Микробиология ұғымы, мақсаттары, міндеттері, бөлімдері. мейірбике ісіндегі микробиологияның маңызы


Дифференциалды-диагностикалық орталар



бет31/74
Дата11.01.2023
өлшемі0,89 Mb.
#60961
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   ...   74
Дифференциалды-диагностикалық орталар.Бұл орталарды жалпы микробиологияда әр түрлі субстраттардан бөліп алынған бактериялардың физиологиялық-биохимиялық қасиеттерін анықтап, оларды жіктеу үшін пайдаланады. Ал медициналық және ветеринарлық микробиологияда оларды ауруларды қоздыратын бактерияларды анықтау үшін қолданады. Бұл орталар бактериялардың белгілі бір ферменттерінің, мысалы, каталаза, оксидаза, протеаза, фосфотаза, желатиназа және гемолитикалық ферменттердің бар-жоғын анықтау үшін қажет. Оған қоса, дифференциалды-диагностикалық орталар бактериялардың энергия көзі ретінде қандай заттарды қай жолмен пайдаланатынын анықтауға мүмкіндік береді.
Қоректік орта дайындау:
Жекеленген мүшелерді, ұлпаларды, жасушаларды және протопластарды сәтті өсірудің негізгі шарттардың бірі қатал зарасыздандыруды сақтау. Жасанды өсіруге арналған қоректік орталарда өсімдік ұлпаларда, жасушаларда микроорганизмдер жақсы дамиды да өсірілетін материалға қауіп туғызып жатады, сондықтан да мұқият зарасыздандыру өте қажет. Организмдердің тіршілік әрекеті нәтижесінде қоректік орталардың құрамы өзгереді. Одан басқа жкелеленген ұлпалар мен жасушалар протопластар ерекше тез микроорганизмдермен зақымданады. Сондықтан да барлық зертханалық жұмыстар жекелеген мүшелер, жасушаларн мен ұлпалар және өсімдік протопластары бойынша ламинар – бокстарда өткізіледі. Жұмысқа қажетті барлық материалдар, мақта пробкалары, қоректік орталар, өсімдік материалдар, ыдыстар, инструменттерді және боксты зарасыздандырылады.
Шоғырланған жасушалар мен ұлпаларды өсіруге арналған қоректік орталарда өсімдіктерге қажетті барлық макроэлементтер, дәрумендер, көмірсулар, фитогормондар болуы тиіс. Кейбір қоректік орталарда гидролизат казеині мен белгілі бір аминқышқылдар болады. Осыдан басқа қорктік орталардың құрамына ЭДТА (этилендиаминтетрасірке қышқылы) немесе оның натрий тұзы жасушаларға темірді жеткізуге белгілі бір рН болады. Шоғырланған ұлпалар мен жасушаларды өсіру кезінде қоректік орталарда қажетті компоненттің бірі көмірсулар болып саналады, себебі олар автотрофты қоректенуге қабілетсіз болады. Әдетте көмірсулар көзі ретінде сахароза немесе глюкозаны 20 – 40 г/л концентрациясында қолданады. Жасушалар дифференциясы және жасушалық бөліну индукциялары үшін өсу реттеушілер қажет. Сондықтан да калустық ұлпаларды алу үшін қоректік орталардың құрамына жасушаның дедифференцировканы тудыратын аусиндер мен цитокиндер кіруі керек.
Әдетте қоректік орталарда ауксиндердің көзі ретінде 2,4 дихлрфиноксисірке қышқылын (2,4-Д), 1 – 10 мг/л; индолилсірке қышқылын (ИСҚ) (ИУК) 1 – 30мг/л және нафтилсірке қышқылын (НСҚ) – 0,1 – 2 мг/лпайдалынады (ИСҚ) 2,4 Д қарағанда 30 есе аздау болады. Каллус пайда болу индукциясына әдетте ауксиндердің жоғары концентрациясын пайдаланады, ал кейінгі көшіріліп отырғызу кезінде ұлпа өседі де ортадағы ауксиндердің құрамы бірнеше есе азайтлады.
Жасанды қоректіе қоспаларда цитокиндердің көзі ретінде кинетин 6 – бензилалинопурин (6-БАП),зеатин (0,001 – 10 мг/л) кинетинге қарағанда зеатин мен БАП шоғырланған ұлпалардың өсуін және органогенез индукциясын реттеуде белсендірек болады. Кейбір қорктік қоспалардың құрамына аденин кіреді.
Жеке қоректік орталарда ауксин мен цитокиндерден басқа гибберел қышқылы да (ГҚ) болады. Кейбір жағдайларда қорктік орталарға өсімдік экстрактылары мен шырындарын қосады. Өсуін ең белсендіргіш қасиеттке кокос мен сұйық кокос жаңғағының сұйық эндоспермі ие
Қатты қоректік орталарды дайындау үшін теңіз балдырлардан алатын агар – агар полисарид пайдалынады. Әдетте қатты қоректік қоспаны алу үшін ортаға 5 – 8 % қосады.
Макротұздардың микротұздардың және дәрумендердің ерітінділерін концентрленген түрде дайындау ыңғайлы. Маточный ерітінділерді тоңазытқышта, ал дәрумендерді теріс температурада сақтау керек.
Макротұздардың ерітінділерін 10 – 20 есе концентірленген, микротұздардың 100 – 1000 есе болса, ал дәрумендердің ерітінділері 1000 есе концентрленген болып дайындау керек.
Жасушаларды, ұлпаларды және өсімдіктердің белгілі бір мүшелерін өсіру үшін қоректік орталардың әр түрлі құрамын қолданады.
Өсімдіктердің жасушаларын, ұлпаларын және мүшелерін қолдан өсіру сәтті шығу үшін жасанды органың құрамының жақсы болуымен қатар әртүрлі қолайлы жағдайлар жасалуы қажот. Осы айтылған сөзге жасушаны қолдан өсіру сәтті болуы үшін үнемі температура шамамен 25±2°С болуы қажот деп жалпылай қабылданған шешім дәлел болады. Алайда мұндай дәстүрлі тәсіл ақпараттың аздығынан қолданылған болатын. Өйткені темекінің каллусының өсуіне 32°С, кәдімгі гармалаға 30°С, ипомеяға 30-32°С қажот.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   ...   74




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет