Microsoft Word Послед doc


Сан есімді есімді сөйлемдер



Pdf көрінісі
бет61/67
Дата27.03.2023
өлшемі0,83 Mb.
#76618
1   ...   57   58   59   60   61   62   63   64   ...   67
Сан есімді есімді сөйлемдер басқа сөз таптарына қарағанда роман-
эпопеяда сирек кездесетін есімді сөйлемнің түрі. Сан есім арқылы жасалған 
есімді сөйлемдер 1 пайыз, ал құрама сан есімді сөйлемдер 1,4 пайыз болса, 
жалпы 2,4 пайыз құрайды.
-Сан есімдер есімді сөйлемде таза түрінде жəне аналитикалық тəсіл 
арқылы келеді. Таза сан есімді есімді сөйлемде есептік, жинақтық, топтау, 
болжалдық сан есімдері кездеседі. Олар дара, күрделі, түрде жəне тəуелдік, 
жіктік, септік жалғауларында да келеді.
-Есептік сан есімді: Абайдың қасындағы жас жігіттер саны он екі. Ал мен, 
шынында, қатардағының бірімін!
- Реттік сан есім мен нумеративті сөздер: Мұнда келгелі биыл бесінші 
жыл. 
-Жинақтық сан есімді: Əлпеншекті Тоғжанмен бірге теуіп тұрып, осы əнге 
сыр бөлеп еді екеуі. 
-Топтау сан есімді: Бəйгенің бəрі де тоғыз-тоғыздан.
-Болжалдық сан есімді: Базаралының туыс, дос көршілерінен құралған 
аулы көп үйлі кедей ауыл, он бес шамасындай. 
-Сан есімді есімді сөйлемді тиянақтауда көмекші есім, шылау, модаль сөз, 
көмекші етістіктер де қатысады: Байтастың мінгені Құнанбайдың қара жал 
бурыл аты, дəмелі бəйге аттың бірі еді. Күткені, тісін басқаны біреу-ақ. –Бар 
мал емес, елу-ақ қой керек. 
-Сан есімдер көмекші сөздер құрамында келіп, тəуелдік, көптік, септік 
жалғауларында да ойды тиянақтайды: Бас тоғызы түйе, екінші тоғызы жылқы, 
аяғы қой, ешкі тоғыздары жəне ішік-кілем сияқты тоғыздар еді. Үйткені, анау 
таудан ағылған нөпірдің сан мөлшері де бір бес жүзден кем емес. 


107
-Салалас құрмалас сөйлемнің екі сыңары да сан есімді:Алдыңғы бəйге түйе 
бастатқан тоғыз, екінші жамбы бастатқан тоғыз.
-Сан есімді есімді сөйлемдер құрмаластың басыңқы сыңарында жиі 
жұмсалады:
Бас жасысы Қоқан керуенінен алған жүз қойлық жібек кілемнен басталса, 
содан ары, ішік жиырма бес, сырмақ, сандық, жиырма бестен. 
-Сан есімді есімді жай сөйлемдердің ішінен жақсыз сөйлем жасалмайды
болымсыз, сұраулы сөйлемдер кездеспеді, роман-эпопеяда жай сөйлемнің басқа 
барлық түрі кездеседі.
-Салалас құрмаластың жалғаулықты жəне жалғаулықсыз ыңғайлас, 
кезектес салалас түрлері жиі кездеседі.
-Сабақтас сөйлемнің шартты бағыныңқылы, мезгіл бағыныңқылы, қимыл-
сын бағыныңқылы жəне аралас сөйлемдер кездеседі. 
-Сан есімді есімді жай сөйлемдер сан есімді құрмалас сөйлемдермен 
салыстырғанда басым. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   57   58   59   60   61   62   63   64   ...   67




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет