МұхаММед (с а л л а л л а һ у а л ә й һ и у ә с әл л ә м ) 3 Аударған: Ғалымбек Тобашев



Pdf көрінісі
бет128/155
Дата16.11.2022
өлшемі1,98 Mb.
#50491
1   ...   124   125   126   127   128   129   130   131   ...   155
Байланысты:
Жүрек төрінен орын алған 3 том

Артта қалған шынайы жандар
Сол күні Мәдинада «Әне шығам, міне шығам» деп 
кешігіп, Тәбүкке бара алмай қалған Қағыб ибн Малик, 
Хилал ибн Үмәйя, Мүрара ибн Раби, Әбу Хайсама мен 
Әбу Зәрр секілді шынайы адамдар да болды. Бұл кісілер 
шынайы мүмин болатын. Бұған ешкімнің күмәні жоқ 
еді. Мұсылмандығын ешкім талқыға салмайтын. Бірақ 
кешіккен еді. Бәлкім Жаратушы ие иләхи бұйрық пен 
Расулаллаһтың талабын орындауға жеңілдеу қараудың 
жөн еместігін осы кісілер арқылы ұқтырмақ еді. Әрі 
бұндай жағдайды дұрыстау үшін қалай іс-әрекет жасау 
керектігін де көрсетпек. 
Әркез сахабалар: 
– Уа, расулаллаһ, пәлен де артта қалып қойыпты, 
келмепті, – деген кездерінде, Аллаһ расулы 
(саллаллаһу 
аләйһи уә сәлләм) 

– Оны жайына қалдырыңдар, егер онда бір қайыр 
болса, Аллаһ арттарыңнан жеткізер, – деп, Мәдинада 
қалып, келмеген бұл кісілердің әлі де арттарынан 
келуін күтетіндігін білдіргендей еді. Әбу Зәррдің де 
келмегені айтылғанда осы сөзін айтып, оның арттан 
келетіндігін қуана хабарлады. Өйткені хазірет Әбу 
Зәрр арықтап, титықтап кеткен түйесін біраз күн қарап 
оңдап барып шығуды қалап еді. Сол үшін де әскер 
қозғалғанда үлгермей қалды. 
Расында да Әбу Зәрр арттан келе жатты. Зилма-
руа деген жерге келгенде түйесі тағы да жүре алмай, 
жүріп қалар деп бір күн қасында күтіп, үміті үзілгенде, 
жүгін арқасына таңып жаяу сахабаларға жетуге тыры-
сты. Ыстық шөл мен қызған күннің астында титықтап, 
бір жағы еріндері кеберсіп шөлдеп, екінші жағынан 
аштықтан әл-дәрмені қалмаған болатын. 


374
Жүрек төрінен орын алған теңдессіз тұлға Мұхаммед (с.а.с.)
Алайда Әбу Зәррдің бойындағы құлшыныс 
ештеңеге бой бермеді. Соңында әупірімдеп жүріп 
мұсылман әскерге келіп жетті. Түске таман арттан 
біреудің келгенін көргендер: 
– Уа, расулаллаһ, – деді, – Ана тұста біреу жалғыз 
өзі аяңдап келе жатыр!
Айтылған жаққа қараған пайғамбарлар падишасы 
(саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) 
арттан келсе де өзіне жақсы таныс 
адамдарды жанында көргісі келгендей: 
– Әбу Зәрр болсашы, – деді. Шынымен де келген 
кісі хазірет Әбу Зәрр еді. Пайғамбарымыздың 
(саллаллаһу 
аләйһи уә сәлләм) 
қалауын да білгендер жүгіріп келіп: 
– Уа, расулаллаһ, келген кісі шынымен Әбу Зәрр 
екен, – деп қуанышты хабар айтты. Пайғамбарлар пат-
шасы діңкелеп, шаршап-шалдығып жетсе де мұсылман 
әскерге жеткен Әбу Зәррді нұсқап сахабаларына: 
– Аллаһ Әбу Зәррға рақымын төксін, күмәнсіз, ол 
жалғыз жүріп, жалғыз өледі, ақыретте жалғыз тіріледі, 
– деді. 
Жол машақаты аяқталып, Пайғамбарымыздың 
алдына келген хазірет Әбу Зәрр жол бойы кездескен 
қиындықтарын әңгімелегенде, Расулаллаһ 
(саллаллаһу аләйһи 
уә сәлләм) 

– Аллаһ саған рақымын төксін, әй, Әба Зәрр! 
Мынаны ұмытпа, маған жеткенге дейін сенің басқан 
әр қадамыңа бір сауаптан жазылып, бір қателігің 
кешіріліп отырды, – деді. 
Сол күні арттан келіп жеткендердің бірі Әбу Хай-
сама (р.а.) еді. Ол мұсылман әскердің Мәдинадан 
кеткеніне бірнеше күннен кейін жұбайларының 
жанына келді. Жұбайлары оны барынша жақсы қарсы 
алды. Дәмді тамақтар, салқын су, аяғынан тік тұрып 
өзіне қызмет еткен адамдарды көргенде, есіне сахаба-


375
Шуақты әлемдегі кеңпейілдік
ларымен бірге Тәбүк жорығына аттанған Аллаһ расулы 
(саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) 
түсіп, еріксіз «Сүбханаллаһ!» деді. – 
Дәл қазір Расулаллаһ 
(саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) 
өткен өмірі де, 
болашақ өмірі де күнәдан таза қалыпта ыстық шөлде, 
ми қайнатқан күннің астында қаруын асынып қиындық 
көріп кетіп бара жатқанда, көлеңкеде, дастарханын 
жайнатып, дүние-мүлкінің жанында әйелдерімен көңіл 
көтеру Әбу Хайсамаға жараса ма? Осы да адамдыққа 
жата ма? – деді өз-өзіне. 
Бұл пайғамбарымыздың тәрбиесін көрген, артта 
қалып кеткен сахабаның ішкі ойы еді, «оның маған 
керегі не» деген түсінікке бармады. Сол себепті 
әйелдеріне қарап: 
– Расулаллаһтың артынан қуып жетпейінше
ешбіріңнің 
сый-құрметіңе 
қарай 
алмаймын, 
қалауларыңа «мақұл» демеймін, одан да менің атымды 
дайындаңдар! – деді. 
Әскерді қуып жетуге Әбу Хайсама да жолға шықты. 
Тәбүкке жақындағанда, жолда Үмәйір ибн Уәхбты 
кезіктірді. Екеуі бірге біршама жүргеннен кейін Әбу 
Хайсама оған: 
– Менің бір күнәм бар, Расулаллаһқа жағдайымды 
түсіндірерде бізді оңаша қалдырғаның дұрыс шығар, 
– деп, өзіне білдірілетін қарсылыққа оны ортақ еткісі 
келмеді. 
Әне-міне дегенше Тәбүкке де жетті. Оның келгенін 
алыстан байқағандар: – Уа, расулаллаһ, тағы бір кісі 
жақындап келеді, – деп хабар берді. 
Расулаллаһ тағы да әуелгі сөзін қайталап: – Әбу 
Хайсама болсашы, – деді. 
Келген кісі жақындап сұлбасы анық білінгенде, са-
хабалар: – Уаллаһи, бұл кісі шынымен Әбу Хайсама екен, 
– деп таңданыстарын білдірді. Олар Расулаллаһтың 


376


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   124   125   126   127   128   129   130   131   ...   155




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет