2.Операциялық жалдың есебі. Операциялық жалдауды есепке алу кезінде жалға алушы операциялық жалдау кезінде жалдау төлемдерін (жүйелі шығыс төлемге байланысты емес) өзге жүйелі негіз қолданушының пайда алудың уақытша кестесінің артық көрсетуін қамтамасыз еткен жағдайдан басқа жағдайларда жалдау мерзімі ішінде тура сызықты негізде бөлінген шығыстар ретінде көрсетеді. Жалдау төлемдері (жалдау бойынша шығыстар) 7130 «Жал бойынша шығыстар» шотының дебеті және 3260 «Жал бойынша қысқа мерзімді кредиторлық берешек» шотының кредиті бойынша көрсетіледі. Жалға алушы енгізген алдын-ала төлеу сомасы «Өзге активтер мен міндеттемелер» бөліміне сәйкес ескеріледі. Операциялық жалдауға алынған активтерді жалға алушы 01 «Жалға алынған активтер» баланстан тыс шотында ескереді.Жалға берушілер баланста осындай активтердің сипатына қарай операциялық жалдау шартындағы активтерді ұсынады. Келіссөздер жүргізу кезінде жалға беруші тартқан алғашқы тікелей шығындар және операциялық жалдау бойынша жалдау шартын ұйымдастыру жалдау активінің баланстық құнына қосылады және жалдау мерзімі бойы жалдау кірісі сияқты негізде шығыс ретінде танылуы тиіс. Операциялық жалдан жалдау кірісі (сақтандыру және қызмет көрсету сияқты ұсынылған қызметтер үшін түсімдерді қоспағанда) өзге жүйелі негіз жалдауға алынған активтен пайданың азаю уақытша кестесін артық ұсынуды қамтамасыз еткен жағдайларды қоспағанда, кірістер құрамында жалдау мерзімі бойы тура сызықты негізде танылады. Операциялық жалдаудан түсетін кіріс былайша көрсетіледі: 1270 «Жал бойынша қысқа мерзімді дебиторлық берешек» шотының дебеті және 6220 «Активтерді басқарудан алынатын өзге де кірістер» шотының кредиті. Жалдаудан сыйақылар бойынша кірістер бюджеттің кірістері болып табылады (активтерді басқарудан түсетін кірістерді аудару «Дебиторлық және кредиторлық берешектер» бөлімінде қарастырылған).Шығындар, оның ішінде жалдау кірісін алу кезінде тартқан шығындар шығыстар құрамында танылады, бұл кезде мынадай тізбек жүзеге асырылады: 7110 «Ұзақ мерзімді активтердің амортизациясы бойынша шығыстар» шотының дебеті және 2391 «Негізгі құралдардың жинақталған амортизациясы» қосалқы шотының кредиті.
Жалдауды құжаттамалық ресімдеу жалға беруші мен жалға алушы арасында жасалған жалдау шартын жасаудан басталады.
Жалға берілген активтерді талдамалы есепке алуды жалға берушілер бойынша активтердің әр объектісі бойынша (жалға берушінің түгендеу нөмірлері бойынша) Нысандар альбомының 296-а нысанды карточкаларында жүргізіледі. «Операцияның мазмұны» бағанында шалдау шартының нөмірі мен күнін, жалға берушінің атауын көрсету қажет.