- басшылық белгілері;
- бағынушылар белгілері;
- топтың алдындағы шешілуге тиіс мәселелер белгілері. Басқару
теориясын жүзеге асыра алатын басшы келесі қырларымен көрінуі тиіс:
А) өзіне сенімділігі;
Б) жоғары білімді;
В) бағынушылар ұсыныстарын бағалай алуы;
Г) қызметкерлердің шығармашылық қасиеттеріне бағыт бере алуы.
Қосымша басшылық бағынушылардың белгілі бір типіне тиімді болып
келеді. Бұл үлгі келесі адамдарға тиесілі:
А) білімі, біліктілігі, тәдірибесі жоғары орындағы;
Б) тәуелсіздікке қажеттілік;
В) шығармашылыққа, жеке көтерілуге қатты құмарту;
Г) стратегиялық мақсаттарға жөн сілтей алуы;
Д) қатынастағы тепе – теңдікке талпыну
Қосымша басқару үлгісі белгілі бір тапсырмалар типіне сәйкес келеді:
А) шешімнің көптігі;
Б) жоғары мамандандырылған орындау мен теориялық талдау;
В)орташа күш жұмсалатын жұмыстар
Басқару іс-әрекетін талдауға деген, оны іс-әрекет пен ұйымдастыру
деңгейінде қарастыруды білдіретін психологиялық тәсіл құрылымдық-
морфологиялық талдау ұғымымен белгіленеді. Ол басқару іс-әрекетін оны
талдаудың басқа тәсілдерімен (оның жеткіліксіздігінен) сабақтастыра
қарастыру негізінде қолданылады.
Басқару іс-әрекетін талдауға рөлдік тәсіл. Бұл тәсілді алғаш рет
Г.Минцберг «Еңбекті басқару табиғаты» еңбегінде ұсынды. Ол рөлді нақты
мекемеге немесе нақты қызметке тиісті мінез-құлық ережелерінің жиынтығы
ретінде анықтайды. Ол 3 категорияға біріктірілген 10 негізгі басқару
рөлдерін атап көрсетеді.
Тұлғааралық рөлдер:
Бас жетекшінің рөлі. Символикалық түрде құқықтық немесе әлеуметтік
сипаттағы қарапайым міндеттерді орындайтын жетекші.
Көшбасшы
рөлі.
Қарамағындағылардың
мотивациялануы
мен
белсенділенуіне қызметкерлерді таңдау мен дайындауға жауапты адам.
«Байланыстырушы буын» рөлі. Сыртқы байланыстар жүйесі мен ақпарат
көздерінің жұмысын қамтамасыз етуші адам.
Ақпараттық
рөлдер:
«Ақпарат
қабылдаушы»
рөлі;
Ақпарат
таратушының рөлі; Уәкілдің рөлі. Осы сала мәселелері бойынша сарапшы.
Шешім қабылдауға байланысты рөлдер: Кәсіпкер рөлі. Жетілдірудің
алуан түрлі жобаларын жасайды және бақылайды; Тәртіп бұзушылықты
жоюшы рөлі. Маңызды шешімдер кезінде іс-әрекетті реттеуге жауапты адам;
Ресурстарды таратушының рөлі; Келіссөз жүргізуші адам рөлі. Г.Минцберг
бойынша бұл рөлдерді жүзеге асыру тәсілі дегеніміз – басқару іс-әрекеті
процесінің мазмұны екендігін айтқан.
Достарыңызбен бөлісу: