Microsoft Word 1-8 тақырыптар лекция


 Басшылық қабілетке биполярлық баға беру



Pdf көрінісі
бет15/80
Дата25.02.2022
өлшемі1,75 Mb.
#26435
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   80
Байланысты:
psihologia lecture

3.6 Басшылық қабілетке биполярлық баға беру 
Басшылық қабілетке биполярлық (екі қарама-қайшылық)  екі жақты баға 
беру  тәсілі  адамдардың  бойындағы  жағымды  немесе  жағымсыз  қасиеттерін 
көре  білу  қабілетіне,  шешім  жасаудағы  кесімділік  пен  ол  жайлы  ұстанымды 


пікірге  негізделеді.  Егер  сыналушы  тұлға  жағымсыз  адамдарды  өмірдегіден 
гөрі жақсырақ қабылдай білсе, яғни шын мәнінде адамдарды бағалауда нақты 
шешім  қабылдай  алмаса,  онда  оларда  көшбасшылық  қасиеттердің  белгілері 
жоқ екендігіне негізделеді. 
Сыналушы адамнан таныстарының арасынан екі адамды ойша таңдап алу 
сұралады:  бірі  –  бірлесіп  жұмыс  істеуге  лайық  жағымды  тұлға,  екіншісі  – 
бірлесіп  жұмыс  істеп,  ортақ  тіл  табысуға  қиын  адам.  Аталған  адамдардың 
аты-жөнін  жазып,  оның  сол  жағына  жағымды  қасиеттерін,  оң  жағына 
жағымсыз қасиеттерін сауалнаманың ішіне енгізу керек. 
Бірінен  кейін  бірін  он  қасиетті  қарастырып  сыналушы  тұлға  оларды  әр 
адамға  қарастырып  талдайды.  Сол  жағына  аталған  қасиет  жақын  адамға,  оң 
жағына ондай қасиеттен алыс адамға баға береді. Оның үстіне, бағаны толық 
баған (шкала) бойынша қойып шығу  қажет: 5 – егер алынған қасиет  жоғары 
даму  деңгейіне  ие  болса;  4  –  егер  алынған  қасиет  жақсы  дамыған  болса;  3  – 
егер  алынған  қасиет  анықталмаған  болса;  2  –  егер  алынған  қасиет  нашар 
дамыған  болса  және  кері  мағынада  айқындалса;  1  –  егер  алынған  қасиет 
үнемі жағымсыз сипатта айқындалса. 
Бағаларды  қойып  шыққаннан  кейін  сыналушы  тұлға  лайық  адамға 
қатысты  ұпайлардың  санын  шығарады  және  одан  бөлек  екінші  адамға 
қатысты  берілген  бағаларды  санайды.  Содан  кейін  алғашқы  сомадан  екінші 
соманы  алып  тастап,  сауалнаманың  ішінде  көшбасшылық  көрсеткішін 
анықтайды. 
Соңында толтырылған сауалнаманы қарастыра отырып, берілген бағалар 
мен  көшбасшылық  көрсеткішін  талдау  қажет.  Көрсеткіш  жоғары  болған 
сайын,  сыналушы  тұлғаның  бойында  көшбасшылық  қасиеттерінің  болу 
мүмкіндігі  жоғары  бола  түспек.  Сонымен  қатар  берілген  бағалар  сыналушы 
тұлғаның  бойында  қандай  қасиеттің  дамығандығын  анықтауға  мүмкіндік 
береді.  Бұл  адам  өзіне  тән  қасиеттерді  басқа  адамдардың  бойына 
қатыстыратындығымен  және  өзінде  жоқ  қасиеттерді  жоққа  шығарумен 
түсіндіріледі.  Егер  көшбасшы  сынаққа  алынған  адамдарды  топтық  талқыға 
салуды  ұйымдастырса,  онда  биполярлық  баға  беру  тәсілінің  объективтілігі 
артады. 
Белгілі  бір  берілген  тақырыпқа  шығарма  жазудың  көмегі  арқылы  да 
көшбасшылыққа  баға  беруге  болады.  Сыналушы  тұлғаларға  бір  қағаздың 
бетіне  төмендегі  сұрақтарға  қысқаша  жауап  беру  тапсырмасы  беріледі: 
«Адамдардың  үстінен  басшылық  жасай  аласыз  ба?»,  «Ұжымның  арасында 
сыйласымдылық  пен  беделге  ие  бола  аласыз  ба?»,  «Қиын  сәттерде  бәрінен 
озып  шығуға  қабілетіңіз  жете  ме?  Егер  келіссеңіз,  өз  өміріңізден  мысал 
келтіріңіз». 
Сонымен  жауап  беру  негізінде  жазылған  шығарма  талқыға  салынып, 
сыналушы өзін басшы ретінде қалай есептейтініне қорытынды жасалады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   80




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет