МұхаММед (с а л л а л л а һ у а л ә й һ и у ә с әл л ә м ) 3 Аударған: Ғалымбек Тобашев


Жәбірейіл әмин мен ажал періштесінің



Pdf көрінісі
бет151/155
Дата16.11.2022
өлшемі1,98 Mb.
#50491
1   ...   147   148   149   150   151   152   153   154   155
Байланысты:
Жүрек төрінен орын алған 3 том

Жәбірейіл әмин мен ажал періштесінің 
келуі
Сенбі және жексенбі күні жанына келген Жәбірейіл 
әмин тағы да қасында еді. Бұл жолғы ерекшелік 
расулаллаһтың бөлмесі басқа да періштелерге толып 


441
Уақыт жақындады 
кетті. Әрбірі жетпіс мың періштеге бұйрық жүргізетін 
жетпіс мың періште бар еді. 
– Уа, Мұхаммед! – деді тағы да. – Аллаһтың саған 
сәлемі бар. Өзіңе құрмет, ізет көрсету үшін мені арнайы 
жіберді. Аллаһ өзі біле тұра менің сұрауымды қалады: 
өзіңді қалай сезінудесің?
– Уа, Жәбірейіл, әлім құрып кетті, өне-бойым 
ауырып жатыр, – деді. Сөйтті де жанына жақынырақ 
келуін өтінді. 
– Раббың былай деді: қаласа, ауруынан 
айықтырайын, қаласа жанына алып, рақымыма 
бөлейін. 
– Бұл раббым білетін іс. Ол мен үшін қалағанын 
жасар, – деді. 
Артынан Жәйбірейіл періште таныстырған Ажал 
періштесі рұқсат сұрады: 
– Уа, расулаллаһ, Аллаһтың сәлеметі саған болсын! 
Не қаласа соны істе деп мені саған Аллаһ жіберді. Уа, 
Ахмет, дәл қазір аманат жанды ал десең, аламын, жоқ 
кері қайт десең, кері қайтамын. 
Таңдауында өзгеріс болмады. Сондықтан дауы-
стар:
– Әй, ажал періштесі. Сен өз міндетіңді атқар, – 
деді. 
Дәл осы сәт аздап сулаған қолымен бет-жүзін 
сүртті. Сүртіп жатып «Аллаһ тағалам, өлім сәтінің 
қиындықтарынан өзің сақтай гөр!» деп дұға етті. 
қоштасу сәті
Уақыт таяды. Сапар белгілері біліне бастады. 
Расулаллаһ 
(саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) 
өмір мен өлімнің арасын 
бөліп тұрған нәзік перденің ар жағына өтпек. Мүбәрак 
басын Айша анамыздың кеудесіне сүйеп, қара көзін 


442
Жүрек төрінен орын алған теңдессіз тұлға Мұхаммед (с.а.с.)
шаңыраққа қадады. Дәл осы кезде бөлмеге хазірет Әбу 
Бәкірдің ұлы Абдуррахман кірді. Қолындағы мисуак 
назарын аударды. Парасатты хазірет Айша ол кісі ми-
суакты ұнатқанын түсіне қойып:
– Саған әперейін бе? – деп сұрады. 
«Иә» дегендей басын сәл изеді. 
Хазірет Айша мисуакты алып оны ғаламдардың 
мырзасына бергісі келді. Алайда мисуак қаттылау еді. 
Осы себепті хазірет Айша анамыз:
– Мисуакты жұмсартып берейін бе? – деп сұрады. 
Бұл жолы да мүбәрак басы қозғалып, иә дегенін 
аңғартты. Бұл кезде тіл сөйлеуден қалып, тек көзбен 
ғана бәрін ұқтыруда еді. 
Хазірет Айша дереу мисуакты аузына салып 
жібітіп, пайғамбарлар төресіне берді. 
Расулаллаһ мисуакты алып, інжудей әдемі тістерін 
баяу ысқылай бастады. Бақиға аттанып бара жатқанда 
да тістерін тазалап жатты. Бір жағынан: 
– Лә иләһа иллаллаһ, расында жантәсілім етудің 
қиындығы бар, – деп жатты. 
Бір сәт өзіне сауығып кету үшін дұға еткісі келген 
хазірет Айша анамызға қарап «Жоқ!» деді. Негізгі от-
анына кетіп бара жатып бұндайды сұрау жараспасы 
белгілі еді. Сол себепті қолын дереу тартып ала қойды. 
Осы сәт саусағын жоғары көтерді. Көзін қайта 
шаңыраққа тікті де еріндері дірілдеді. Не айтып 
жатқанын есту үшін хазірет Айша анамыз мүбәрак 
құлағын аузына тосқанда, мынаны айтқанына куә 
болды: 
– Пайғамбарлар, шейіттер, сыддықтар мен 
ізгілерден өзіне нығмет бұйыртқандармен бірге мені де 
кешіріп, рақымыңа бөле! Мені енді рафиқи ағлаға, ұлы 
достығыңа қабыл ала гөр! 


443
Уақыт жақындады 
Аллаһ тағалам, ұлы достығыңды қалаймын! Аллаһ 
тағалам, ұлы достығыңды қалаймын! Аллаһ тағалам, 
ұлы достығыңды қалаймын!
Алпыс үш жыл бұрын дүйсенбі күні бастаған сапа-
рын тағы да дүйсенбі күні соңғы нүктесін қойды. Уахи 
тоқтаусыз жауып тұрған жиырма үш жылдық өмірінде 
тіршіліктің соңына дейін кездесетін мәселелердің 
бәріне жауап беретіндей толыққанды өмір сүрді. Тәблиғ 
міндетін кейінгілерге аманаттап сапарын жалғады. 
Бөлмені керемет бір жұпар иіс алып кетті. 
Осы сәт қолы су тұрған ыдысқа бара жатып сылқ 
ете қалды. Осы сәт ұстаған мисуагы да сырғып жерге 
түсті. 
Жолды да, жолаушыларды да кейінгілерге 
аманаттаған Расулаллаһ 
(саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) 
өзі қатты 
қалаған Раббысына қауышып, мәңгі әлемге қадам 
басты. 
Өзі аманаттап кеткен туды ендігі уақытта хазірет 
Үсама секілді жастар биікке көтеріп алып жүрмек. 


444


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   147   148   149   150   151   152   153   154   155




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет