Microsoft Word Послед doc



Pdf көрінісі
бет10/67
Дата27.03.2023
өлшемі0,83 Mb.
#76618
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   67
жарық.
Қар
қалың
. Ауа райы 
жақсы.
Сапалық есім 
баяндауыштар бастауыштардан оқшауланып, айырым интонациямен айтылады. 
Ондайда бастауыштардың айтылу əуені көтеріңкі болады да, баяндауыштардың 
айтылу əуені одан төмен болады. Сапалық есімдерден болған баяндауыштар 
I,II жақтық жіктік жалғауларда айтылғанда, олар бастауыштан онша 
оқшауланбайды, мұндайда екі бас мүше бір сыдырғы əуенмен айтылады: Біз 
бақыттымыз.
Сен
əдептісің
. Сіз
еріншексіз
. Біз
он
алтымыз
. Біз 
жиырма 
төртпіз 
(Ғ. Мүсірепов). Мен 
елу
екідемін
(Ғ. Мұстафин)» - осылай сапалық 
есімдерден жасалған баяндауыштардың ерекшелігін атап өтеді. «Есімдіктер қай 
сөз табына қатысты сөздердің орнына жүрсе, сол сөзге тəн синтаксистік қызмет 
атқарады. Солай болғандықтан, есімдіктердің бірі де баяндауыш бола алады. 
Дегенмен бұл қызметте жіктеу, сілтеу, сұрау есімдіктері жиі кездеседі: -Бұл 
кім 


16
өзі
?
(Ғ. Мұстафин). – Ол 
сенсің 
ғой, Абай? Жидебайдағы қыстаудың ең үлкен 
бөлмесі  
осы
(М. Əуезов). Автор сонымен бірге «бар», «жоқ» сөздерінің де 
баяндауыш қызметінде жұмсалуын көрсетеді. Ғалымның 1971 жылы 
Т. Қордабаевпен бірге жазған «Қазіргі қазақ тілі» оқулығында да «Хабарлы 
сөйлем» тараушасында баяндауыштарының қай сөз табынан жасалуына қарай 
етістікті жəне есімді болып бөлінеді деп жазады. 1992 жылы шыққан «Қазіргі 
қазақ тілі» Синтаксис тарауында есімді сөйлемдер туралы пікірі айқын 
көрінеді. Ғалым есімді сөйлемдер туралы ойын 1997 жылы Т. Сайрамбаевпен 
бірге шығарған «Қазіргі қазақ тілі» еңбегінде жалғастырады. Мысалы, хабарлы 
сөйлем: Күн жылы. Түн жым-жырт. Жел де жоқ Бірақ сəл ғана білінген 
салқын бар. Баяндауыштары жылы, жым-жырт сын есімдері жəне жоқ, бар 
сөздері арқылы есімді сөйлемдер жасалған. 
-Сұраулы сөйлем: -Əй, тілің бар ма өзіңнің? Неге бұғасың? - Өзі атпен 
баратын жер ме, машинамен баратын жер ме? - Ой, Бəтес, мұның не?Осы 
сөйлемдердің баяндауыштары өзіңнің- ілік жалғаулы өздік есімдігінен, жер ме- 
жалпы есім мен сұраулық шылау арқылы, мұның не-сілтеу есімдігі мен сұрау 
есімдігі арқылы сөйлемді тиянақтап тұр. 
-Бұйрықты сөйлем: Тыңда, дала, Жамбылды! (Жамбыл). –Тарт тіліңді! 
Жоғал көзіме көрінбей! (С. Ерубаев). 
-Лепті сөйлем: Қандай ақылды адам! Тіпті ғажап қарқын! (Ғ. Мұстафин). 
Жеріміз біздің неткен бай! (Х. Ерғалиев). Жаңа қоныс болғанда қандай! 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   67




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет