МұхаММед (с а л л а л л а һ у а л ә й һ и у ә с әл л ә м ) 3 Аударған: Ғалымбек Тобашев



Pdf көрінісі
бет129/155
Дата16.11.2022
өлшемі1,98 Mb.
#50491
1   ...   125   126   127   128   129   130   131   132   ...   155
Байланысты:
Жүрек төрінен орын алған 3 том

Жүрек төрінен орын алған теңдессіз тұлға Мұхаммед (с.а.с.)
қалауы болғанына әрі Әбу Хайсама секілді шынайы 
ниетті кісінің өз қатарларынан қалмағанына қуанды. 
Пайғамбарлар төресі 
(саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) 
одан 
Мәдинадағы 
жағдайды, 
жол-жөнекей 
көрген 
қиындықтарын сұрап, Әбу Хайсамаға да қайырлы 
дұға етті. Енді бір сәт өзі секілді келе алмай қалған 
Қағыб ибн Малик туралы әңгіме қозғалғанда, 
Пайғамбарымыз 
(саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) 
оның да жағдайын 
сұрады. Сахабалардың бірқатары «Көлеңкенің астын-
да ұзыннан түсіп жатқанды қимаған болар» деп, енді 
бірқатары хазірет Қағыб туралы жақсы ойларын айтты. 
Әр жасалған қадам жаңа бір мәліметке негіз қалады. 
Осы себепті сахабалар бұндай жағдайларда мүмин 
бауырлары жайлы жақсы ойда болу керектігін, өздері 
алды-артын толық білмейтін мәселеде жаман ой 
қалыптастырмау керектігін түсінбек еді. 
Олжа аламыз деген ниетпен әскерге қосылған 
екіжүзділердің жағдайы әрине бөлек еді. Олар сәл 
бір келеңсіздік бола қалса болды, соны дабырайтып 
жалпақ әлемге жария етудің сәтін аңдыды. Бұл жолы 
да өздері бір шетке шығып алып, мәселені ушықтыра 
түсті. Пайғамбарымыздың көңіл күйін бұзып, сахаба-
ларды үрейлендіру үшін Салаба ибн Хатыб былай деді: 
– Бәни Асфармен соғысуды сендер арабтардың 
өзара соғысы секілді көресіңдер ме? Уаллаһи, мен 
бәріңнің ертең күлдерің көкке ұшып, аяқ-қолдарыңның 
байланғанын көріп тұрмын. 
Жүлас ибн Амр алға шығып: 
– Уаллаһи, Мұхаммед рас айтқан болса, бәріміз 
есектен де жаман жағдайдамыз, – деді. Осы кезде сол 
жерде тұрған хазірет Үмәйір оған қарап: 


377
Шуақты әлемдегі кеңпейілдік
– Онда қандай күмәнің бар? Онсыз да сен есек-
тен арман жағдайдасың. Өйткені Расулаллаһ 
(саллаллаһу 
аләйһи уә сәлләм) 
үнемі тек шындықты ғана айтатын, ал сен 
болсаң, нағыз суайттың өзісің, – деп қарсылық таныт-
ты. Мұхашшин ибн Хүмәйир де сөз алып: 
– Араларыңдағы мына қажетсіз таласқа бола 
өздерің жайлы аят түсіп, жерге кіріп кете жаздағанша, 
уаллаһи, әрбірімізге жүз дүре соғылғаны анағұрлым 
дұрыс болар еді, – деп өзінің алаңдаушылығын білдірді. 
Оларды алыстан байқап тұрған Аллаһ елшісі 
(саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) 
жанына Аммар ибн Ясирді шақырып: 
– Бар да, анау тұрған кісілерді байқашы, тағы 
нені бықсытпақ? Өтірікті көпіртіп әлдене деп жатыр. 
Бар да оларға ауыздарынан әлгінде шыққан сөздерді 
сұра. Егер жаман сөз айтпадық десе, былай-былай деп 
айттыңдар де, – деп соған жұмсады. 
Аммар ибн Ясир алған міндетін орындап, оларға 
айтқан сөздерін айтып бергенде, бәрі дереу Аллаһ 
елшісіне келіп: 
– Уа, расулаллаһ! Біз жай көңіл көтеру үшін 
айтып едік, – деп ақталғансыды. Айтқан сылта-
улары қателіктерін жолда қалдырды. Көп өтпей 
Жәбірейіл әминнің үні естілді. Ол киелі мәселелерге 
осыншалықты үстірт қараудың соңы жақсылыққа 
апармайтынын айтып, бұндай жағдайға сылтау 
жүрмейтінін білдірді
141
. Аят түсіп, жағдайлары 
әшкере болғанда, Жүла ибн Амр ант ішіп, бұндай 
сөз айтпағанын алға тартты. Тіпті шылп етпей өтірік 
141
«Тәуба» сүресі, 9/65, 66. 


378
Жүрек төрінен орын алған теңдессіз тұлға Мұхаммед (с.а.с.)
айтуға да барды. Өйткені Жәбірейіл келіп мәселенің 
ақиқатын білдірген болатын
142

Расулаллаһ Тәбүкте болған кезде сахабалар-
дан Абдуллаһ ибн Зүл-Бижадайн
143
атты бірі қайтыс 
болды. Шейіт болсам деп қатты армандайтын кісі еді. 
Бұл тілегін Пайғамбарымызға жеткізген бір күні егер 
сондай ниетте жүрсе, төсегінде өлсе де шейіт болаты-
нын білдірді. Міне, ажалы Тәбүкте келді. Оның қайтыс 
болған хабарына мұңайған Пайғамбарымыз 
(саллаллаһу 
аләйһи уә сәлләм) 
қабір қазылған жерге дейін барып, ішіне 
түсіп, мәйітін өз қолымен қойды. Сөйтіп былай деп 
дұға етті: 
– Аллаһ тағалам! Тірі кезінде мен оған разы 
болдым, сен де одан разы бола гөр!
144
Ғаламның мақтанышы пайғамбарымыздың түні 
шуақты өтетін, өйткені түнді құлшылықпен өткеретін. 
Түннің бір уағында орнынан тұрса да, тістерін тазалап, 
мисуак қолданатын. 
142
«Тәуба» сүресі, 9/74.
143
Хазірет Абдуллаһ мұсылман болғаннан кейін отбасы оны бәрінен 
шектеді. Әсіресе, көкесінің қатты қарсылығына тап болып, тіпті 
үстіндегі киімдерін де сыпырып алды. Анасының көмегімен бір 
жапырақ матаны екіге бөліп, бір жағын үстіне жауып, екінші жар-
тысымен әурет жерін жауып, Мәдинаға барды. Таңғы намазда 
Пайғамбарымызға жолықты. Оған екіге бөлінген мата деген мағынаға 
келетін осы атты Пайғамбарымыз тақты. Зор дауыспен Құран 
оқитындықтан хазірет Омардан ескерту естіді. Алайда Расулаллаһ 
оған рұқсат етті, оның Мәдинаға хижрет етіп келгенін айтты. Уақиди, 
Мағази, 1/1012; Ибн Әсир, Усудул-ғаба, 2/104; Ибн Хажар әл-
Асқалани, әл-Исаба, 4/162. 
144
Пайғамбарымыздың өзін оған осыншалықты жақын ұстағандығын 
көрген Ибн Масғуд «Шіркін, сол кісінің орнында мен жатқанымда 
ғой» деген. Уақиди, Мағази, 1/1014; Ибн Жаузи, Сыфатус-сафуа, 
1/679. 


379
Шуақты әлемдегі кеңпейілдік


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   125   126   127   128   129   130   131   132   ...   155




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет