МұхаММед (с а л л а л л а һ у а л ә й һ и у ә с әл л ә м ) 3 Аударған: Ғалымбек Тобашев



Pdf көрінісі
бет80/155
Дата16.11.2022
өлшемі1,98 Mb.
#50491
1   ...   76   77   78   79   80   81   82   83   ...   155
Байланысты:
Жүрек төрінен орын алған 3 том

Хайбардан кейінгі жағдайлар
Рахман әрі Рахим Аллаһты разы ететін де әрекет еді. 
Қолдағы сапаны байқау үшін сынақ жасалып, сахаба-
лар сол үддеден шыға білген еді. Көп өтпей Жәбірейіл 
періште Аллаһ елшісінің жанынан табылып, мына 
мәндегі аяттарды жеткізді: 
«Раббысынан не түссе де Пайғамбар соған 
иман етті, мүминдер де. Олардың әрбірі Аллаһқа, 
періштелерге, кітаптарға және елшілерге иман етті. 
«Оның елшілерінің ешбірін бөле-жармаймыз» деді де 
және оған мынаны қосты: «Естідік әрі мойынсұндық. 
Уа, раббымыз, кешіріміңді тілейміз, түбі Өзіңе 
қайтамыз». 
Аллаһ ешкімге күші жетпейтін жүк артпаған. 
Әркімнің жасаған жақсылығы өзіне, істеген 
жамандығы өзіне. 
Уа, раббымыз! Егер ұмытып я аңдаусызда қателік 
жасасақ, ол үшін бізді жауапқа тартпа!
Уа, раббымыз! Бізден бұрынғыларға жүктегеніңдей 
ауыр жүк міндеттеме! 
Уа, раббымыз! Шамамыз келмейтін істерге бізді 
жауапты етпе! 
Бізді кешір, өтінеміз кемшіліктерімізді кеш, бізге 
мейірімділік таныт! 
Біздің жол көрсетушіміз сенсің, көмекшіміз де 
өзіңсің! Кәпір қауымдарға қарсы тұруда бізге өзің 
көмек бер!»
94
Бұл бір жағы сахабалардың сапалық тұрғыдан 
олардың жеткен деңгейін көрсетуде еді. Аллаһтың аты, 
Расулаллаһтың байрағын әлемге жеткізетіндер де уа-
химен шыңдалған осындай ерік-жігері мықты адам-
дар еді. Сапа осы деңгейге жеткенде, аз нәрсе барын-
ша молайып, өздерін зор санап келгендер де бұлардың 
94
«Бақара» сүресі, 2/285, 286. 


230
Жүрек төрінен орын алған теңдессіз тұлға Мұхаммед (с.а.с.)
қасында жоқ болып жұтылып кете бармақ. Мұта 
соғысы осының анық байқалған кезі. 
Мұта 
Сегізінші жылдың Жамадиул-әууәл айы еді. 
Бейбітшілік үстемдік құрған ортада Исламның насиха-
ты күнбе-күн кең өріс алып бара жатты. Осы себепті 
Аллаһ елшісі 
(саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) 
Харис ибн Үмәйір 
арқылы Бұсра әкіміне жаңа бір хат жолдады. Алайда 
сол күнге дейін еш кездеспеген тосын жағдай орын 
алды. Пайғамбарлар падишасының елшісі хазірет 
Харис Бәлка делінген жерден өтіп бара жатқанда, сол 
жердің әкімі Шұрахбил тарапынан аяусыздықпен 
өлтірілді. Хазірет Харистың жолын кесіп, аяқ-қолын 
байлап, мұсылмандардың елшісі екенін білгенде, 
шейіт қылған болатын. Бұл кешірілмейтіндей ашық 
қастандық әрі соғысқа шақырудың белгісі еді. Өйткені 
қандай жағдай болмасын елшілерге ешкім тиіспейтін, 
олардың жанына кепілдік берілетін. 
Хазірет Харистың шейіт болған хабары 
пайғамбарлар падишасына жеткенде, қатты қайғырды. 
Іле елшіні қастандықпен өлтірген Шұрахбилға қарсы 
сахабаларын көтеріп, дайындық бастатты. Өйткені 
Расулаллаһ қарақшылықты түп тамырымен жою үшін, 
әрі бұны кәсіп еткендерді тәубеге келтіру жолын-
да барынша күресетін. Баратын бағыт Византияның 
билігінде болғандықтан, мәселеге барынша байыппен 
қарап, барлық ықтимал жағдайларға сақ қаралды. 
Қысқа уақыттың ішінде-ақ үш мың кісілік қол жи-
налды. Мұншалықты қалың қол бұған дейін тек Хандақ 
күні кездескен. Аллаһ елшісі 
(саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) 
болатын 
жағдайларды алдын ала көріп тұрғандай еді. Ақ туды 
қолына ұстатып, осы қалың әскерге қолбасшы ретінде 


231
Хайбардан кейінгі жағдайлар
Зәйд ибн Харисаны тағайындады. Харис ибн Үмәйрдің 
шейіт етілген жеріне дейін баруды әрі сол жердегілерді 
Исламға шақыруды тапсырды. Егер бұны қабылдамаса, 
Аллаһқа сенім артып, тәуекел ете отырып жағдайға 
қарай әрекет етуді, көздеген істі нәтижелеуді ескертті. 
Осы әрекетімен осыған дейінгі қалыптасып қалған 
керітартпа түсінікті жойып, құлдың да қолбасшы 
бола алатынын көрсеткісі келді. Оның үстіне бұл 
істің тек хазірет Зәйдпен шектелмейтінін біліп: «Егер 
Зәйд шейіт болса, қолбасшылыққа Жағфар ибн Әбу 
Талип, Жағфар шейіт болса, орнына Абдуллаһ ибн Ра-
уаханы тағайындаңдар» деп, жағдайдың қаншалықты 
жеңіл соқпайтындығын аңғартты. Сахабалардың көбі 
бұл сөзден аты аталған қолбасшылардың кезегімен 
шейіт болатындығын сезіп, қоштасқанда кері 
қайтпайтындармен қимай-қимай ерекше қоштасып еді. 
Қолды жолға салып тұрып, соғыс құқығының ең 
жоғарғы деңгейін көрсетіп, бүгінгілерге де сабақ бола-
тындай мына жағдайларды ескертті: 
– Аллаһтың атымен соғысыңдар, Аллаһты мой-
ындамайтындармен дін жолында күресіңдер. Бірақ 
ешкімге қастық жасамаңдар. Сертке опасыздық жасап, 
ешкімді жәбірлемеңдер. Бала-шаға мен әйелдерді, 
қалт-құлт еткен қарияларды, ғибадатханадағы діндар 
пірәдарларды өлтіруші болмаңдар. Өсіп тұрған ағашқа, 
құрма бақшаларына залал келтірмеңдер! Ғимараттарды 
да жермен-жексен етіп қиратпаңдар! 
Пайғамбарлар падишасы оларды Уәда жотасына 
дейін шығарып салды. Жолға салғаннан кейін артта-
рынан ұзақ қарап тұрды. 
Әскерлер жолда кетіп бара жатып Гераклидың 
жүз мың әскер дайындаған хабарын естиді. Жағдайды 
Аллаһ елшісіне хабарлап-хабарламау туралы екіұдай 


232
Жүрек төрінен орын алған теңдессіз тұлға Мұхаммед (с.а.с.)
пікірге келсе де, тоқтамай ары қарай жүре беруге 
шешім қабылдады. Жолдың соңы шейіттік екенін көре 
тұра кідіріп қалмады. 
Меан деген жерде екі күн аялдағаннан кейін қайта 
жолдарын жалғастырды. Соңында Мәшариф деген 
жерде екі қол бір-бірімен кездесті. Алдарында телегей 
теңіздей нөпір әскер тұрды. Бұл соғыстың сөзсіз бола-
тынын көрсетіп тұрды. Хазірет Зейдтің әскері Мұта 
деген жерге қосынын тігіп, соғысқа сол жерде дайын-
далды. Оң жақ қанатты Құтба ибн Қатада, ал сол жақ 
қанатты Үбада ибн Малик басқарды. 
Ертесі күні таң рауандап атысымен Мұтада 
қылыштар қыннан суырылып, үш мың кісілік иман 
әскерімен екі жүз мың кісілік Византия әскері бетпе-
бет келді. Күш тепе-теңдігі жоқ еді. Екі жүз мың 
кісілік әскер кең алқапта жай жүріп өткеннің өзінде 
бәрін жайпап кетпек. Бірақ нәтиже бұлай болмады. 
Жеті күнге жалғасқан бұл соғыста ардақты расулдың 
айтқанындай кезегімен хазірет Зәйд, хазірет Жағфар 
және хазірет Абдуллаһ шейіт болды. Туды сахабалар 
арасынан Сабит ибн Акрам алып, біршама уақыт іздеп 
Халид ибн Уәлидтің қолына ұстатты. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   76   77   78   79   80   81   82   83   ...   155




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет