МұхаММед (с а л л а л л а һ у а л ә й һ и у ә с әл л ә м ) 3 Аударған: Ғалымбек Тобашев



Pdf көрінісі
бет150/155
Дата16.11.2022
өлшемі1,98 Mb.
#50491
1   ...   147   148   149   150   151   152   153   154   155
Қоштасу сәті және соңғы күн
Бейсенбіден бері Расулаллаһ 
(саллаллаһу аләйһи уә 
сәлләм) 
жамағатқа келіп намаз оқыта алмады. Бірақ 
сахабалардың үмітпен күтуі жалғасып, соңғы күні 
келгеніндей бүгін де келетін шығар деп күтті. 
Күн дүйсенбі. Күнтізбе Рабиуләууал айының он 
екісін көрсетті. Көпшілік бүгіннің таң намазына да 
үмітпен келіп, сауыққан қалпында алға шығып намаз 
оқытқанын көргілері келді. 
Ибн Үммү Мактумның азанымен жамағатты 
жинаған мешіт Біләлдің азанынан кейін тіптен адамға 
лық толды. 
Тағы да келе алмады. Сол күнгі таңғы намазды 
да өзі орнына тағайындаған хазірет Әбу Бәкір (р.а.) 
оқытты. 
Бір мезет мешіттің шетінен қозғалым байқалды. 
Айша анамыздың бөлмесіндегі перде ашылып, нұрлы 
дидары толған айдай көрінді. Тағы да мүбәрак басын 
таңып, есіктен қарап тұрды. Құранның парағындай 
таза жүзін михрабтағы имамға қаратты. Көңілі 
сүйсінгені мүбәрак жүзінің күлімсіреуінен байқалды. 
Бұл сахабалардың оны соңғы көруі болды. Қатты 
қуанғаннан жамағат тіпті оқып тұрған намаздарын 
бұза жаздады. 
Екінші рәкатқа тұрды. Жүйелі түрде сапқа тізіліп 
тұрған жамағат ол кісінің келгенін сезіп, жол берісті. 
Әбу Бәкірдің артына дейін келді. Хазірет Әбу Бәкір 
артқа ығысып жол бергісі келді. Алайда Расулаллаһ 
(саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) 
хазірет Әбу Бәкірдің иығына қолын 
қойып, орнында тұра беруді ұқтырды. 
Өзі тағайындаған имамның артына отырып нама-
зын оқыды. Имам сәлем бергенде, үлгермеген рәкатын 
да толықтырды. Міне, бұл ол кісінің соңғы намазы еді. 


438
Жүрек төрінен орын алған теңдессіз тұлға Мұхаммед (с.а.с.)
Іле бағаналардың біріне арқасын сүйеп отырып, дауы-
сын шығарыңқырап, бүліктер жайлы айтып сахабала-
рына ескерту жасады. Сөйтті де назарларын қайтадан 
Құранға бұрды. Араб түбегіндегі екі дін болуын артық 
санап, бұл аймақта Исламнан басқа діннің болғанын 
қаламады. Ол жерден кетіп бара жатып былай деді: 
– Жамағатынан бірі өзіне имамдық жасамайынша, 
нәбилер қайтыс болмайды!
Сауығып қалғандай көрінді. Алаңдаушылықтары 
басылғандай. Жамағаттың қуанышында шек жоқ. 
Қайтадан араларына қайтып, олармен бірге сапқа тұрып 
намаз оқыды. Бәрі қайта қалыптасып келе жатқандай 
әсер берді. 
Осы кезде Рим аймағына қолбасшы етіп 
тағайындаған жас қолбасшы Үсама қасына келді. 
Әскер жылжымақ. Әскердің атынан қоштасуға келіпті. 
Бір күн бұрын келіп, олай-бұлай болған жағдайда да 
бәрібір жолға шығу туралы бұйрық алған болатын. 
Қасына келіп отырғанда, мүбәрак қолымен басынан 
сипап, он сегіз жасар жас қолбасшы хазірет Үсамаға 
аяқүсті дұға етті. 
Күн туып сәске уақыты жақындағанда, қызы Фа-
тиманы жанына шақырып, құлағына әлденені сы-
бырлады. «Менің бөлшегім» деп атаған қызы Фатима 
сол мезет «Әкешім, әкетайым» деп жылап жіберді. 
Қызына тағы бір мәрте қарап: – Бүгіннен кейін әкең еш 
қиналмайтын болады, – деген қуанышты хабар айтты. 
Алайда бұл айрылысудың қасіретін баса алмады. 
Хазірет Фатима әлі де солқылдап жылап отырды. 
Рақымды пайғамбар бұл көрініске шыдай алмай, 
қызын қайта жанына шақырды. Иіліп, құлағына тағы 
да әлдене деп айтты. Жаңа ғана еңіреп жылап жіберген 
хазірет Фатиманың өңі демде жадырап сала берді. Жүзі 


439
Уақыт жақындады 
күлімдеп, қуанып кетті. Тіпті жаңағы Фатима кетіп, 
орнына басқа бір Фатима келгендей
172

Қызына тағы да жақындап, оған әлемдегі 
әйелдердің ең таңдаулысы сол екенін қуана жеткізді. 
Бұған қоса, қарсы алдындағы әйелдерге қарата насихат 
айтты.
Көкесі хазірет Аббас та соңғы күндері қоштасудың 
қайғысын тарта бастады. Жиені хазірет Алиды 
шақырып алып, Расулаллаһтың бақиға аттанайын 
деп жатқан хабарын айтты. Өзімен сөйлесіп кейінгі 
жағдайларға өсиеті айтуын сұрады. 
Расулаллаһ 
(саллаллаһу 
аләйһи 
уә 
сәлләм) 
болса, 
жанындағыларға өсиет айтып, әлі мүмкіндік барда 
ақырет үшін еңбектену керектігін еске салып жатты. 
Өйткені қолдағы мүмкіндіктер жақсылық үшін 
қолданылып, осы дүниеде жүріп-ақ ақырет қамдалуы 
тиіс-ті. 
Бұдан бұрын да сахабаларына қарап:
– Абайлаңдар! 
Ажалдың 
жақындағанын 
байқағандарың, Аллаһ өзін кешірер деген жақсы ойдан 
ажырамасын, – деп өсиет айтты. 
Бір күн бұрын қызметшілері мен құлдарына бас 
азаттығын беріп, босатты. Айша анамыздағы алты 
динарды да мұқтаж жандарға таратып беруді тапсыр-
ды, іле талып қалды. Есін жияр-жимас таратылып-
таратылмағанын сұрады. Әлі таратылмап еді. Ал-
дырды да уысына салып жеке-жеке санады. Сөйтті де 
оларды жиені мен күйеубаласы хазірет Алиге жіберіп, 
бәрін мұқтаждарға таратып беруді бұйырды. 
172
Пайғамбарымыз 
(саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) 
оған «Мен бақиға аттанып 
барамын» дегенде, қызы шыдамай жылаған. Сәлден кейін «Маған ең 
алғашқы болып қауышатын сенсің» дегенде, бұған қуанған. Мүслим, 
Сахих, 4/1905 (2450), Ибн Мажә, Сүнән, 1/518 (1621); Табари, 
Мұғжамул-кабир, 22/415 (1027). 


440
Жүрек төрінен орын алған теңдессіз тұлға Мұхаммед (с.а.с.)
– Осылар қолында тұрғанда Мұхаммед қалай 
Раббысының алдына барады? – деді. 
Сол күнге дейін өзі қолданып келген қылыш, 
қалқан тәрізді қару-жарақтарын да мүминдерге тара-
тып берді. Дүниесінің бәрін таратып беріп, ақыретке 
таза қалыпта барғысы келгені белгілі еді. Тіпті сол 
күні хазірет Айша анамыз әйелдердің біріне майша-
мын беріп жіберіп, «Кішкене май тамызып берсінші» 
деп қараңғы бөлмесін жарық ету үшін қарызға май 
сұратқан.
Басқа жол таппағандықтан отыз сағ арпаға есептеп, 
соғыстарда киген сауытын бір иудейге кепілге берді. 
Күн еңкейіп бара жатты. Бұл қоштасу уақытының 
жақындағанын да білдірді. Осы кезде сырқаты да 
күшейді. Хазірет Айша анамыз мынаны бөліскен:
– Уа, Айша, еш күмәнің болмасын, мен әлі Хайбар-
да жеген астың азабын тартудамын. Сол у менің ішкі 
ағзамды бөлшектегендей сезінудемін. 
Іле мүбәрак жүзін жапты. Тынысы тарылып 
кеткендіктен қайта ашты. Пайғамбарлардың қабірін 
пұтханаға айналдырғандарға қарғыс тиетінін қайталап 
жатты. Осы кезде сөзді қайта намазға бұрып: 
– Намаз, намаз! Қол астыларыңдағы аманаттар, – 
деп қайталай бастады. Намазды ешуақытта тастаушы 
болмаңдар, құлдардан бастап жауапкершілігін мойынға 
алған кісілерге жақсы қараңдар дегенді айтқысы 
келгені байқалды. Дүниеге және дүниедегілермен қош 
айтыспай тұрып сахабаларына осы өсиеттерді айтты. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   147   148   149   150   151   152   153   154   155




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет