МұхаММед (с а л л а л л а һ у а л ә й һ и у ә с әл л ә м ) 3 Аударған: Ғалымбек Тобашев


Барып қайтқан елшілер және Тәбүктегі



Pdf көрінісі
бет130/155
Дата16.11.2022
өлшемі1,98 Mb.
#50491
1   ...   126   127   128   129   130   131   132   133   ...   155
Байланысты:
Жүрек төрінен орын алған 3 том

Барып қайтқан елшілер және Тәбүктегі 
ақылдасу
Бірнеше күннен бері Тәбүкте күтіп жатты. Алайда 
өздеріне қарсы ешқандай әскер кезікпеді, қарсы жи-
налып жатқан қол да байқалмады. Екі ықтимал 
жағдай ойға оралды: не соғыстан бас тартқан Визан-
тия әскерін кері шегіндірген, не олар мұсылмандарға 
айла жасамақ. Бірақ әр өткен уақыт екінші жағдайға 
деген күдікті молайтты. Мәселені анықтау үшін қарсы 
жақпен мәмілеге келу қажет болды. Пайғамбарлар па-
дишасы көп жыл бұрын жіберген Дыхиятул-Кәлбиды 
Гераклийге жіберді. Қолына ұстатқан хатта Расулаллаһ 
(саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) 
оған үш таңдау білдірді: Исламды 
таңдау, жизия салығын төлеп өз елінде қалу, не соғысу.
Бұл кезде Византия патшасы Гераклий Хымста еді. 
Пайғамбарымыздың хатын ала салысымен мәселені 
уәзірлері, дінбасыларымен ақылдасты. Күн сайын 
өсіп, жайылып келе жатқан мына жаңа діннің өз елін 
де бағындыратынын білдірді. Алайда уәзірлері мен 
дінбасылар бұған қатты қарсылық білдірді, сол себепті 
Гераклий тағын сақтау үшін пікірінен қайтты
145

Алайда осыған қарамастан Гераклий мұсылмандарға 
қарсы соғысты да, не оларға бағынуды да жөн 
көрмеді. Тәбүкке дейін келген мұсылмандарға жауап 
қайырмады, бейтарап ұстаным білдірді. 
Бұл кезде Аллаһ расулы 
(саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) 
төрт жүз 
кісілік күшпен Халид ибн Уәлидты Думатул-Жандал 
жаққа жіберіп, Бәни Кинданың патшасы Үкайдар ибн 
145
Тіпті сол күні Гераклий Пайғамбарымызға бір елші жіберіп, өзінің 
бағынатынын, алайда тағын сақтау үшін бұны ашық жариялай ал-
майтынын білдіргендігі туралы деректер бар. Алайда Аллаһ расулы 
иман секілді маңызды істі тақ секілді дүниеуи іске айырбастауды 
құптамаған. Сүхайли, Раудул-ұнф, 4/300; Ибн Қайим, Задул-мағад, 
1/116; Салихи, Субулул-худа уәр-рәшад, 5/457-459, 11/356. . 


380
Жүрек төрінен орын алған теңдессіз тұлға Мұхаммед (с.а.с.)
Абдулмаликты тұтқындап қайтуды бұйырды. Тіпті 
сол күні Пайғамбарымыз 
(саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) 
жанына 
ерткен әскерді азырқанып, олардың жерін көпсінген 
хазірет Халидке: – Сен оны жабайы сиыр аулап жүрген 
жерінен қолға түсіресің. Бірақ оны өлтірмей алып кел, 
– деп, Үкайдарды қайдан тауып, тапқан кезінде қалай 
ұстайтынына дейін тәптіштеп түсіндірді. Шынымен 
де хазірет Халид барып тұтқындайтын күні Үкайдар 
жабайы сиыр аулауға шығыпты. Бұл кезде қасындағы 
адамдармен бірге бауыры Хассан да бар еді. Аллаһ 
расулының айтқан хабары дәл шыққанын көрген 
хазірет Халид сол қуанышты бөлісу үшін Үкайдардың 
мойнындағы алтын айқыш белгіні Пайғамбарымызға 
беріп жіберді. Сол күні соны көрген сахабалар әлгі 
алтын айқыш белгінің әдемілігіне қатты таңырқаған. 
Бұны көрген Аллаһ елшісі 
(саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) 
оларға:
– Сендер осыны ұнатып таңырқап тұрсыңдар ма? – 
деп, оған қосып былай деді:
– Шыбын жанымды құдіретті уысында ұстаған 
Аллаһқа ант етейін, Сағыд ибн Муазға жұмақта 
берілген орамалдар бұдан да өткен көздің жауын 
алады. 
Кейіннен хазірет Халид тұтқындарды Тәбүкке 
алып келгенде, Расулаллаһ 
(саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) 
Үкайдар 
мен адамдарына Исламды қабылдауды ұсынды. 
Алайда олар бұдан бас тартты. Ислам билігін мойын-
дап, жизия салығын төлеуге келісті, арада келісім-шарт 
жасалды. Осыдан кейін Расулаллаһ 
(саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) 
Үкайдарды бауыры екеуін еркіне жіберді. 
Бұл кезде Үкайдарды қолға түсіргендей өзіне 
де адамдарын жібере ме деп сескенген Әйла патша-
сы Юханна ибн Руба сый-сыяпатын өзі алып келіп, 


381
Шуақты әлемдегі кеңпейілдік
Пайғамбарымызға жолығып, жизия салығын төлеп 
тұруға келісті
146

Адамдармен тіл табысып, диалог құруға ерекше мән 
беретін Пайғамбарымыз 
(саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) 
Юханнаға 
жазылған сенім хат ұстатып, Юханнамен бірге Шам, 
Йемен, Бахр маңындағы адамдардың да қауіпсіздігі 
өзіне қарайтынын білдірді
147
.
Тәбүкте Византиямен жылы қатынас орнама-
са да, мақсат орындалды. Осы себеп болып жұрттар 
Исламның өзіне баурайтын қасиетімен жаңа-жаңа 
таныса бастады. Бұл кезде иудей ұлтынан Жарба мен 
Азрух тайпалары да келіп, мұсылмандармен келісім 
жасасты. Бұл келісім бойынша олар әр жылы Режеп 
айында жылдық жүз динар жизия төлеуге міндеттелді. 
Осы арқылы Исламның қорғауына өтпек болды. 
Пайғамбарлар патшасы 
(саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) 
осы таңдау 
нәтижесінде олардың да мал-бастарының қауіпсіздігін 
өздеріне қабылдап алғанын, осыған сай олардың да 
міндеттері барын арнайы мәтінге жазғызды. Тіпті 
Жарба мен Азрух халқы сол жылғы жизияларын 
Пайғамбарымыз 
(саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) 
Тәбүктен әлі кетпей 
тұрып әкеліп тапсырған. 
Бұл кезде Мәкна халқы да келіп, мұсылмандармен 
келісім жасасты. Келісім бойынша олар жеміс 
өнімдерінің төртте бірі мен тоқыған маталарының 
төртте бірін жизия ретінде беруді қабылдап, Исламның 
қауіпсіздігін таңдады. 
146
Әкелген сыйлықтарының арасында ақ түсті қашыр да бар еді. 
Пайғамбарымыз 
(саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) 
да оған бір шапан сыйлады. 
Бұхари, Сахих, 2/539 (1411); 3/1153 (2990); Әбу Дәуіт, Сүнән, 3/179 
(3079); Бәйхақи, Сүнән, 9/215. 
147
Бұхари, Сахих, 2/539 (1411); 3/1153 (2990); Әбу Дәуіт, Сүнән, 3/179 
(3079); Ибн Әби Шайба, Мұсаннаф, 7/422 (37006); Бәйхақи, Сүнән, 
9/215. 


382
Жүрек төрінен орын алған теңдессіз тұлға Мұхаммед (с.а.с.)
Тәбүк өз жемісін берді. Расулаллаһ 
(саллаллаһу аләйһи уә 
сәлләм) 
бұдан да көбірек талап етіп әскерімен бірге Шам 
жағына барып-бармауды сахабаларымен ақылдасты. 
Хазірет Омар (р.а.): 
– Уа, расулаллаһ, егер саған осы бұйырылған 
болса, жолды жалғастырайық, – деді. 
Алайда 
Расулаллаһ 
(саллаллаһу 
аләйһи 
уә 
сәлләм) 
сахабаларының 
пікірімен 
санаспастан 
алға 
жылжығысы келмеді. Өйткені өзіне Аллаһ тағала саха-
балармен ақылдасуды бұйырған болатын. 
Хазірет Омарға:
– Егер алға жылжуға бұйрық алған болсам, бұл 
мәселені сендермен ақылдаспас едім, – деді. 
Бұны естігенде хазірет Омар былай деді:
– Уа, расулаллаһ, Римдіктер ірі ел, араларында 
мұсылман жоқ. Дәл қазір оларға ең жақын аймақтамыз. 
Сенің осы жерге дейін келуің оларға үлкен үрей салып 
отыр. Осыдан кейінгі жағдайды байқау әрі Аллаһтың 
бұл мәселеде үкім беруін күтіп, осы жылы кері 
қайтайық. 
Басым көпшілік те осы пікірде болғандықтан, 
пайғамбарлар падишасы 
(саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) 
Тәбүктен 
кетуге шешім қабылдады. Ендігі беталыс Мәдина
148



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   126   127   128   129   130   131   132   133   ...   155




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет