МұхаММед (с а л л а л л а һ у а л ә й һ и у ә с әл л ә м ) 3 Аударған: Ғалымбек Тобашев



Pdf көрінісі
бет131/155
Дата16.11.2022
өлшемі1,98 Mb.
#50491
1   ...   127   128   129   130   131   132   133   134   ...   155
Байланысты:
Жүрек төрінен орын алған 3 том

Тәбүктен кету 
Шамамен жиырма күндей болып, енді Тәбүктен 
кету уақыты келді. Бірақ Аллаһ елшісінің де, 
148
Пайғамбарымыздың Тәбүктен де ары бармауында Шам жақта оба 
ауруның шыққаны да ықпал еткені айтылады. Тіпті осы мәселеге 
қатысты «Бір жерде оба ауруы шықса, ол жерден ешқайда кетпеңдер. 
Егер бір жерде оба ауруы шықты дегенді естісеңдер, ол жаққа 
бармаңдар» деген ескертудің де осы Тәбүк күндерінде айтылғаны ту-
ралы деректер бар. Ахмед ибн Ханбәл, Мүснәд, 5/373 (23214); Таба-
рани, Мұғжамул-кәбир, 18/15 (21); Салихи, Субулул-худа уәр-рәшад, 
5/462. 


383
Шуақты әлемдегі кеңпейілдік
сахабалардың да қолында азық етер ештеңе қалмады. 
Мәдинаға қайтуға шешім қабылданғанына қарағанда, 
тақап тұрған соғыс жоқ еді. Осыны білген сахабалар 
келіп былай деді: 
– Уа, расулаллаһ, рұқсат етсең, түйелерімізді 
сойып, әрі азық қылайық, әрі майларын да қажетке 
жаратсақ. 
Өздері сұрағандықтан бұл тілек құптауға тұрарлық. 
Тіпті кейбір сахабалар қазірдің өзінде түйелерін соя ба-
стады. Бұны көрген хазірет Омар оларға біраз уақыт 
соймай қоя тұруды айтты. Өзі тез Аллаһ расулының 
қасына келіп: 
– Уа, расулаллаһ, – деді. – Жүк артқан түйелерін 
сойып, азық етуге сен рұқсат бердің бе? – деп сұрады. 
Рұқсатта да, олардың союында да мәселе жоқ-ты. 
Алайда хазірет Омар (р.а.) ертеңді ойлап алаңдады. 
Оның алаңдаушылығын байқаған Аллаһ расулы 
(саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) 

– Аштықтан қиналғандарын айтып келді. Мен 
қалған түйелерге кезектесе міну шартымен әрі жүкке 
бөлінген түйелерден әр топқа бір-екі түйені сойып 
азық етуге рұқсат еттім. Онсыз да әскер кері қайтып 
барады, – деп жауап берді хазірет Омарға. Осы себепті 
хазірет Омар бір қадам тағы да жасап: 
– Уа, расулаллаһ, – деді. – Жауынгерлердің 
қолында ықтият тұрғысынан біршама түйе болуы 
ылғи да анағұрлым қайырлы. Өйткені соңғы күндері 
түйелер де титықтап кетті. Бірақ олардың азықтарынан 
артылғанын алдырып, бір жерге жинатсаңыз. Сөйтіп 
Хұдайбиядан қайтқанда дұға еткеніңіздей дұға оқып, 
берекесін Аллаһтан сұрасаңыз. Аллаһ бұл жолы да 
сіздің дұғаңызды қабыл алар деп үміттенемін. 


384
Жүрек төрінен орын алған теңдессіз тұлға Мұхаммед (с.а.с.)
Бұл ықтияттылық та дұрыс. Пайғамбарымыз 
(саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) 
бұл ұсынысқа да оң қарады. Енді 
жауынгерлерге жариялап айту ғана қалды. Тәбүкте бір 
кісі жар салып, кімнің қолында артылған азық болса, 
бәрін әкелуді бұйырды. 
Көп өтпей бәрі қолына түскендерді әкеле баста-
ды. Ортада үш үйінді азық отыз мың кісілік әскерді 
тойдыруға жетті. Осы сапарда жауынгерлер бірнеше 
рет су мұғжизасына куә болды. Аллаһ расулының 
дұғасынан кейін титықтап шаршаған түйелердің де 
тыңайып, жылдам жүре бастағаны байқалды. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   127   128   129   130   131   132   133   134   ...   155




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет