Microsoft Word положения docx


Директор ТОО «VTA Kazakhstan» Есимов Г.Г



бет4/4
Дата18.10.2023
өлшемі248,65 Kb.
#118061
1   2   3   4
Байланысты:
Положение о службе безопасности и охране труда

Директор
ТОО «VTA Kazakhstan» Есимов Г.Г.




«VTA Kazakhstan» ЖШС
180840006499 БСН
Қазақстан Республикасы,
Алматы қаласы, Медеу ауд.
Қажымұкан көшесі, 86 үй,
A26F9M6 пошта индексі
email: info@vta-kz.com

телефон: +7 727 354 13 13



ТОО «VTA Kazakhstan»
БИН 180840006499
Реcпублика Казахстан,
город Алматы, район Медеуский,
улица Хаджи Мукана, дом 86,
почтовый индекс A26F9M6
email: info@vta-kz.com
телефон: +7 727 354 13 13






ҰЙЫМДАҒЫ ЕҢБЕК ҚАУІПСІЗДІГІ ЖƏНЕ ЕҢБЕКТІ ҚОРҒАУ ҚЫЗМЕТІ ТУРАЛЫ ЕРЕЖЕ

  1. тарау. Жалпы ережелер

    1. Ұйымдағы еңбек қауіпсіздігі жəне еңбекті қорғау қызметі туралы үлгілік ереже (бұдан əрі – Үлгілік ереже) Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 23 қарашадағы Еңбек кодексінің (бұдан əрі – Кодекс) 16-бабының 28) тармақшасына жəне 202-бабының 2-тармағына сəйкес əзірленді жəне өндірістік қызметті жүзеге асыратын, қызметкерлерінің саны елуден асатын ұйымдардағы (бұдан əрі – Ұйым) еңбек қауіпсіздігі жəне еңбекті қорғау қызметінің (бұдан əрі – Қызмет) жұмысын регламенттейді.

    2. Қызмет өз жұмысында мемлекеттік еңбек инспекциясы органдарымен, басқа да мемлекеттік қадағалау жəне бақылау органдарымен, Ұйымның құрылымдық бөлімшелерімен жəне мамандарымен, жұмыскерлердің өкілдерімен өзара іс-қимыл жасайды.

  2. тарау. Қызметтің негізгі міндеттері

    1. Қызметтің негізгі міндеттері:

  1. еңбек қауіпсіздігі жəне еңбекті қорғау бойынша ұйымдастырушылық-техникалық іс- шаралар жүргізу;

  2. Ұйымның құрылымдық бөлімшелерінде еңбек қауіпсіздігі жəне еңбекті қорғау жөніндегі жұмысты ұйымдастыру жəне үйлестіру жəне еңбек қауіпсіздігі жəне еңбекті қорғау бойынша, жұмыскерлердің еңбек қауіпсіздігі жəне еңбекті қорғау жөніндегі нормативтік құқықтық актілердің талаптарын орындауын ішкі бақылауды жүзеге асыру болып табылады.

  1. тарау. Қызметтің құқықтары мен міндеттері

    1. Кодекстің 202-бабы 4-тармағына сəйкес Қызмет:

  1. өндірістік, тұрмыстық жəне басқа да үй-жайларға кедергісіз кіреді жəне тексеріп қарайды;

  2. Ұйымның құрылымдық бөлімшелерінде қауіпсіз жəне саламатты еңбек жағдайларын жасау, өндірістік жарақаттану жəне кəсіптік аурулардың алдын алу жөніндегі профилактикалық іс- шаралардың əзірленуін жəне орындалуын бақылауды жүзеге асырады;

  3. осы Үлгілік ережеге қосымшаға сəйкес нысан бойынша Ұйымның құрылымдық бөлімшелерінің жұмыскерлеріне анықталған еңбек қауіпсіздігі жəне еңбекті қорғау талаптарының бұзушылықтарын жою жөнінде шаралар қабылдау туралы орындалуы міндетті нұсқаулар береді.

    1. Кодекстің 202-бабы 5-тармағына сəйкес Қызмет:

  1. ай сайын Ұйымда өндірістік жарақаттану мен кəсіптік аурулардың жай-күйі мен себептеріне талдау жүргізеді жəне олардың алдын алу жөнінде іс-шараларды əзірлейді;

  2. жұмыскерлерді, басшылар мен еңбек қауіпсіздігін жəне еңбекті қорғауды қамтамасыз етуге жауапты адамдарды еңбек қауіпсіздігі жəне еңбекті қорғау мəселелері бойынша оқытуды, нұсқау беруді жəне білімін тексеруді ұйымдастырады;

  3. Ұйымда өндірістегі жазатайым оқиғаларды тергеп-тексеру тəртібінің сақталуын қамтамасыз етеді.

  1. тарау. Қызмет жұмысын ұйымдастыру

    1. Кодекстің 202-бабына сəйкес Қызмет Ұйымның бірінші басшысына немесе ол уəкілеттік берген адамға тікелей бағынады.

Қызметті Ұйымның бірінші басшысы тағайындайтын оның басшысы басқарады.

    1. Өндірістің ерекшелігін, жұмыскерлер санын, еңбек жағдайларын, өндіріс зияндылығын жəне басқа да факторларды ескере отырып, осы Үлгілік ереже негізінде жұмыс беруші Еңбек қауіпсіздігі жəне еңбекті қорғау қызметі туралы ережені əзірлейді жəне бекітеді, Кодекске сəйкес оның құрылымын, мамандарының санын, негізгі міндеттерін, функцияларын жəне құқықтарын айқындайды.

  1. тарау. Қызметтің функциялары

    1. Қызметтің басшысы өндірістегі жазатайым оқиғаларды тергеп-тексеру жөніндегі комиссияның мүшесі болып табылады жəне Ұйымның басқа да бөлімшелерімен бірге өндірістегі жазатайым оқиға туралы актіні толтырады жəне оған қол қояды.

    2. Негізгі міндеттеріне сəйкес Қызмет мынадай функцияларды орындайды:

      1. Ұйымның құрылымдық бөлімшелерінен Қызметтің құзыретіне қатысты мəселелер жөніндегі ақпаратты жəне материалдарды белгіленген тəртіппен сұратады жəне алады;

      2. Ұйымда еңбек қауіпсіздігі жағдайының жай-күйін қадағалайды, еңбекті қорғауды басқару жүйесін əзірлеуді, енгізуді жəне оның тиімді жұмыс істеуін қамтамасыз етеді;

      3. Ұйым басшылығына саламатты жəне қауіпсіз еңбек жағдайларын жасау бойынша жұмыстың ұйымдастырылуын жақсарту жөнінде ұсыныстар əзірлейді жəне енгізеді;

      4. оқыту бағдарламаларын келіседі жəне жұмыскерлерді еңбек қауiпсiздiгi жəне еңбектi қорғау мəселелерi бойынша оқытуға қатысады;

      5. еңбек қауіпсіздігі мен еңбекті қорғау мəселелерін талқылау кезінде ұжымдық шарт жасасу жөніндегі келіссөздерге қатысады;

      6. салынған өндірістік мақсаттағы объектіні пайдалануға қабылдап алуға қатысады;

      7. еңбек қауіпсіздігі жəне еңбекті қорғау жөніндегі нормативтік-техникалық құжаттармен қамтамасыз ету, еңбек қауіпсіздігі жəне еңбекті қорғау кабинеттерін қажетті оқу құралдарымен, макеттермен, анықтамалық əдебиетпен, плакаттармен, техникалық құралдармен жабдықтау жөнінде шаралар қабылдайды;

      8. кəсіпорын басшысының тапсырмасына сəйкес Қызметтің құзіретіне қатысты мəселелер бойынша жұмыскерлердің хаттарын, өтініштерін жəне шағымдарын қарайды;

      9. өндірісте кəсіптік аурулар мен жазатайым оқиғалардың алдын алу жөніндегі іс-шараларды əзірлеуге қатысады;

      10. бөлімшелерге еңбек қауіпсіздігі жəне еңбекті қорғау бойынша жұмыста əдістемелік көмек көрсетеді;

      11. мыналарды:

мемлекеттік еңбек инспекциясының жəне өзге де мемлекеттік қадағалау жəне бақылау органдарының еңбек қауіпсіздігі мен еңбекті қорғау бөлігіндегі шешімдерінің орындалуын;
еңбек қауіпсіздігі мен еңбекті қорғау жөніндегі қағидалардың, нормалардың, стандарттардың енгізілуін;
еңбек қауіпсіздігі мен еңбекті қорғау мəселелері жөніндегі Ұйымның бірінші басшысының бұйрықтары мен өкімдерінің орындалуын;
еңбек қауіпсіздігі мен еңбекті қорғау кабинеттері жұмысының ұйымдастырылуын жəне жұмыстың озық тəжірибесінің енгізілуін;
арнайы киім, арнайы аяқкиім жəне басқа да жеке қорғаныш құралдарын сатып алудың, сақтаудың, жуудың, химиялық тазалаудың, кептірудің, шаңнан арылтудың, зарарсыздандыру мен жөндеудің ұйымдастырылуын жəне жұмыскерлердің ұжымдық қорғаныш құралдарымен қамтамасыз етілуін;
тиісті қызметтердің жабдықты, машиналар мен механизмдерді қажетті сынақтардан жəне техникалық куəландырулардан уақтылы өткізуін, зиянды өндірістік факторлардың өлшемдерін өлшеу кестелерінің сақталуын;
еңбек қауіпсіздігі мен еңбекті қорғау жөніндегі қолданыстағы нормалардың, қағидалар мен нұсқаулықтардың өндіріс процесінде, сондай-ақ жаңа реконструкцияланатын өндірістік объектілердің жобаларында сақталуын ішкі бақылауды жүзеге асырады;

      1. жұмыс берушінің келісімі бойынша (не оның рұқсаты бойынша) мемлекеттік еңбек инспекциясына ақпаратты, мəліметтерді, бекітілген есептерді немесе өзге де құжаттарды не көшірмелерін қағаз жəне электрондық жеткізгіштерде оның міндеттеріне сəйкес ұсынады;

      2. Ұйымның бөлімшелеріне еңбек жағдайлары зиянды жəне қауіпті жұмыстарда істейтін кезекті медициналық тексеріп-қарауға жəне тексеруге жататын адамдардың аты-жөні бойынша тізімін құрастыруда əдістемелік көмек көрсетеді;

      3. Кодекстің 183-бабына сəйкес басқа қызметтермен бірлесіп, өндірістік объектілерді еңбек жағдайлары бойынша аттестаттауды өткізуді ұйымдастырады.





Директор
ТОО «VTA Kazakhstan» Есимов Г.Г.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет