445
Сөз соңы
әдебиеттер тізімінде әлгі мәліметтер кездесетін
еңбектерді бергенді мақұл деп таптық. Ол үшін бізді
жазғыра көрмес деген ойдамыз.
Әрине, біз шектеулерді тек сілтемелерге ғана
жасамадық. Ұзақ
бір ғұмырды беттері санау-
лы кітаптарға сыйғызу қиын. Сондықтан кейбір
оқиғалардың да сөздерін жұмырлап, ықшамдап бердік.
Тіпті кейбір оқиғаларды қаламасақ та кітаптан алып
тастадық. Айталық, көрсетілген мұғжизаларды бөлек
кітап ету керек деген ойдамыз.
Аллаһ расулының мүшрік болсын, басқа болсын
сол кездегі адамдармен жекелеген кездесулерін,
оларды Исламға шақырған
оқиғаларын да мейлінше
қысқартыңқырап бердік. Сондай-ақ жекелеген адам-
дармен сөйлесуден кейінгі қазіргі уақытқа да керекті
әдістемелік түйіндерді де басқа бір кітапқа қалдырдық.
Қазіргі уақыттағы әр елдегі рухани өзгерістерге
байланысты, соған үлес болсын деген ниетпен,
Пайғамбарлар
тарихында көп кездеспейтін, хадис
жинақтарында шашыраңқы кездесетін оқиғаларды
Исламның тарихи дамуы барысында беріп отыруды да
келесі бір кітапқа арнадық.
Кітаптың тақырыптық аясына сыймаған жайт-
тар бір бұлар ғана емес. Айталық, Расулаллаһтың
тамақтануда көрсеткен мұқияттылығы,
сауда-
саттықтағы өлшемдері, мектепке айналған отбасылық
өмірі, жомарттығы мен мәрттігі, көршілік қатынастары,
мейірімділігі
мен
жанашырлығы,
тақуалығы,
жұмсақмінезділігі, сабыры, батылдығы мен ерлігі,
кішіпейілдігі, жан-жақтылығы секілді тақырыптарға
да бұл жерде кең тоқталып жатпадық.
Текті тұлғаның өмірін томдықтарға сыйғызудың
өзі мүмкін емес. Бұлардың барлығын ескере келген-
446
Жүрек төрінен орын алған теңдессіз тұлға Мұхаммед (с.а.с.)
де, әз елшінің өміріне
жаңаша қарап әрі жан-жақты
қамтып, кең жазу керек екен деген ұйғарымға келдік.
Біз тек оқиғалардың астары арқылы Расулаллаһтың
өмірін сөйлетуге тырыстық. Ғибратты ғұмырын кең
түсіндірмелермен қазіргі оқырманға жеткізудің өзі
бөлек жұмыс. Еңбекте кеткен осындай олқылықтар,
бұйырса, ғалымдарды қамшылап, алда кең бір еңбектің
жазылуына түрткі болар.
Бұл еңбектің жазу адамға үлкен құлшыныс
сыйлағанын да айтпай кетуге болмас.
Анығында,
бұндай кеңкөлемді еңбектің жазылуы бір-бірімен
тілектес, ниеттес жандардың бас қосып, осы мәселеге
мұқият назар аударуына да байланысты. Кім білсін,
бұндай арман да бір күні жүзеге асар.
Әлқиса, кеткен барлық кемшіліктерді мойынмен
көтере отырып, ізгі ниетпен жасалған осы еңбектегі
қателер болса, әуелі Адамзаттың
мақтанышы хазірет
Мұхаммедтің
(саллаллаһу аләйһи уә сәлләм)
әруағынан әрі жүрегі
сол кісіге жақын соққан абзал азаматтардан кешірім
сұрай отырып, дұға-тілектеріңізге мені де қосып
қойыңыздар деген өтініш айтқым келеді.
Достарыңызбен бөлісу: