сияқты оның принциптері де жеке және жалпы болып екіге бөлінеді.
Басқарудың жалпы принциптері әмбебап сипатта болатындығымен және
басқарудың барлық сферасы мен халық шаруашылығының барлық
салаларына ықпалын тигізетіндігімен сипат-талады.
Басқарудың
жалпы
принциптеріне
мақсаттылық,
жоспарлылық,
құзыреттілік, тәртіптілік, ынталандыру, иерархия Мақсаттылық принципі
басқарудың бағдарламалы-мақсаттық мәнімен анықталады және әрбір
кәсіпорын мен оның бөлімшелерінің алдына айқын мақсатты қойғандығын
ұйғарады. Бұл орайда мақсат нақты, жетуге болатын және деректі анықтал-
ған шекті болуы керек, сонда ғана бұл оның орындауға персоналдың күшін
жұмылдырады және оның жұмысына дұрыс мағына береді. Мақсаттылық
принцип мақсаттарды қоюды ғана емес, онымен қатар олардың қажетті
ресурстармен аралық қатынасына қатысты болғанын ұйғарады. Бұл орайда,
мақсаттардың оларға жетуге қажетті басты ресурстармен байланысын
қамтамасыз ету ғана емес, осы мақсаттарға жетуге кедергі жасайтын ең әлсіз
буынға назарды аударған жөн. Басқарудың жоспарлау принципі де
бағдарламалы-мақсатты
басқарумен
байланысты
және
іс-қимылдың
бағдарламасын жасауды, оны жүзеге асыруды алдын-ала қарастырады.
Құзыреттілік принцип пен жердің басқару объектісі бойынша білімнің
болуынан немесе ең жоқ дегенде шешім қабылдаған уақытта маманның
құзыретті консультациясын дұрыс ұғыну қабылетінен көрінеді. Құзыреттілік
принцип басқарудың функциялары бойынша еңбектің жатық бөлінісімен
байланысты.
Басқарудың
ажырамайтын
принципі
тәртіптілік,
бұл
басқарудың қандай жүйесі қай сатыда болса да сақталуы керек.
Тәртіптілік басшының нұсқауын, лауазымды қызметтің міндеттерін,
инструкцияларды, бұйрықтарды және басқа директивтік құжаттарды сөзсіз
орындағанды ұйғарады. Ынталандыру принципі ең алдымен материалдық
және моралдық стимулдарды пайдаланудың негізінде еңбекті іс-жұмысқа
сылтауратуды ұйғарады. Материалдық ынталандыру жұммыскерлердің еңбек
нәтижесіне қарасты жеке экономикалық мүдделігіне негізделсе, ол моралдық
негізінен жұмыскерлерге психологиялық әсер көрсетуден тұрады. Иерархия
принципі басқару еңбектің тік бөлінісін көрсетеді, яғни басқарудың
сатыларын бөлінуін және басқарудың төменгі сатылардың жоғарыдағыларға
бағынғандығын көрсетеді.
Достарыңызбен бөлісу: