Microsoft Word 1-8 тақырыптар лекция


    «Сакс  пен  Левидің  аяқталмаған  ұсыныстары»  әдістемесінің



Pdf көрінісі
бет13/80
Дата25.02.2022
өлшемі1,75 Mb.
#26435
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   80
Байланысты:
psihologia lecture

3.2    «Сакс  пен  Левидің  аяқталмаған  ұсыныстары»  әдістемесінің 
көмегімен адам катынасының бағытын және  жүйесін зерттеу 
Бұл  әдістеме  жобалау  тобына  жатады  және  15  топқа  бөліп  қарастыруға 
болатын  60    аяқталмаған  ұсыныстан  тұрады.  Ол  топтардың  әрқайсысы 
белгілі  бір  дәрежеде  отбасына,  қарама-қарсы  жынысты  өкілге,  қызметтік 
лауазымы жағынан жоғары тұрғандар мен бағынышты тұлғаларға, т.б. деген 
қатынас  жүйесін  сипаттайды.  Ұсынылғандар  негізінде  нақты  ұйымның 
ерекшелігі  мен  зерттеу  мәселелерін  ескеруге  мүмкіндік  беретін  аяқталмаған 
ұсыныстардың тізімін құрау әбден мүмкін. 
Жүргізу  тәртібі:    сынақтағыларға  әдістеме  бланктері  таратылады  да, 
басталған  сөйлемдерді  аяқтау  тапсырылады.  Сыналушы  тұлға  үшін  өмірінің 
жеке 
құпиялы 
жақтарына 
қатысты 
кейбір 
сөйлемдердің 
қиынға 
соғатындығын  ескере  отырып,  нұсқау  ішінде  атаулы  зерттеудің  зейінді 
аударту  мен  есті  жаттықтыру  немесе  сөйлемді  тез  құрастыра  білуге  үйрету 
мақсатында  жүргізілетінін  атап  өту  ұсынылады.  Берілген  тапсырмаларды 
орындауда  жауап  беруге  көп  ойланбай,  тез  шешім  қабылдау  шарт.  Осы 
мақсатта уақытпен сыналатындардың қатары шектеулі болуы мүмкін. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   80




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет