Уақыт жақындады
тамақтағы тұздай. Сендерден кім оларды басқарса,
жақсылық я жамандық көргенде, жақсылығын алып,
жамандығын кешірсін.
Артынан былай деді:
– Күмәнсіз,
Аллаһ
дүние
тіршілігінің
әсемдіктерінен қалағанын беру әрі жанындағыларды
бұйырту турасында құлына таңдау тастады. Құлы
Аллаһтың жанындағыны таңдады.
Сөздерін әлі бітірмей жатып, алғашқы уақыттан
бері жанындағы адал серігі Әбу Бәкірдің өкіріп
жылаған даусы естілді: – Ата-анам жолыңда құрбан
болсын, уа, расулаллаһ, – деп жатты.
Бәрі дауыс шыққан жаққа таңдана қарап қалды.
Бірақ жұрт хазірет Әбу Бәкірдің түсінгенін түсінбеп еді.
Өйткені ол әлгі таңдау еркі Расулаллаһқа берілгенін
ұға қойып еді.
– Мына кісіге не болған, Расулаллаһ бір кісіге
дүниенің әсемдігі мен Аллаһ жанындағылар арасында
таңдау еркі берілді, ол екіншісін таңдады десе, соған
жылап «Әке-шешем жолыңда құрбан болсын, уа,
расулаллаһ» деп жатыр, – десті.
Түсінгендері түсінді-ақ. Алғашқы күннен бері жа-
нынан айрылмаған адал досының көңіл сергектігіне
куә болған ардақты расул сахабаларының наза-
рын хазірет Әбу Бәкірге аудартты. Оның сахабалар
арасындағы орнын көрсеткісі келгендей қолын ұстап
жоғары көтеріп:
– Мен үшін Әбу Бәкір заттай әрі рухани
жанаямастығы тұрғысынан адамдардың ең сенімдісі.
Егер Раббымнан басқа дос таңдар болсам, Әбу
Бәкірді таңдар едім. Алайда бұдан былай тек Ислам
бауырластығы және осы бауырластыққа негізделген
сүйіспеншілік қана болады. Мешітке ашылатын бүкіл
434
Жүрек төрінен орын алған теңдессіз тұлға Мұхаммед (с.а.с.)
есіктер жабылсын, тек Әбу Бәкірдің ғана есігі ашық
қалсын.
Расулаллаһтың сырқаты ауырлағанын естігендер
мешітке жүгірісті. Сыртта тұрғандар қатары молая
берді. Бәрі Расулаллаһ қайтыс бола ма деп алаңдады.
Әуелі көкесінің ұлы Фадл, артынан кезегімен хазірет
Али және хазірет Аббас кірді ішке. Әрбірі сыртта
жиналған көпшілікті айтты. Сол күні екі кісінің
сүйемелдеуімен жамағатқа былай деді:
– Уа, адамдар! Маған жеткен хабар бойынша,
сендер менің ажалымды ойлап алаңдаулы екенсіңдер.
Мен осында қалатындай, маған дейін қай пайғамбар
мәңгі өмір сүріп еді?! Абайлаңдар! Мен де Раббыма
қауышамын, сендер де қауышасыңдар.
Іле оларға мына ақиқатты айтты:
– Күмәнсіз, сендер үшін менің өмірім де, өлімім де
қайырлы.
Әркім өткен-кеткен естеліктерін жадында жаңалай
бастады. Өйткені мына айтылған сөздер ашық қоштасу
еді. Бұған дейінгі айтқандарын еске түсіруге тырысты.
Өйткені бірде өздеріне мынаны айтып еді:
– Сендер мені араларыңда ең соңынан қайтыс
болады деп ойлап па едіңдер?
– Иә, – деп бәрі жауап қатып еді. Алайда Расулаллаһ
(саллаллаһу аләйһи уә сәлләм)
сол күні:
– Күмәнсіз, араларыңда бәріңнен бұрын мен
қайтыс боламын, – деп еді.
– Еш күмәнсіз, мен ұзақ сапарға шақырылдым.
Сол сапарға шығуға уәдемді бердім, – деп еді басқа бір
күні.
Шамамен бір айдай бұрын жақын туыстарын
шақырып, жан тәсілім еткен күні өзін кімдер, қалай
арулап көметінін де жеке-жеке табыстап еді.
435
Уақыт жақындады
Көкесі хазірет Аббас бір күні көрген түсін айтты.
Түсінде аспанға қарай мықты бір жіптің көтерілгенін
айтты. Сол кезде де:
– Ол көргенің бауырыңның баласының өлімі, –
деп, бұны Ұлы досқа қарай қадам басудың нышанына
балаған.
Енді міне Расулаллаһтың әр күні қоштасуға ұласты.
Бейсенбі күн келгенде, сахабаларына дауыстап: – Қане,
жаныма жақындаңдар! – деп шақырды. – Сендерге бір
нәрсе жаздырайын, менен кейін тура жолдан адасып
жүрмеулерің үшін.
Алайда қатты аурудан әл-дәрмені жоқтығы көрініп
тұрды. Өзін қинап әрең түрегеліп тұрды. Сол себепті
хазірет Омар секілді алдыңғы қатарлы сахабалар:
– Көрмейсіңдер ме, Расулаллаһтың ауруы
асқынып тұр. Қолымызда Құран бар, Аллаһтың кітабы
бәрімізге жетеді, – деп, науқас адамды мазаламаудың
жөн екенін алға тартты. Енді бір сахабалар болса,
ауырғанына қарамастан Пайғамбарымыздың өтінішін
орындап, айтқысы келгендерін жазып алғанның жөн
екенін айтысты. Екі арада келіспеушіліктер туын-
дап, шу шыққанын көрген Расулаллаһ бұл жағдайды
ұнатпағанын білдіріп, оларға тарауды бұйырды.
Бүгінге дейін ауруының асқынғанына, дене
қызуының көтерілгеніне қарамастан сахабаларының
арасына барып, намазды өзі оқытты.
Намаздан кейін ауруы тағы да артты. Түнгі
намаздың уақыты кірсе де мешітке келе алмады. Соңғы
оқытқан намазы бейсенбі күнгі кешкі намаз еді. Осы
намазда «Мүрсалат» сүресін оқыды.
Түнгі намазға хазірет Біләл азан оқыды. Мешітке
жүгірген жамағат имамды күтті.
436
Жүрек төрінен орын алған теңдессіз тұлға Мұхаммед (с.а.с.)
Бақытты бөлмесінде бұл жағдайлардан хабарсыз
еді. Өйткені Расулаллаһ бір сәт талып қалған болатын.
Есін жияр-жимастан:
– Намаз оқылды ма? – деп сұрады Айша анамыз-
дан:
– Жоқ, сізді күтуде, – деген жауап естіді.
– Дәрет алайын, су дайындаңдар! – деді. Бар
ынтасы мешітте екені аңғарылды. Су әкелінгенде, ор-
нынан тұрып қинала әрең дәрет алды. Енді намазға
шыға бергенде, тұрған орнында талып түсті. Бәрі
жанына жүгірді. Бірер сәтте өз-өзіне келгендей болды.
Қайтадан сұрады:
– Жамағат намазын оқыды ма?
Намазға шыққысы келді. Бірақ бұған шамасы
келмеді. Жиі-жиі талып қала берді. Соңында намазды
хазірет Әбу Бәкірдің оқытуын қалады. Артынан өзі екі
кісінің демеуімен ғана әрең намазға шықты
171
.
Өзін күткендерге толған айдай толықсып шыға
келгенде, мешіттің ішіндегілер толқып кетті. Парасат-
ты жан хазірет Әбу Бәкір имамдықты иесіне қалдырып,
кері шегінгісі келді. Алайда Расулаллаһ қолымен
ишара жасап, «Орныңнан тапжылма» дегенді білдірді.
Ашылған саптардың арасымен имамның жанына дейін
келді. Түрегеліп тұратындай әл-дәрмені жоқ еді, нама-
зын отырып оқыды.
Ендігі жерде Расулаллаһ көзінің нұрына балаған на-
мазды жамағаттың арасына келіп оқыта алмады. Бұдан
былай жамағатқа намазды өзі орнына тағайындаған
хазірет Әбу Бәкір (р.а.) оқытты.
171
Тіпті осы кезде намазды хазірет Әбу Бәкірден басқа кісінің оқытуын
қайта-қайта айтқан Айша анамызға бұрылып, бұл іс-әрекетінің
хазірет Жүсіптің алдында мінез көрсеткен әйелдердің іс-әрекетіне
ұқсағананын білдірген. Бұхари, Сахих, 1/236 (633), 1/240 (646-647);
Мүслим, Сахих, 1/313 (418), 1/316 (420).
437
Уақыт жақындады
Достарыңызбен бөлісу: |