ҚазҰУ Хабаршысы. География сериясы. 2010, №2 (31)
17
Қазақстанның экспортқа шығаратын тауарларының басым бөлігі:
мұнай мен газ
конденсаты – 26,4%, ұн – 22,4%, мұнай өнімдері – 11,1%, құбыр – 10,8% үлесіне тиеді. Ал
импортта табиғи газ үлесі – 42,3%, темір илектері – 15,8, цемент – 13,7, шыны – 6,2%-ды
құрайды.
Қазақстанның Қырғызстанмен сауда айналымы 2000–2008 жылдары 6,9 есеге өсті.
Барлық сауда айналымының 11,7%-ы Қазақстанның үлесіне тиеді. Қазақстан экспортында
басты тауарлар үлесі: бидай – 18,7%, көмір – 9,3%, мұнай өнімдері – 9,1%, ұн – 9,1,%-ды
құрайды, ал импортта цемент бұйымдары – 27,2%, электроэнергия – 14,4%, сүт өнімдері –
11,3%-ды құрайды.
Қазақстанның Тəжікстанмен сауда айналымы 2000–2008 жылдары 4,8 есеге өсті.
Барлық сауда айналымында Қазақстанның үлесі 5,7%-ды құрайды.
Экспортта тауарлардың
басым бөлігі: ұн – 47,9 бидай – 17,1, мұнай өнімдері 6,9%-ды құрайды.
Қазақстанның Түркіменстанмен 2000–2008 жылдары сауда айналымы 8,7 есеге
ұлғайды. Барлық сауда айналымында Қазақстанның үлесі – 2,5%-ды құрайды. Экспортта
65,8% бидайдың, ал импортта 84,7% табиғи газдың үлесіне тиеді.
Қорытындылай келсек, Орталық Азияда Қазақстан
Республикасының негізгі
экономикалық көрсеткіштері бойынша алдыңғы қатарда тұрғанын көреміз жəне аймақ
бойынша көптеген мəселелерді шешуге жетекші рөл атқаратынына көз жеткізуге болады.
Орталық Азия елдерінде интеграциялық үрдісті жан-жақты
дамыту аймақтың ілгері
дамуына, экономикалық тəуелсіздігіне жəне халықаралық еңбек бөлінісінде өз орны мен
үлесін таба білуге,
шеткері оқшау қалудан сақтауға, алпауыт елдердің минералдық шикізат
базасына айналмауына əсерін тигізеді.
1. Дюсекеева Ш.Е. Физическая география зарубежной Центральной Азии. – Караганда: Санат–Полиграфия,
2008. – 90 с.
2. Кожахмет М. Орталық Азия аймағындағы Қазақстанның орны // Ғылым жəне білім «Қазақстан-2030»
стратегияның жетекші факторы (№ 2 Сағынов оқулары). Халықаралық ғылыми конференциясының
еңбектері, 24–26 маусым 2010ж., ІV бөлім. – С. 342–343.
3. Алшанов Р. Экономика Центральной Азии: перспективы и взаимодействия // Казахстанская правда, 17 июля
2009 г.
4. Кастер С. Қытайдың нарықтық шаруашылығы дамуының экономикалық-географиялық негіздері жəне оның
Қазақстанмен байланысы. – Алматы: Бастау, 2005. – 120 б.
5. Казахстан и страны СНГ. – Астана: Агентство статистики. – № 1. – 2003–2009 гг.
Достарыңызбен бөлісу: