Salmonella typhi және salmonella paratephi А және В қоздырғышымен шақырылатын, фекальді-оральді жолмен берілетін, ішектің лимфа аппаратының зақымдалуымен, бактериемиямен, айқын интоксикациямен бауыр мен көк бауырдың ұлғаюымен және розеолезді бөртпемен сипатталтын антропанозды жедел инфекция. Іш сүзегін алғаш сипаттап жазған француз дәрігерлері Ф.Бретанно (1813) және Ш.Луи (1829).
Этиологиясы[өңдеу | қайнарын өңдеу]
Қоздырғышы Salmonella typhi, salmonella para typhi А және В. Туысы – Salmonella, тұқымдасы-Enterobacteriaceal Құрамында:- термотұрақты самтоикалық О-АГ
тағамдық азықты бірнеше күннен бірнеше аптаға дейін
киімде 2 аптаға дейін сақталады
Аурудың қоздырғышы – бактериялар су және топырақта 2 аптадай, жемістер мен көкөністерде 5 – 10 күндей, сары май мен етте 1 – 3 айға, қыздырғанда 50С-қа дейін өз тіршілігін жоймайды. Тек қайнатқанда ғана өледі.
Эпидемиологиясы[өңдеу | қайнарын өңдеу]
Іш сүзегі кең таралған. Инфекция көзі және резервуарі:
Созылмалы бактериятасымалдаушылар- аурудың негізгі көзі болады. Тарау жолдары:
алиментарлы
су арқылы
тұрмыстық-қатынас арқылы
Ауру науқас адамнан, сондай-ақ бактерия тасушылар арқылы жұғады. Аурудың қоздырғышы қоршаған ортаға науқас адамның немесе бактерия тасушының зәрімен таралады. Адамның осы ауруды қабылдау мүмкіншілігі жоғары. Мерзімділігі жаз-күз айлары. Иммунитет: көбінде аурудан кейін ұзақ тұрақты иммунитет қалыптасады.