Бастапқы (біріншілік) АИВ инфекциясы: симптомсыз не жіті ретровирусты синдроммен бірлесуі мүмкін.[25] I саты: АИВ инфекциясы симптомсыз жүреді; қандағы CD4+ T жасушаларының саны (CD4 саны деп те аталады) – 1 микролитрде 500 жоғары болады.[25] Бірнеше топ лимфа түйіндері ұлғаю мүмкін (Тұрақты жайылған лимфаденопатия).[25] II саты: Тері мен шырыш қабаттарындағы өзгерістер секілді әлсіз симптомдар мен жоғары тыныс жолдарының қайталамалы инфекциялары. CD4 саны – 500/µl төмен.[25] III саты: бір айдан көп болатын себебі белгісіз созылмалы диарея, өкпе туберкулезі секілді ауыр бактериялық инфекциялар мен CD4 санының 350/µl төмен болуы.[25] IV саты не ЖИТС: ми токсоплазмозы, өңеш, кеңірдек, бронх не өкпе кандидозы, Капоши саркомасы. CD4 саны – 200/µl.[25] CDC жіктемесі[өңдеу | қайнарын өңдеу] 1993 жылы[113] АҚШ Ауруды бақылау және болдырмау орталықтары клиникалық көрініспен қатар лабораторлы көреткіштерді бағалайтын жіктеу жүйесін әзірлеп шыққан, ол 2008 және 2014 жылдары жаңартылған.[112][114], CDC жіктемесіне сәйкес адамға не АИВ инфекциясы, не ЖИТСтің соңғы сатысы деген диагноз қойылады, А3, В3, С1, С2 және С3 санатына жатқызылғандар ЖИТСі бар деп есепке алынады.
CD4 саны (/мкл, %)
Клиникалық санаттар
А — симптомсыз жіті (біріншілік) не ТЖЛП (тұрақты жайылған лимфаденопатия)