Microsoft Word на 5 формат doc


модификацияланған  өнiмдер



Pdf көрінісі
бет43/100
Дата31.12.2021
өлшемі1,42 Mb.
#23839
1   ...   39   40   41   42   43   44   45   46   ...   100
Байланысты:
клеткалық биотехнология негіздері

модификацияланған  өнiмдер - бұл  ДНҚ-на  ерекше  табиғаттан 
берiлмеген ген енгiзiлген өсiмдiктерден алынған өнiмдер, оның 
арқасында  олардың  бойында  əртүрлi  жаңа  қасиеттер  пайда 
болады.  
Өсiмдiктердiң  жаңа  түрлерiн  жасауда  үш  кезеңдi  бөледi
Бiрiншi-вирустарға,  паразиттерге  немесе  гербицидтерге  қандай 
да бiр жаңа тұрақтылық қасиетi бар өсiмдiктердi жасау. Бiрiншi 
кезеңде  өсiмдiктiң  түрлерiн  жасауда  салыстырмалы  шапшаң 


 
63
жетiстiк  енгiзiлген  тұрақтылық  қасиетi  бiр  генмен  айқындала-
тынымен  түсiндiрiлдi,  ал  гендер  көзi  өсiмдiктердiң  вирустары 
немесе  топырақ  бактериялары  (жəндiктерге,  гербицидтерге 
тұрақтылықты кодтайтын гендерi) болды. Бiрiншi кезекте - бұл 
майлы  дақылдарында  өзгертiлген  май  құрамы,  сондай-ақ 
құрамында  витаминдерi  көп  жемiс  пен  көкөнiс,  құнарлығы 
жоғарылатылған бидай дақылдары жəне т.б.  Екінші кезең - жаңа 
агрономдық  функциялық  қасиеттерi  бар  өсiмдiктердi  жасау. 
Бүгiнде  əлемнiң  жетекшi  зертханаларында  үшiншi  кезеңнiң 
өсiмдiктерi жасалуда жəне таяудағы он жылда олардың нарыкқа 
шығуын  күтуге  болады.  Кейбiр  қағидағы  бағыттар  туралы  сөз 
қозғасақ:  өсiмдiктер – вакциналар,  пластиктiң  əртүрлi  түрлерi, 
бояуыштар  (мысалы,  индиго),  техникалық  майлар  жəне  қоз-
ғауыштарға арналған қондырғылар секiлдi индустриялы өнiмдердi 
өндiру жөнiндегi өсiмдiктер - фабрикалар.  
Гендік инженерия əдісі көмегімен бактериялардың геномына 
жаңа  гендерді  плазмида  арқылы  яғни  сақина  тəрізді  біртізбекті 
ДНК  арқылы  еңгізуге  болады.  Будандық  плазмидаларды,  яғни 
құрамында бізге қажетті генмен болатын плазмидаларды, E.coli 
дақылдарына қосады. Бактерияларда плазмида сіңіп ген ретінде 
қызмет етеді, сонымен қатар плазмида  бактериялық  жасушаларда 
көбейіп  жаңа  ақуыздын  синтезін  қамтамасыз  етеді.  Одан  кейін 
рекомбинанттық  ДНК  өсімдіктердің  тірі  жасушаға  енгізіледі. 
Жаңа геннің экспрессиясы өтеді де, жасуша бөтен ген белгілей-
тін  ақуызды  синтездей  бастайды.  Вектор  ретінде  агробактерия 
плазмидалар,  хлоропластық  жəне  митохондриялық  ДНҚ,  жыл-
жымалы генетикалық элементтер, вирустар қолданылады. Бөтен 
ДНҚ  өсімдік клеткасына электропорация мен биобаллистика 
əдістері арқылы тікелей енгізуге болады (6-сурет).  
Электропорация жасуша мембранасында қосымша саңылау-
дың  пайда  болуына  əкеледі.  Электротоқ (1-2 кВ/см  разряд 
арқылы)  жасушалық  мембрананы  немесе  вольфрам,  кремний 
түйіршіктерді  гелий  газ  көмегімен  атқылайды  да  мембрананы 
теседі. Өсімдік клеткасына ДНҚ микроинъекция арқылы енгізуге 
болады.  Ол  үшін    микроманипуляторды  жəне  арнайы  инелерді 
пайдаланады (иненің сыртқы диаметрі 2 мкм, ішкі диаметрі -1-
1,5 мкм болу керек).    
 


 
64
 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   39   40   41   42   43   44   45   46   ...   100




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет