мүмкіндік береді. Аффективті стиль, керісінше, қатынас үрдісінің өзіне,
әңгімелеушінің сезімі мен сұранысына бейімделуге, топтық үйлесімге
жетісуге бағдарланған. Бұл аффективті стиль кезінде адамның байқап
сөйлеуіне, оқыс пікір айтудан сақтануына соқтырады. Сол үшін
дәлсіздіктерге сүйеніп, тура, кесіп айтудан қашқақтайды. Әңгімелесуші екі
жақ та осы стильді ұстанса, айтылғанды түсіндіру, оны тексеру проблемасы
үнемі
туындайды,
бұны
жанама
түрде
жүргізуге
тура
келеді.
Мұндай
жағдайда не айтылғаны емес
, не істелгені маңызды. Әр жағдайда
коммуникация стилі белгілі бір мәдениеттің негізінде жатқан құндылықтар
мен нормаларды, әлемді өзіндік танымында көрсетеді.
Сөйтіп, коммуникация, тіл, қоғам, мәдениет сияқты ұғымдар түрлі
мәдениет иелерінің арасындағы қатынаста тілдік сәйкессіздік туу
тұрғысынан мәдениетаралық коммуникациясын маңызын ашу үшін
теориялық негіз жасауға ықпал етті. Тілдің қоғам коммуникациясының
негізгі құралы болып табылатынын нақтыладық. Тілдің байлығы мен маңызы
жеке халықтың мәдени факторлары арқылы ашылады. Мәдениетаралық
коммуникациясының мәнін қолданбалы сипаттағы жеке ғылым ретінде
анықтадық. Коммуникацияда қатынас стилінің маңыздылығы оның
көмегімен түрлі жағдайда түсіністік орнауында, коммуникация бойынша
серікке қатынастың қалыптасуында деген пікірге келдік.
Достарыңызбен бөлісу: