
(саллаллаһу
аләйһи уә сәлләм)
:
– Дәл қазір Мәдинада кейбір адамдар бар, әр қадам
басқан сайын, әр сайда өздеріңмен бірге жүрді, – деді.
Бұл сөзімен артта қалып кеткендердің мұнафық
емес екендіктерін айтуда еді. Өйткені олардың ара-
сында Қағыб ибн Малик, Мүрар ибн Раби, Хилал ибн
Үмәйя секілді шын жүрекпен сенген мүмин, бірақ
кейбір себептермен соғысқа шыға алмай қалған кісілер
де болды. Алайда бұл сөзге таңданған сахабалар:
– Уа, Расулаллаһ, олар Мәдинада қалған болса да
ма? – десті.
149
Ертесі күні хазірет Хұзайфаға бұлардың әрбірін жеке-жеке шақыртқан
Пайғамбарымыз
(саллаллаһу аләйһи уә сәлләм)
ұзын саны он екі кісіні
құраған бұлардан неге бұндай әрекетке барғандарын сұрайды. Бірақ
одан ары мәселені қазбаламаған. Алайда сахабалар осы он екі кісінің
бәрібір дүниеден екіжүзділік қылықтан арылмай өткендерін білдірген.
Табари, әл-Жамиул-Баян, 8/207; Ибн Қайим, Задул-мағад, 3/477; Сали-
хи, Субулул-худа уәр-Рәшад, 5/467-468.
388
Жүрек төрінен орын алған теңдессіз тұлға Мұхаммед (с.а.с.)
Іле себебін білгілері келді. Аллаһ расулы: – Иә,
олар Мәдинада болса да, – деді. – Өйткені олар белгілі
бір себеппен қалып қойды, – деп түсіндірді.
Демек, болар-болмас сылтауларды алға тартып
келмей қойғандар мен шын себептермен келе алмай
қалғандардың арасында айырмашылық бар еді.
Расулаллаһ осы айырмашылыққа назар аудартты.
Сол күні Пайғамбарымыз көңіл аудартқан басқа да
нәрселер болды. Мәдинаны көре салысымен:
– Міне, бұл Таба, Раббым мені осы жерге орна-
ластырды. Көріктің темірдің таттарын кетіргеніндей
Мәдина да жұртын нашар адамдардан тазартты, – деді.
Осы кезде көзі Ұхыдқа түсіп, барлай қарады:
– Ұхыд тауын біз жақсы көреміз, ол да бізді жақсы
көреді, – деді.
Артынан әсіресе Ансарларға қарата былай деді:
– Сендерге Ансарлардың үйінің арасындағы ең
қайырлыларын айтайын ба?
– Айтыңыз, уа, Расулаллаһ, – дегенде, рет-ретімен
тізе бастады:
Ансардың үйлері арасындағы ең қайырлылары
Бәни Нажжардың, Абдуллаһ ибн Ашхаұлдарының
және Бәни Саиденің үйлері.
Қайырлы болу жағынан соңынан аталғандарын
Бәни Сайдеұлдары көңілге алып қалды. Хазірет Сағыд
келіп:
– Уа, расулаллаһ, – деді, – Ансардың үйлері ара-
сында қайырлы деп кезегімен атағанда бізді соңғы
қылып атадыңыз, – деді. Бұндай ретімен айту кезінде
міндетті түрде біреуі соңында қалмай ма, сол себепті
Пайғамбарымыз
(саллаллаһу аләйһи уә сәлләм)
соны айтқандарға:
– Ең қайырлылардың арасында аталу сендерге
жеткіліксіз бе? – деді.
389
Шуақты әлемдегі кеңпейілдік
Шамамен екі айдай жырақтап қалған Мәдиналық
әйелдер мен бала-шағалар Расулаллаһтың қалаға
келгенін көргенде көшеге шығып кетті. Уәда жота-
сынан толған айдай толықсып өздеріне қарай туып
келе жатқан әз елшіні көрген жақсылықты сөздерін
үйіп-төкті. Расулаллаһтың келуін дәл бір мерекеге
айналдырғандай.
Келе сала дереу Нәбәуи мешітіне соқты. Шүкіршілік
етіп екі бас намаз оқыды. – Бізді осы сапарымызда көп
игіліктерге жеткізген Аллаһқа мақтау айтамын, – деді.
Тәбүк жорығынан қайтқан сахабалар бұдан
кейін соғыс болмас деп ойлап, тіпті қолдарындағы
қаруларын да сата бастап еді. Хижаз аймағында
өздеріне қарсы келер күштің жоқтығын айтып, бұдан
кейін қылыштың да, қалқанның да қажет еместігін
айтып жатты. Олардың бұл іс-әрекеті құлағына жет-
кенде, Аллаһ расулы
(саллаллаһу аләйһи уә сәлләм)
дереу оған
қарсылық білдіріп:
– Үмбетімнен бір топ Тажал шыққанға дейін үнемі
ақиқат үшін күреседі, – деді.
Достарыңызбен бөлісу: |